3. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық» Мақсаты: сенімді мінез-құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлықты бір-бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінеде ойнап береді)
4. «Психогеометриялық фигура» Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1,2,3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау: 1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?