«Тұран» Университі


Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1775 ж.ж.)



бет95/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Шарль Луи де Монтескье (1689 - 1775 ж.ж.) француз ақсүйектерiнiң семьясында дүниеге келедi. Сол кездегi беделдi оқу орындарында оқып бiлiм алады.
Негiзгi еңбектерi “Персиялық хаттар², “Заңдардың рухы жөнiнде², “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауының себептерi².
Өзiнiң ең алғашқы “Персиялық хаттар² атты еңбегiнде Монтескье монархиялық тәртiптi, ақсүйектердiң дүние шашуын, дiни қызметкерлердiң екiжүздiлiгiн айыптап сынға алады, оларды Шығыстағы “Азиаттық деспотиямен² салыстырады.
Әсiресе, ол христиан дiнiн қатты сынайды. Христиан дiнi сүйiспеншiлiк дiнi болуға тырысқанымен өзiнiң тарихында талай-талай қақтығыс пен соғыстарды әкелдi. Христиандарда ақылға сыймайтын мәселелер көп: оларға үш бiрмен тең, жеп отырған нандары - нан емес, iшкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бiрақ, ол христиан дiнiн сынағанмен Құдай идеясын толығынан терiске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе бойынша деистiк көзқараста болды. Құдай өзiнiң құдiреттi күшiнiң негiзiнде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейiн Ол табиғаттың әрi қарай өмiр сүруiне килiкпейдi. Екiншiден, ол дiнге гуманистiк- өмiрлiк бағыт бергiсi келдi. Мысалы, оның ойынша,, егер Құдай дiндi адамдарға iзгiлiк үшiн берсе, онда адамдардың осы Дүниедегi бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, онда адамдар да бiр-бiрiн сүйуi керек, бiр-бiрiне бақытқа жету жолында көмектесуi қажет.
Монтескье өз заманының күрделi мәселелерiн терең түсiну үшiн адамзат тарихына үңiлiп “Римдiктердiң өрлеуi мен құлдырауы жөнiнде² деген еңбегiн жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты дiни жолмен түсiну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны неше-түрлi кездейсоқтық уақиғалардың жыйынтығы ретiнде қараудан бас тартады. Оның ойынша, “әрбiр мемлекеттiң өрлеуi мен құлдырауының, күшейуi мен әлсiреуiнiң жалпы рухани және физикалық себептерi бар²,- деген тұжырымға келедi.
Көне замандағы Римдiктердiң өрлеп күшеюiн Монтескье азаматтық құндылықтардан, адамдардың өздерiнiң жеке мүдделерiнен гөрi қоғамның жалпы мүддесiн жоғары қойып, соны жан-тәнiн салып қорғауға тырысқанынан көредi. Ал мұндай патриоттық, азаматтық құндылықтардың өзi саяси бостандықтың, республикалық басқару жүйесiнiң болуымен байланысты.
Монтескьенiң “Заңдардың рухы жөнiнде² деген еңбегiнде ойшылдың әлеуметтiк-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмiр сүруi мен дамуын Монтескье заңдардың сапалығымен байланыстырады. Егер белгiлi бiр қоғамның ерекшелiгiн түсiнгiңiз келсе, онда сол елдегi қабылданған заңдарды зерттеңiз. Қоғам жөнiндегi мұндай түсiнiктi жүре келе ғалымдар “заңдық көзқарас² деп атап кеттi.
Монтескье қоғамдағы заңдарды екiге бөледi. Бiрiншiден, ол “табиғи заңдар² - олар адамның биологиялық табиғатынан шығады.
Екiншiден, әлеуметтiк заңдар.
Табиғи заңдардың негiзгiсi - өмiр сүру, ол үшiн азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол үшiн адамдар тартысқа түсiп “бәрi бәрiне қарсы соғысады² деген болса, Монтескье, керiсiнше, жаңғыз адам әлсiз болғандықтан басқалардан көмек iздейдi, басқалармен бейбiт өмiр сүруге тырысады деген пiкiрге келедi. Сонымен, бiз Монтескьенiң адам алғашқы сатысынан бастап әлеуметтiк пәнде болды деген ойда болғанын көремiз.
Қоғам өмiрiндегi қайшылықтардың пайда болуының негiзiнде адамның басқалардың есебiнен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзi адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтiру керектiгiн туғызып, дүниеге мемлекет келедi.
Монтескье құқықтың үш түрiн анықтайды.
Бiрiншi- халықаралық құқықтар - мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтiредi.
Екiншi- саяси құқтар - мемлекеттегi басшылар мен халықтың арасындағы қатынастарды ретке келтiредi.
Үшiншi - азаматтық құқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтiредi.
Монтескье мемлекеттi басқарудың үш түрiн анықтайды. Олар республика, монархия және деспотия.
Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзi елдi бақытсыздыққа әкелiп, неше-түрлi зорлық-зомбылыққа жол бередi.
Республикалық басқару саяси заңмен бекiтiлген бостандықтардың негiзiнде iске асады.
Монархиялық басқару жүйесi жоғарыда көрсетiлген басқарулардың екi ортасында орналасқан.
Монтескьенiң саяси философиясындағы жасалған және бүгiнгi таңға дейiн өзектi жаңалығы - ол мемлекет билiгiн бөлу идеясы.
Шынайы саяси бостандық болу үшiн республика, я болмаса монархия басқару жүйесiнде заң беру, атқару және сот билiктерi бiр-бiрiнен бөлiнуi қажет.
Ал ендi “заңдардың рухына² келер болсақ, олардың әрбiр елдердегi ерекшелiктерi көп жағдайлармен байланысты. Олар - жердiң құнарлығы, ауа-райы, таулы- жазықтығы, әдет-ғұрыптар, дiни сезiмдер, халықтың саны мен материалдық қал-ақуалы, заң берушiлердiң мақсаты, саяси билiктiң, елдегi жалпы тәртiптiң көрiнiстерiмен байланысты,- деп қорытады ұлы ойшыл.
Мұндай көзқарасты әдебиетте “географиялық детерминизм² (себептiлiк) деп айтады. Өйткенi, жоғарыда көрсетiлген жағдайлардың iшiндегi негiзгiлерi деп ол “жердiң құнарлығын, ауа-райын және таулы-жазықтығын² атайды.
Мысалы, ыстық ауа-райы адамдарды әлсiретiп енжар қылады, ал суық ауа-райы ой мен дененiң кұшеюiне, олардың өмiрге деген қажырлы еңбегiн, ұлы iстердi жасауға мүмкiндiк бередi. Сондықтан, ыстық ауа-райында өмiр сүретiн халықтар құлдыққа келдi де, суық жерде өмiр сүретiн халықтар өздерiнiң бостандығын сақтап қалды,- деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгiнгi таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкiлi көзбен қарауы әбден мүмкiн.
Дегенмен, қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен санаспаудың өзi, таза технократиялық көзқарастар қандай салдарларға әкелетiнiн бiз бүгiнгi таңда ауылдағы осы уақытқа дейiн жүргiзiлген реформалардың терiс жақтарынан көрiп отырмыз.
Кең түрде алғанда, бiздiң ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы көшпендiлiк өмiр салтын ұстауының өзi (жаңа дәуiрге дейiн) сол жағалай қоршаған ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуiр тарихқа келiп, машиналық техника пайда болған кезде, көшпендiлiк өмiр салты мүмкiншiлiктерi сарқылып, қазақ халқы жаңа өмiр құндылықтарына өтуге мәжбүр болды.
Монтескьенiң ойынша, жоғарыдағы көрсетiлген жағдайлармен қатар жер көлемi және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси бiтiмiне өзiнiң зор әсерiн тигiзедi. Бiрiншiден, таулы елдер көлемi жағынан үлкен бола алмайды. Ал, кiшi елде азаматтар қоғамдық мәселелердi талдап шешiп қабылдауға жиү қалыптасады. Ал орта көлемдi елдерде, көбiнесе, монархиялық басқару жүйесi орнайды. Жерi жазық және өте көлемдi елдерде деспотиялық басқару жүйесi қажет, өйткенi, тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан елдердi орталық билiкке көндiруге болады деп қорытады Монтескье.
Әрине, бiз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам өмiрiне деген рөлiн асыра көрсеткенiн байқаймыз. Бiрақ, бұл көзқарастар өз заманының мәселелерiн жаңаша түсiнуде, дiни түсiнiктерге тойтарыс беруде кеңiнен пайдаланды.
Вольтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет