Тотығу-тотықсыздану реакциясы
Заттардың құрамындағы атомдардың тотығудәрежелері өзгере жүретін реакциялар тотығу-тотықсыздану реакциясы (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады. Реакция барысында электрондардың берілуі тотығуға, ал электрондардың қосып алынуы тотықсыздануға жатады. Сол себепті тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде тотықсыздандырғыш электрондарын беріп, тотығады, ал тотықтырғыш электронды қосып алып, тотықсызданады.
Достарыңызбен бөлісу: |