Тренинг сабақ Тақырыбы: Мен және менің отбасым



бет2/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#39792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Сөзді бөлмеу.
Бір-біріне кедергі жасамау.
Бірігіп жұмыс жасау.
Күлімсіреу.
Тренердің айтқанына бағыну.
Тренинг сабағымыз 8 бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру (аты-жөні, менің отбасым бақытты)
2. «Отбасы» туралы сұрақтар ,
3. « Жұмбақ шешу»
4. « Логикалық сұрақтар»
5. «Менің анам ол....»
6. «Біз екеуміз бірге.....» жаттығуы
7.Оқушыларға арналған сетуациялық сұрақтар.
8. «Сергіту» жаттығуы

Әрбір оқушы орындарынан тұрып аты-жөндерін айтып таныстырады және Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...).
2. Отбасы туралы сұрақтар.
1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?
5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?
6. Сен қандай отбасын армандайсың?
7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?
10. Отбасының ұйытқысы кім?
11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

3. Жұмбақ шешу
Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.
-Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?
Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырамын. Сендер оларды шешуге тырысыңдар.
Тағы менің қоятын бір шартым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел айтып немесе ән салып беріңдер

1-жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (Ата )
2-жұмбақ
Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)
3 - жұмбақ:
- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, жақсы жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).
4 -жұмбақ.
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет