«Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі
Тренинг мақсаты: оқушыларға қорқыныш сезімі туралы мағлұмат бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы бойындағы қорқыныш сезімдерін жою; өзара қарым-қатынастарын нығайту.
Қорқыныш – қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш – бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей.
«Танысу» жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, танысу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Бинұрмын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Бинұрды сіздерге таныстырамын, мен – зейінді Заңғармын». Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады. Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында … қатысып отыр» деп қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.
Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай оыйншының өзін таныстыруы ерекге болды?
Достарыңызбен бөлісу: |