13).Азот атомының электрондық формуласын көрсетіңіз:
А). N: В). :N: С). Д). Е).
14).Азоттың тотығу дәрежесі теріс болатын қосылыс:
А).NO2, В).NaNO3, С).NH4Cl, Д). HNO3, Е).N2O5
15).Сұйытылған азот қышқылы мен мыс өзара әрекеттескенде түзілетін затты көрсетіңіз:
А).N2O5, В).NO, С).N2О4, Д). N2O, Е).NH4NO3
16).Аммиак молекуласының пішіні:
А).октаэдрлі
В).тетраэдрлі
С).кубті
Д).пирамидальді.
Е).жалпақ
Тұздар гидролизі
Тұздар гидролизі –тұздың құрамындағы иондары мен су молекулаларының арасында жүретін, нәтижесінде әлсіз электролит молекуласына ие иондары түзілетін реакциялар. Тұздардың гидролизге ұшырауы және олардың судағы ерітіндісіндегі ортасы тұздың құрамындағы иондардың қасиетіне тәуелді.
17).Суда бейтарап орта беретін тұз:
А).NaNO3
В).Na2S
С).NH4Cl
Д).K2CO3
Е).CuSO4
18).Суда ерігенде сілтілік орта түзетін зат:
А).аммоний гидроортофосфаты
В).аммоний ортофосфаты
С).аммоний дигидроортофосфаты
Д).натрий ортофосфаты
Е).алюминий ортофосфаты
19).Суда ерігенде қышқылдық орта түзетін зат:
А).натрий нитраты
В).аммоний нитраты
С).литий нитраты
Д).барий нитраты
Е).калий нитраты
20).Гидролизге ұшырамайтын тұз:
А).Аммоний нитраты
В).Кальций хлориді
С).Натрий сульфаты
Д).Аммоний ацетаты
Е).Калий ацетаты
Электролиттік диссоциация
Заттарды суда еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар – бейэлектролиттер. Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С.Аррениус салған.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары:
Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды.
Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады.
Ағылшын физигі М.Фарадей XІX ғасырдың 30-шы жылдары «электроилит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді.
1).Электролитке жататын затты көрсетіңіз.
А).HBr (ерітінді)
В).H2 (газ)
С).KOH (қатты)
Д).CO2 (газ)
C12H22O11 (ерітінді)
2).Бір сатылы диссоциацияланатын қосылыс:
А).Фосфор қышқылы
В).Күкіртсутек қышқылы
С).Фторсутек қышқылы
Д).Көмір қышқылы
Е).Хром қышқылы
3). Бейэлектролитке жататын зат:
А).сутек және тұз қышқылы
В).натрий хлориді және натрий гидроксиді
С).мырыш гидроксиді және сутек
Д).натрий гидроксиді және сутек
Е).тұз қышқылы және натрий хлориді
4).Диссоциация кезінде катион ретінде сутек пен қышқыл қалдықтары иондары түзілетін заттардың ата:
А).қышқылдар
В).қышқыл тұздар
С).орта тұздар
Д).сілтілер
Тепе-теңдік
Тепе-теңдік күйдегі реакцияда әрекеттесетін заттардың біреуінің концентрациясын арттыратын болса, тепе-теңдік өнім түзілетін жаққа қарай ығысады. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік газдардың зат мөлшері азаятын жағына, ал қысым төмендегенде газдардың зат мөлшері көбейетін жағына қарай ығысады. Газдардың зат мөлшері өзгермесе қысым тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді. Температураны жоғарылату тепе-теңдікті эндотермиялық, ал төмендету экзотермиялық реакциялар бағытына ығысады. Өршіткі тура реакцияны да, кері реакцияны да жылдамдатады, сондықтан тепе-теңдіктің ығысуына әсер етпейді, тек тепе-теңдіктің жылдам орнығуын қамтамасыз етеді.
5).Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға ығысатын реакция:
А).S(қ) + O2(г) → SO2(г)
В).2NO(г) + O2(г) →2NO2(г)
С).C(қ) + O2(г) →CO2(г)
Д).N2(г) + O2(г) →2NО2(г)
Е).CaCO3(қ) → CaO(қ) + CO2(г)
6). N2 + O2 →2NО – Q химиялық тепе-теңдікті оңға ығыстыратын фактор:
А).қысымды жоғарылату;
В).қысымды төмендету;
С).өршіткі әсері;
Д).температураны жоғарылату;
Е).азот концентрациясын төмендету;
7).2CO(г) + O2 (г) ↔ 2CO2(г) +577кДж реакция теңдеуінде температураны төмендеткенде, тепе-теңдіктің ығысу бағыты
А).өнім түзілу бағыты
В).кері реакция жүру бағыты
С).бастапқы заттар түзілу бағыты
Д).зат мөлшері көбейетін бағыты
Е).эндотермиялық реакция бағыты
8).Тепе-теңдік жүйедегі 2NO2(г) ↔2NO(г) + O2(г) заттардың концентрациясын 3 есе азайтса, тура реакцияның жылдамдық өзгерісі
А). 9 есе кемиді
В). 3 есе кемиді
С). 6 есе кемиді
Д). 8 есе кемиді
Е). 2 есе кемиді
Алюминий
Алюминий -табиғатта кең таралған элемент. Периодтық жүйеде 3 периодта, ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Алюминий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Өнеркәсіпте алюминийді, әдетте, алюминий оксидін электролиздеп алады. Алюминий химиялық реакцияларда басқа металдар сияқты тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін екідайлы металл. Алюминий қышқыл, сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі.Алюминий электр тогын өте жақсы өткізеді. Электрөткізгіштігі жағынан күміс пен мыстан кейінгі үшінші орын алады.Сондықтан таза алюминийден өткізгіш сымдар жасайды. Сонымен қатар, су тазалауда, қағаз өндірісінде және органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады.
9).Алюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы
А).3s2 3p2
В). 3s2 3p4
С). 3s2 3p6
Д). 3s2 3p1
Е).3s2 3p3
10).Қышқылдық қасиет көрсететін реакция
А).Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl2 + H2O
В). Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]
С). Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O
Д). Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Е). Al(OH)3 + 3HBr = AlBr3 + 6H2O
11).Алюминийдің массалық үлесі ең көп қосылыс
А).NaAlO2
В).AlCl3
С).Al2O3
Д).Al2(SO4)3
Е).Al(OH)3
12).Өнеркәсіпте алюминийді электролиз әдісі арқылы алады. Массасы 54г алюминий оксидінен алынған таза алюминийдің массасы
А).25,9г
В).27,5г
С).24,6г
Д).28,6г
Е).23,6г
Кремний
Элементтің атауы латынның silicium сөзінен шыққан -
«шақпақтас». 1824 жылы Дж.Берцелиус ашқан
Кремний — атомдық нөмірі 14. Периодтық жүйенің үшінші периодының төртінші тобының элементі. Қазіргі электроника үшін өте маңызды.
Кремний жер қыртысында оттегінен кейінгі екінші элемент (масса бойынша 27,6%). Ол бос күйінде кездеспейді, кремнезем түрінде (шақпақтас, құм, кварц) және әртүрлі силикаттар: каолинит, ортоклаз, слюда және т.б. құрамында кеңінен таралған.Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де кездеседі.
13. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады
A) цианидтер
B) силицидтер
C) нитраттар
D) карбонаттар
E) Силикаттар
14. Кремний атомындағы электрондардың таралу реті
A) 2,5,3
B) 2,6,4
C) 2,8,4
D) 2,4,6
E) 2,8,2
15. Кремний қышқылының калий тұзындағы К2SiO3, кремнийдің массалық үлесі (%)
A) 16,8%
B) 24,1%
C) 18,9%
D) 33,6%
E) 18,2%
16. Құрамында 85% кремний оксиді (IV) бар 50 г натрий силикатын алу үшін қажетті құмның массасы (г)
A) 28,5 г
B) 28,9 г
C) 27,9 г
D) 19,7 г
E) 29,8 г
Металдар
Металдар (s-, p-, d-, f-элементтер) қалыпты жағдайда жылу және электр өткізгіштік, жоғары иілгіштік, иілгіштік және металдық жылтырлық сияқты өзіне тән металдық қасиеттерге ие болатын химиялық элементтер тобы. Металдарды алудың негізгі әдістері:
• пирометаллургия – көміртегі, көміртек оксиді (II), сутегі, металдар көмегімен жоғары температурада кендерден металдарды алу.
- алюминий, магний.
• электрометаллургия – ерітінділерден немесе олардың қосылыстарының балқымаларынан металдарды электр тогының әсерінен (электролиз) алу.
• гидрометаллургия – жоғары температураны қолданбай әртүрлі реагенттердің ерітінділерінің көмегімен кендерден металдарды ығыстыру.
17. Қандай элемент атомының электрондық конфигурациясы бар
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s1
A) Fe
В) Ба
C) Na
D) К
E) Ca
18. Қатардағы барлық p-элементтер
А) Nа, K
B) Al, Mg
C) Fe, Zn
D) Al, Sn
E) Bа, Cu
19. Топта барлық үш металды оксидтерден алюминотермия арқылы алуға болады
A) Na, Cu, Cr
B) Na, Ni, Cu
C) Mg, Zn, Ni
D) Na, Cr, Pb
E) Sn, Cu, Fe
20. Өзгерістегі Х және У заттарын тап
FeO X Y FeCl2
A) Fe2O3, HCl
B) Fe, HCl
C) Fe, Cl2
D) Fe2O3, Cl2
E) Fe3O4, HCl
Достарыңызбен бөлісу: |