Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі



бет4/17
Дата15.12.2016
өлшемі4,38 Mb.
#3943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Әдепті, әдемі, таза, ұқыпты, шыншыл болуды білу керек. Өтірік сөз айтуға біреудлі ренжітуге болмайды.
Болуы керек: Танымы, ойлауы, сөздік-тілдік қоры, байланыстыра сөйлеуі.
Баланың қолынан келуі: Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға толық жауап беру. Суреттерді әңгімелеу, берілген тапсырмаларды орындау. Өлең-шумақтарды айту. Жұмбақтар шешу.


Білім беру саласы: Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Валеология

Тақырыбы: «Денсаулық еліне саяхат»

Мақсаты: Денсаулық сақтау туралы түсінік беру, зейінін тұрақтандыру, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуін дамыту,

Білімділігі: Қазақстан Республкасы туралы түсініктерін кеңейту,

Тәрбиелік: Отанын, жерін қорғауды түсіндіру, дене мүшелері туралы түсінік беру, тазалаққа үйрету, мейірімділікке, ұқыптылыққа үйрету т.б.

Көрнекілігі: Видеопроектор экранымен, «Денсаулық бұрышы»

оқу іс-әрекетінің презентациясы, мақал-мәтелдер,

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхат, ойындар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру

Жүректен жүрекке жылы лебіздер.

- Жылдың қазір қай мезгілі?

- Күз неше ай қонақта болады?

-Күз айларын ата?

- Мына суреттерге қарап күзгі ерекшеліктерді атаңдар және суреттегі балаларға есімдер қойып олардың іс-әрекетін талдаңдар:


Күз туралы тақпақтарды

еске түсіріп өтейік,

қане кім айтады?




Денсаулық дегенді қалай түсінесің? «Дені сау адам» деп кімдерді айтамыз?

Армысың алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыздар қонақтар!

Армысыңдар достарым!

Аман болсын халқымыз,

Заман болсын ең тыныш!

Аман болсын аналар!

Аман болсын балалар!
- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Бақшамыз бақты болсын!

- Жеріміз гүлдене берсін!

- Елімізде бейбітшілік болсын!

- Ынтымағы жарасқан ел болайық!

- Қазақстан гүлдене берсін!

- Отбасымыз аман болсын!

- Деніміз сау болсын!

- Жеріміз бай болсын!

-Әрқашан күн сөнбесін!

- Күз

-3 ай

-Қыркүйек, қазан, қараша


Адайбек пен Нұржайнат саябаққа барып күзгі жапырақтарды теріп жүр. Олар алма теріп жүрген кірпіні көріп қызықтауда. Ал, кірпі өз азығы алманы жинап бара жатыр. Саябақ іші алтын түске еніпті, талдарда күз түскенге мәз мейрам болып тұр, себебі олардың да демалатын уақыты келді. Талдар қыс бойы ұйықтап, көктемде қайта оянады.

Күз мезгілі бейнеленген. Балалар жеміс бағында алма жинап жүр. Әліби алма ағашынан алманы үзіп Назеркеге беріп жатыр. Ал, Назерке оны алып Әлиханға беруде. Ал Әлихан болса Жамилаға тасып беруде. Жамила алманы жәшікке салып жинап жатыр. Арғы бетте басқа да балалар жемістерді жинап жатыр. Жиналған өнімді дүкенге жібереді. Дүкеннен тұтынушылар сатып алады.

1-бала:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.
2-бала:

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.
3- бала:

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.
4-бала:

Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей


Балалардың түрлі жауаптары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет