Электр тізбегінің кез келген түйініндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.
мұнда m – түйінге қосылған тармақ саны.
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша теңдік жазу барысында токтар, түйінге қарай бағытталған токтар «оң» таңбамен алынады, ал түйіннен кері бағытталған токтар «теріс» таңбаға ие болады.
А түйіні үшін
I1 = I2 + I3 немесе I1- I2- I3 = 0
B түйіні үшін
I3 = I4 + I5 немесе I3 -I4- I5 = 0
C түйіні үшін
I6 = I4 + I5 немесе -I6+I4+I5 = 0
D түйіні үшін
I1 = I2 + I6 немесе -I1+I2+I6 = 0а
Кирхгофтың екінші заңы
Кез келген электр тізбегінің тұйық контуріндегі ЭҚК алгебралық қосындысы барлық бөліктердегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең
Кирхгофтың екінші заңы
Егер электр тізбегіне кернеу көздері қосылған болса, онда Кирхгофтың екінші заңы мына күйде құрастырылады: ЭҚК көздері мен контур элементтеріндегі барлық кернеулердің қосындысы нөлге тең
Кирхгофтың екінші заңы бойынша теңдік жазу барысында мыналар қажетті:
Энергияның сақталу заңынан қорек көздерінің қуаты уақыттың кез келген мезетінде, тізбектің барлық бөлігінде жұмсалатын қуаттардың қосындысына тең.
Бұл қатынасты қуаттар балансының теңдігі деп атайды.
Тұрақты ток тізбектерінің негізгі заңдары
Электр тізбектерін есептеуде белгілі бір өлшем бірліктер қолданылады. Электрлік ток ампермен өлшенеді (А), кернеу – вольтпен (В), кедергі – оммен (Ом), қуат – ваттпен (Вт), электр энергиясы – ватт-сағатпен (Вт-сағ) және өтімділік – сименспен (См)
Негізгі бірліктерден басқа, аса кіші және аса ірі өлшем бірліктері қолданылады: миллиампер (1мA = 10–3А), килоампер (1кA = 103А), милливольт (1мВ = 10–3В), киловольт (1кВ = 103В), килоом (1кОм = 103Ом), мегаом (1мОм = 106Ом), киловатт (1кВт = 103Вт), киловатт-час (1кВт-час = 103 ватт-час).
Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады.. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады.