5. “Артық орындық” ойыны Ойын мақсаты: Топтың еркін қарым-қатынасына жол салу және ертегідегідей ахуал жасау.
Топ дөңгеленіп отырады. Жүргізуші өз орнынан тұрып орындықты басқа жерге алып қояды. Сосын топқа нұсқауын түсіндіреді.
Жүргізуші. Сіздер топқа қандай-да бір шартыңызды айтасыз. Осыған сәйкес олар орын ауыстыруы шарт, сол сәтте жүргізетін адамда орын табуға тырысады. Ал үлгермей қалған адам жүргізуші болып өз шартын айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Мысалы: “Өз ата-анасын жақсы көретіндер орын ауыстырсын”, “Қымыз жақсы көретіндер орын ауыстырсын” және т.б.