Тозған бөлшекерді қалпына келтірудің тиімді әдісін таңдау


Беріктендіруші электр – ұшқындық өңдеу



бет4/5
Дата30.04.2024
өлшемі20,47 Kb.
#201620
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ырысбек (2)

Беріктендіруші электр – ұшқындық өңдеу.
Беріктендіруші электр – ұшқындық өңдеу (ЭҰӨ) электрод (анод) пен бөлшектің (катодтың) арасында импульстік разрядтың жүруіне негізделген.
ЭҰӨ мағынасы токтың жылулық әсерімен бір уақытта электрод материалының бөлшектің бетіне көшірілуі (өсіруі) және беріктендіруші электрод элементтерімен және ауаның азотымен бөлшектің бетінің қоспалануы болып табылады. Беріктендірілген қабат карбидтердің, нитридтердің, карбонитттердің және шынықтыру құрылымының болуымен байланысты жоғарғы қаттылығымен ерекшеленеді.
6.8 – суретте электр – ұшқындық қондырғының сұлбасы көрсетілген. Электр – ұшқындық беріктендіру және металды көшіру бұйымның беті мен дірілдеткіштен тербелмелі қозғалыс беретін электрод арасында электр зарядындының жылулық және химиялық әсері кезінде ауа немесе газ ортасында жүргізіледі. Электр – ұшқындық разрядтың қысқа уақыты ішінде (10-5 – 10-6 с) электродтар арқылы конденсаторда жиналған қуатты ток импульсі (10-6 А/мм2 дейінгі) өтеді. Электродтар арасындағы саңылаудағы температура 110000С дейін көтеріледі. Бұндай температура кезінде азот және электродтың құрамындағы қоспаланушы элементтер бөлшектің бетін қоспалайды, оның физика – химиялық қасиеттері жоғарылайды.
Электрод ретінде қатты қорытпалардан Т15К6, Т30К4, Т60К6, феррохромнан, ферромарганецтен, сондай – ақ графиттерден ЭГ2 және ЭГ4 жасалған сызықтар қолданылады. Сырғанау үйкелісіне жұмыс істейтін бөлшектерді беріктендіру үшін ең қолайлы материал ферромарганец және қаты қорытпа Т15К6, ал тербелу үйкелісіне жұмыс істейтін бөлшектерге – феррохром мен графит ЭГ2 деп есептейді.
ЭҰӨ үшін өндірістен бір немесе көп электродты қондырғылар үлгілері шығарылады. Олар: КЭИ – 1, УПР – 3М, ИЕ – 2М, ИАС – 2М, ЭФИ – 10, ЭФИ – 25.
Электр параметрлерінің шамасына тәуелді операциялар жұмсақ, орташа және қатаң режимдерде орындалады. Қатаң режимде (И = 120-200В, І = 2,5-4,5А, С = 100-300 мкФ) қатты қорытпаны 0,5мм дейінгі қалыңдықта, жұмсақ режимде (U = 25 – 50В, І = 0,25 ÷ 0,5А, С = 10 – 20мкФ) 0,2мм дейінгі қалыңдықта жабыстыруға болады. Беттің тегістігін арттыру үшін (т 6 дейін) беріктендіруді жұмсақ режимде жүргізіп, ізінше электрграфиттік электродпен өңдеу ұсынылады.
У – 7 болатынан жасалған және тербеліске сыналған үлгінің тозуға төзімділігі 3 – 6 есе өседі. Г.П. Ивановтың деректері бойынша абразивтік ортада жұмыс істейтін беріктендірілген бөлшектің өмір ұзақтығы 3 – 4 есе артады.
әдістің кемшіліктері – қалыңдығы едәуір беріктендірілген қабатты алудың мүмкін еместігі, созушы кернеудің пайда болуы себебінен шаршауға төзімділіктің 10 - 20% төмендеуі және беттің кедір – бұдырларының өсуі (6.9 – сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет