Тренинг сабақ Тақырыбы: Мен және менің отбасым


Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз



бет6/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#39792
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
8.. Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз,
Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.
Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз- олардың көбі пайдасыз.
Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.
Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз
Психолог:
7. "Ой толғау" видео-ролик көрсету
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

8.Қорытынды:
- Құрметті ,оқушылар. Біз сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Әжемнің саясында ер жетіп мен,


Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен

Ер жетіп есейгенде балапаны


Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны

Дүниенің жарық күні-анамыз


Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анаменен данамыз.
Өмірге мына бізді алып келген,
Дүние қымбат екен анаменен

Ән: «Асыл әжем»


VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
Балалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет