«Тұран» Университі


Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар



бет92/212
Дата15.03.2022
өлшемі2,53 Mb.
#135460
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   212
Байланысты:
философия лекция (7)

Әлеуметтiк-философиялық, саяси идеялар
Адам - бақытты өмiрге ұмтылатын пәнде. Iзгiлiк, жақсылық дегенiмiздiң бәрi - адамды рахатқа, қуанышты сезiмге әкелетiн нәрселер. Жамандық пен залымдық дегенiмiз - ол адамға зардап, қайғы, өкiнiш әкелетiннiң бәрi. Адам бақытты болу үшiн ең алдымен оның материалдық мүдделерi iске асуы қажет.
Т.Гоббс сияқты Дж. Локк та қоғамның табиғи және азаматтық ақуалы жөнiнде айтады.
Табиғи жағдайда адамдар ерiктi, тең, бiр-бiрiнен тәуелсiз өмiр сүредi. Табиғи ақуалдағы адамдардың өзiн-өзi сақтау жолында еңбек етiп, белгiлi бiр байлықтардың қайнар көзiн ашатындығын Дж. Локк басым айтады. Сонымен, ол меншiк мәселесiн табиғи жағдайдағы адаммен өзара бiрiктiрiп, оны қоғамның мәңгiлiк мәселесi ретiнде қарайды.
Құдай адамға бүкiл өлi және тiрi табиғатты бергенмен, олар өзiнiң ең пайдалылығын жеке меншiлiкке айналғанда ғана көрсете алады. Ал меншiктiң өзi әуеден түспейдi, оған тек қана еңбектiң негiзiнде жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң негiзiн құрайды. Бiр акр өңделеген жер сол көлемдi өңделмеген жермен салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi, өңделген жерге адамның еңбегi сiнген. Еңбек қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.
Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық шартқа байланысты. Мемлекет пен бiрге азаматтық ақуал пайда болады. Табиғи ақуалдан азаматтыққа өткенде адамдардың ерiктiгi мен қолындағы меншiгi сақталуы қажет.
Мемлекеттiң негiзгi мақсаты - азаматтардың меншiгiн қорғау. Мемлекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.
Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып өзiнiң саяси философиясында үкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi - парламентте, атқару билiгi - сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа мемлекеттермен қарым-қатынас орнату ) король мен үкiметтiң қолында болуы қажет.
Дж. Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет - бұл салада үлкен төзiмшiлдiк керек, өйткенi қайсыбiр қоғам дiни-рухани тiрексiз өмiр сүре алмайды.
Мiне, осымен ХУII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың Дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХУIII ғасырға беремiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   212




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет