Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі. “Бірінші Барлық²- белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (potentіa-лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act-лат. сөзі, шындық, іс әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.
Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан-дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, - олардың мән-мағнасы, бітімінің танылатындығында жатыр.
Актуальды интеллектке келер болсақ, Аль-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектің объектіне айналады.
Игерілген интеллектке келер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыруы жатыр.
Іс-әрекеттік интеллект- Аль-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойды шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін Аль-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені көре бастайды. Оны себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті.
қс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.