«Тұран» Университі



бет119/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.
Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем² теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сұретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).
К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды.
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе “коммунизм² идеясын қатты сынға алады.
К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы² атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен² тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi.
Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының² iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi² болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге² келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi.
“Ғылыми-зерттеу бағдарламасының² әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жұрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа “ғылыми-зерттеу бағдарламасыменұ ауыстырылатынын көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы - неше-түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен методологиялардың бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз - белгiлi “ғылыми қауымдастықтың² басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн ғылымдағы парадигма. Өзiнiң “Ғылыми революциялардың құрылымы² деген еңбегiнде Т.Кун “парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жолдарын көрсететiн барлығының мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын²,- дейдi. Парадигма белгiлi бiр ғылыми қауымдастықтағы методтар мен iзденiс жолдарын, ғылыми ақуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi, қайсыбiр теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi ат бередi - ол дисциплинарлық (пәндiк) матрица (негiз). Оның негiзгi элементтерi ретiнде ол символдық жалпылау үлгiлерiн, концептуалдық (тұжырымдық) моделдердi, ғылыми қауымдастықтың мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi - оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi - бiрте-бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары зерттелiп жетiледi т.с.с. Бiрақ, ол үне бойы олай болмайды - кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелi зерттеулер жұргiзе бастайды. Сонымен, бәрi де тағы қайталанады.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар, Т.Кунның екiншi жетiстiгi - ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым деректердiң бәрiн соның “сәулесi² арқылы көредi. Деректер теорияны сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге еңгiзу керек екенiн пайымдап анықтайды.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi - Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекестiк пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға еңгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан, оларды бiр-бiрiмен салыстырып баға беру мұмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол - соны қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым - қоғам өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты - оның дiн, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан, олардың бәрi де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен, неопозитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет