Жаттығудың психологиялық мәні: Сәттілік адамға күш-қуат береді. Сондықтан қазір өзіңізді үлкен жетістікке жеткен адам ретінде сезініңіз, ол өзіңізге сенімділікті күшейтеді.
Тапсырма: Өзіңізге ең басты қандай жетістік екендігін есіңізге түсірудесіз - ЖОО-на түсу, атақты жұлдыз болу, көлік алу т.с.с.
Тұлабойыңыз босаңсуда, көзіңізді жұмып осы мақсатқа жеткеніңізді елестетіңіз. Оган жету кезіндегі қанағаттану мен ішкі сезімді елестетіңіз. Бойыңызда рухыңыздың асқақтап, ішкі күш-қуаттың оянғанын, өзіне деген сенімділік пен кез келген жағдайды басқара алу қабілетін сезіну.
Сосын жақындарыңыз сізді шын жүректен құттықтап (телефон арқылы, үйіңізге келіп, хат арқылы) жатқанын елестетіңіз. Жылу- ды сезініп, өзіңізге бағытталған мақтау сөзден бойыңызда толқуды сезінесіз. Олар сізге өте сәтті, табыста адам екендігіңізді айтуда. Және сіз өзіңізді тамаша сезініп, кез келген жағымды әрекетті жасауга қабілетті екендігіңізді байқаудасыз.
«Рефлексия» жаттығуы
Уақыт: 5 минут
Тренинг жэне өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы ой бөлісу. Топтағы жұмысыңыз қаншалықты көңіліңізден шықты.
ТРЕНИНГ №2. ТАҚЫРЫБЫ: «СӘТТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС»
Тренердін алғы сөзі.
«Сәлеметсіздер ме! Біз «сәтті қарым-қатынас тренингі» деп атала- тын тренингті бастаймыз. Тренинг-бұл қарым-қатынасқа көп түсетін, өз ойы мен пікір ашық айтуға мүмкіндік беретін, өзін түрлі жағдайда байқауға болатын, өзін жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін оқытудың бір түрі».
Танысу.
«Ал енді танысайық. Қазір кезекпен әркім өз есімі мен оның басқы әрпінен басталатын жемісті қоса айту керек. Мысалы: Маржан - ман- дарин, Жансая -жүгері т.с.с. Екінші адам алдыңғы адамның аты жэне жемісті, сосын өз аты мен жемісті қосып айтады. Үшінші адам алдыңғы 2 адамның есімі мен жемісін, өзінің есімі мен жемісін айтады. Тізбек осылай жалғасып кете береді».
«Көзбе - көз» жаттығуы
Нұсқау: Қарапайым өмірде адам қарабайыр қатынасқа қана- ғаттанумен тоқталады. Ешкімнің ішкі дүниесін түсініп, оның сезімі мен толғанысына мэн бере бермейді,. Қазір сіздерге кем дегенде 3 адаммен 1 минуттан көзіне тіке қарап, байланыс орнатуды ұсынамын.
Достарыңызбен бөлісу: |