Түрі : ойталқы Күні : 09. 16 ж. Сыныбы



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,76 Mb.
#35310
1   2   3

Тақырыбы : Дауылпаз ақын-ел мақтанышы

Бағыты :Рухани-адамгершілік тәрбие.

Түрі : интеллектуалдық ойыны

Күні : 7.12.16 ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017оқу

Бекітемін:.....................

Тақырыбы: Ұшқыр ойлы жұлдыздар»

сыныптан тыс интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:


-  танымдық белсенділігі жоғары, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін интеллектуалдылығы жоғары ұрпақ тәрбиелеу ;

-  оқушылардың ғылыми-теориялық көзқарасын дамыту, инновациялық технологияның тиімді тәсілдерін қолдану.

Көрнекілігі:

Ұлы адамдардың қанатты сөздері жазып қойылады

 

«Қабілетті өрендер - еліміздің болашағы»,



«Адам адамнан тек білімімен ғана артық» (Абай)

 

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім». (М.Әуезов)



«Біліммен қаруланғаның,

Келешекке жол ашқаның».

Түрі: интеллектуалдық ойыны

Мерзімі:16.11.2016ж.

Пайдаланылған әдебиеттер: 11-сынып оқулықтары

Жүрісі:


1.Ұйымдастыру 

Ойынға 11б сынып оқушыларынан екі топ алынады.

Ойын  4 тур бойынша өтіледі.

Сарапшылар тобын құру:

Сарапшылар тобымен таныстыру

 

Жүргізу  барысы:



1. Оқушыларға ойын барысын таныстыру.

2. Әр топ өзін -өзі таныстыру.

3. І тур «Көкпар» сайысы

4. ІІ тур «Ойлан, тап» сайысы

5. ІІІ тур «Тапқырлық» сайысы

6. І V тур «Санның сыры» сайы

 

«Өмір» деген көк мұхиттың толқыны,



Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар, арпалысып алға шық.

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын,

Құштарлықтың толғағы мен көктемі - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі де сайыс.

 

Екі топ алғырлары білім сайысына келіп отыр.



1. Оқушыларға ойын барысын таныстыру.

2. Оқушылар өзін -өзі таныстыруы.

 

Ортамызға келіп тұр



Әр топтың шоқ жұлдызы

Танысатын  сәт келді

Жұлдыздардың сөзімен деп сөз кезегін сайыскерлерге береміз;

 

І тур «Көкпар» сайысы



Бұл сайыста  әр топқа төрт пән бойынша жиырма сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

 

Шын жүйрік шабысынан танылады.



Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер сарапшылар ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

 Бірінші топ сұрақтары

Математика

1.      Функция ұғымын енгізген кім? (Г.Лейбниц)

2.       «Тригонометрия» сөзінің мағынасы (үшбұрыштарды өлшеймін)

3.      Дәлелденейтін ұйғарым не деп аталады? (аксиома)

4.      Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда қалай аталады? (диаметр)

5.      Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)

Физика

1.      Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен



   өздігімен араласу құбылысы қалай аталады? (диффузия)

2.      Молекулалардың арасындағы өзара әсер күшін ескермеуге болатын

       газдың түрі қалай аталады? (идеал газ)

3.      Термодинамиканың екінші заңын табиғаттағы қандай процесстерді

      сипаттайды? (қайтымсыз)

4.      Метал бетінен электрондардың өз бетімен ыршып шығу құбылысы

қалай аталады? (фотоэффекті)

5.      Тұрақты көлемі, меншікті пішіні жоқ заттың күйі (Газ)

 

Химия


1 - Сіріңке қорабының бүйіріндегі қандай химиялық элемент қоспасы?

       (фосфор)

2-  Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды? (гелий)

3 - Қандай метал қалыпты жағдайда сұйық түрде кездеседі? (сынап)

4 - Ағашты отсыз қалай көмірлендіруге болады? (концентірленген күкірт

      қышқылына салып)

5 - Жер қыртысы неден құралады? (оттек, кремний және т.б.)

Биология


1.      21  ғасыр дерті (СПИД)

2.      Адам ағзасындағы ең қатты зат  (тіс)

3.      Адам ағзасындағы ең ыстық мүше (бауыр)

4.      Қанның ақ түйіршіктері (лейкоцидтер)

5.      Медицинаның атасы кім (Гиппократ)

 

Екініші топ сұрақтары



 

Химия


1-ең қиын балқитын элемент (вольфрам)

2  Ең жеңіл химиялық элемент(сутек)

3 Ас содасының формуласы (

4 Патша шарабы дегеніміз не?

5 Фосфордың неше аллоторпиялық түрі бар?

 

Биология



1.      Түсті ажырата алмайтын құбылыста ашқан ғалым (Дальтон)

2.      Қанның қызыл түйіршіктері (Эритоцидтер)

3.      Қан беруші адам қалай аталады (Донор)

4.      Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет (балтыр бұлшық еті)

5.      Адам тоқсан пайыз ақпаратты қай мүше арқылы қабылдайды? (көру)

 

Физика



1.      Дене қысымын сиататтайтын шама (температура)

2.      Энергияның берілу формасы (жылу)

3.      Молекулалардың үздіксіз қозғалыста болатынын бірінші ашқан ағылшын ботанигі (Броун)

4.      Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым (Ньютон)

5.      Денелердің электрленгенін анықтайтын құрал (электроскоп)

Математика

1.      Квадраттық функцияның графигі (парабола)

2.      Тікбұрышты үшбұрыш туралы  теорема кімнің теоремасы (Пифагор)

3.      Дискриминант қазақ тілінде қалай аударылады (айқындауыш)

4.      Бұрындары бұл терминнің аты болған жоқ-ты. Ол терминнің атын XVII ғасырда француз математигі  Франсуа Виет енгізді. Латыншадан аударғанда бұл сөз "доңғалақтың сымы" деп аударылады. (радиус)

5.      Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не? (Гипотенуза)

 

ІІ тур «Ойлан, тап» сайысы



«Ойлан тап» сайысының мақсаты оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін, өз пікірін дәлелді жеткізуін бағалау. Сайыс әр сұраққа белгіленген бір ұпаймен бағаланады.

 

1. Бес бұтақты ағашта



    Бұтақ сайын бес алма.

    Біреуін бер алашқа

    Қалады сонда қанша алма? (24)

2. Шопанның барлық қойының 320-сы су ішіп жатыр. Қалғаны жайылып жүр, жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар. (400 қой)

3. Жұлдызды құрт күндіз ағаштың басына қарай 6 м көтеріледі. Ал түнде 4 м төмен түседі. Жұлдызды құрт 14 метр ағаштың басына қанша күнде шығады? (5 күнде)

4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай?  (1 бала асығын дорбасымен алады)

5. Түйе, бота маң басқан

    Төрт аяғын тең басқан,

    Шұнақ құлақ бес ешкі

    Қос лақты, қос ешкі

    Төрт қозылы екі қой

    Бәрін бірге ойлап қой. (17)

6.      Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді? (25 шақырым)

7.      Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық?(4)

8.      Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды. (2, өйткені қалғаны ұшып кетті)

9.      Стол басында екі әке және екі баласы отыр:бұларға алты алма берді, ал алма саны тең әрі бүтін күйінде жетті. Бұл қалай?    (екі алма)

10.  Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

 

 



Алғырлар мен тапқыштар

Бар өнерін салады

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Тапқырлар биіктерде қалықтасын.

Жеңіспенен көк жүзінде шарықтасын,

Жеңіс туы желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

 

ІІІ тур «Тапқырлық» сайысы



Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып мүмкін болатын, тәжірибе жасау арқылы физикалық және химиялық құбылыстарды түсіндіру  (5 ұпай аралығында бағаланады).

 

Бірінші топқа



1.      Дененің электрленуін көрсету. (пластмасса сызғыш, қағаз, мақта)

2.      Картоп неге көгерді (крахмал ерітіндісі, йод, пипетка)

Екінші топ

3.      Дененің деформация қасиетін көрсету. (екі кітап, қиылған картон қағаз, құм)

4.      Құпия хаттың сыры (сүт, спирттік шам, қағаз, қылқалам)

 

 



Алып тұлға дарамыз,

Санның сырын ұғамыз.

Мақал-мәтел шешеміз,

Асулардан өтеміз.

Данадан қалған ұлы сөз,

Әрқашанда ұлағат.

 

IV тур «Санның сыры» сайысы



Бұл сайыста қазақ халқының мақал -мәтелдерінде  әрбір санның тәрбиелік мәнін түсіне білуін қалыптастыру. Сайыс бес ұпаймен бағаланады. Мақалдың жалғасын табу керек.

 

1.  Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.



2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығар.

3. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

4. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына

5. Бір елі ауызға, екі елі қақпақ

6. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

7. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан  тоғыз.

8. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.

9. Жүз есе тырыссаң да, мезгілі жетпей іс бітпейді.

10. Он мың сөздің түйінін, он сөзбен шеш.

 

Жүргізуші:



Судай тасып, әр биік белден асқан,

Дүниеге сан алуан өнер шашқан.

Білім алып, ғылымның жолын қуған,

Әрбір шәкірт өмірде өрге басқан

 

Жүргізуші:



Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау - дей отырып сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз,ойын жеңімпазы марапатталады.

 

 

Қорытындылау.



Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп



Тақырыбы : «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Бағыты : Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие

Түрі : топтық жұмыс

Күні : 23.11.2016ж.

Сыныбы :11 б

Сынып жетекшісі : Ж.Көптілеуова

2016-2017 оқу жылы


Бекітемін:................

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға  «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік Ел-идеясының маңызын түсіну, Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Мерзімі:23.11.2016ж.

Пайдаланылған әдебиеттер: «Тәуелсіздік толғауы»

Жүрісі:


1.Ұйымдастыру 

  Тәрбие сағатының барысы:

1.Психологиялық ахуал орнату .- Әр оқушы  шеңберде тұрып, бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

2.Оқушыларды топқа бөлу:1-топ:Білімділер, 2-топ:Тапқырлар, 3 топ-Алғырлар



  1. Сабақтың ұйымдастыру түрі: диалогты топпен
    4. Постермен жұмыс:

1-топ:Мәңгілік ел

2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл

3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.
5. Қорытынды

6.Күтілетін нәтиже


Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі

2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған  мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.



Мәңгілік Ел-

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.

-ол-Мәңгілік Ел идеясы

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті

-Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

 

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауа­зымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспары жөніндегі стра­тегиялық бағдарламаныұсынатынын айтқан болатын. Жақында Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

 

Қазақстанның бүгінгі жетістіктері:



1991 жыл.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл.

Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.

1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

1994 жыл.

1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 жыл.

1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

2001 жыл.

2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.

2011 жыл.

2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл -Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге бағытталған

 


  1. Постермен жұмыс:-оқушыларға берілетін тапсырмалар

 

1-топ:Мәңгілік ел

2топ- Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл

3топ-Қазақстанның бүгінгі жетістіктері.

 

Қортынынды: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсізідікке қол жеткізгеннен гөрі , оны ұстап тұру әлдеқайда  қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан –жаққа тартқан берекесіздік  талай елдің тағдырын құрдымға жіберген, тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен , өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.



 

Күтілетін нәтиже: «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді, бірлікті, ел тарихын білуді, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуді, отанымыздың байлығын қорғауды үйренді. Білімді ұрпақ болуға, татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау қиынның қиыны. Ең алдымен, өзгеге үлгі болу үшін өз ішімізді ретке келтіруіміз қажет. Жік-жікке бөлінбей, бірлігіміздің беріктігі басқа да ұлт өкілдерін бауырымызға тартуда үлгі болмақ.

Бекітемін:......................

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дауылпаз ақын - ел мақтаны»
Тәрбие сағатының мақсаты:1/ ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту
2/Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру.
3/ Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған күй
Түрі: Ашық журнал
Мерзімі:7.12.2016ж..
Пайдаланылған әдебиеттер: Баспасөз материалдары

Жүрісі:1.Ұйымдастыру 



Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау.
Кіріспе сөзі:- Оқушылар бүгін бізде ерекше сабақ. Ашық журнал түрінде өтетін сабағымызда Махамбеттің ақындық дарыны, күрескер ақындығы, айтулы күйшілігі жайында әңгімелеп, ой қозғамақпыз. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдіретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды:
«… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек. Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі.1 - бет «Күреспен өткен ғұмыр» 1 - слайд.
/Интерактивті тақтадан интернет желісі бойынша Махамбет Өтемісұлы жөнінде деректі фильм көрсетіліп жатады./
Сынып жетекші сөзі: Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Олай болса берілген сызбаға назар аударайық
Сызба. 2 – слайд Махамбет Өтемісұлы
1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы.
Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы
/Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет беремін./
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске ала отырып мына көрініске назарымызды салайық.
Көрініс:Сарайда отырған Жәңгір хан. Айналасында Баймағамбет сұлтан, сарайдың билері, уәзірлері, т. б.
Жәңгір хан Махамбетті шақырып: - Ау, Махамбет! Арамызда шыққан от ауызды, орақ тілді ақын емессің бе? Жырла мені мақтап мына жұртқа.
Махамбет: - Айтсам айтармын хан Жәңгір, жұртқа жасаған ісінді. Қарапайым халықтың ақысын жеп, табаныңа таптамадың ба мына жұртты?
- Хан емессің қасқырсың,
- Қас албасты басқырсың.
- Достарың келіп табалап,
- Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
- Хан емессің аянсың,
- Айыр құйрық шаянсың.
- деп, айта бергенде Жәңгір хан: - Тоқтат! Жетеді енді.
- Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге баласақ болады?
- Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз./оқушы жауабы/
2 - бет. Махамбет – дауылпаз ақын! 3 - слайд
ӨЛЕҢДЕРІ
Ерлікке, елдікке шақыратын
«Мұнар күн»
«Ұлы арман»
«Біртіндеп садақ
асынбай»
«Ереуіл атқа ер
салмай»
«Жалғыз дүние»
«О, Нарын!»
Исатайға арналған
«Исатай деген ағам бар»
«Арғымаққа оқ тиді»
«Тарланым», «Соғыс»
«Мінген ер», «Мінгені
Исатайдың Ақтабан - ай»
«Исатай сөзі»
«Арыстан одан кім өткен?»
Сынып жетекші:
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын салыстырады. Махамбет көл қорыға қызғыштай елі үшін отқа түседі:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім
Мен де айырылдым елімнен
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше.
Өлең - тәрбие құралы. Көне заманнан бері халқымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал - мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым - тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады.
Журналдың 3 - беті. Махамбет – күйші 4 - слайд
«Жайық асу» «Қайран Нарын»
«Жауға шапқан» «Жұмыр қылыш»
«Өкініш» «Исатайдың Ақтабаны - ай» «Шілтерлі терезе»
Сынып жетекші сөзі: Махамбет ақын мен Махамбет батырдың осы қасиеттерін біз күйші Махамбеттен, композитор Махамбеттен де анық байқағандаймыз. Егер біз Махамбет тағдырын ел кегін жоқтаған кескекті ердің ереуіл ғұмыры деп танитын болсақ, оның жырларын сол ереуіл өмірдің поэтикалық шежіресі деп білеміз. Мынау жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы азаматтың жүрек соғысы мен жүрек тынысының үнмен жазылып қалған кардиограммасындай көп жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп тұр. Мұнда да Махамбеттің сол таныс даусы, таныс шабыты, Махамбет жүрегінің сол таныс дүрсілі.
«Исатайдың Ақтабаны - ай» баяғы ереуіл атқа ер салғандардың дегені болып, тастары өрге домалап тұрған қайран дәурендерін жарқылдатып көз алдыңа тосса, «Шілтерлі терезе» сол өктем көңіл, өр жүректің торға түскен торғайдай бұлқынған, бірақ қиянатшыл тағдырға көнбей тайталасқан арпалыс халынан зар төккендей. Онда да тауы шағылып, таусылған мүскіннің мүсәпір жылап - сықтауы емес, намысына қыл бұрау түсіп, бұлқынған арыстың арпалысып буырқанғаны естіледі. Біз осы хал, осы әуенді Махамбеттің «Өкініш» атты күйінен де жақсы аңғарамыз. Онда қалт жіберіп, қапы соққан кісінің ызасы тепсінгенімен, «мұны неге істедім» деп өкінген өксік жоқ. Күйдің әуен бітімі оның Исатайдан айырылып, көтерілістің дағдарысқа ұшыраған тұсында туғанын аңғартқан. Бірақ сондай жер жарылып, аспан шытынаған кездегі күйші жүрегі неткен сабырлы, күйші зары неткен мәнді, ұстамды!
Махамбет күйінің бір бояудан ғана тұрмайтынын қапысыз таныта алатын шығармалар санатына «Жұмыр, Қылыш» пен «Қайран Нарынды» жатқызуға болады. Орындаушылар «Жұмыр, Қылышты» Исатайдан айрылып, жалғыз жортқан Махамбетті Баймағамбет сұлтанның қанды қақпанынан құтқарып қалған байбақты батырлары Жұмыр мен Қылышқа арналған деседі. Осылай болуы ғажап емес. Күйде шалт қимылды батырлыққа лайық аршынды ырғақ, адуын серпін бар. Ол күмбірлей төгілген қоңыр сазбен ара жігі білінбей әдемі жымдасқан. Ал, «Қайран Нарын» Махамбеттің ақындық творчествосының басты арнасына айналдырған туған ел, туған елдің мүддесі мен мерейі жолындағы кес-кесте ұрыс тақырыбына арналған. Күйден «аһ» ұрған зар, қайнаған ыза, езілген мұң, серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар білінеді.
Ақыры жетті күн бүгін,
Ақырып теңдік сұраған.
Түнектің түріп түндігін,
Ат міндің сұлу құладан.
Парызың бүгін өтелген,
Әр ізің жатыр жаңғырып.
Азаттық туын көтерген,
Ақынның жыры мәңгілік!- дей отырып ашық журналымызды аяқтай отырып, Махамбет туралы алған білімдерімізді мына берілген кесте бойынша толтырып берейік..
Үнтаспадан «Жұмыр қылыш» күйі орындалады.
INSERT кестесіБілемін Білдім Білгім келеді
Қорытынды. Топтастыру статегиясы
Үйге тапсырма: Махамбет «Тарланым». Өлең құрылысына талдау жасау.
Бекітемін:...............

Тақырыбы: Имандылық жүрекке ұяласа

Мақсаты:  1.Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді

қастерлеп,өмір заңдылықтарын білуге үйрету.2.Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,

оқушының рухани білімін байыту,логикалық ойын

дамыту.3.Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете

білуге трбиелеу,имандылық,инабаттылыққа баулу.

 Сабақтың көрнекілігі: слайд,нақыл сөздер

Түрі:тәрбие сағыты

Мерзімі:18.01.2017ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:Өзін-өзі тану оқулығы

Жүрісі: Ұйымдастыру

 Шатттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын дағы гүлдерін бір – біріне ұсынып,жақсы тілектерін айтады.

 Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?!

 Атадан жақсы ұл туса

Елінің туы болады

Атадан жаман ұл туса

Елінің соры болады


  • Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Имандылық жүрек

ке ұяласа» деп аталады. Берілген екі түсті таңдап алып,екіге бөлініп отыра мыз.

 Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман,жақсы қасиеттер ді жазып,алдарыңызға бүктеп қойыңыз.

«Топтастыру» стратегиясы

Имандылық

Адалдық

Әділдік


Адамның асыл қасиеттері

Әдептілік

Ізеттілік

Қайырымдылық



  • Балалар,қазақта мынадай тілек тілейді екен.Қыздарға ибалы,инабат

ты болсын,ұлың иманды,жүректі болсын,адамгершілігі мол болсын,қайырым ды болсын. Адам бойында жақсылық пен жамандық,имандылық пен имансыз дық қатар жүреді.Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жаман қасиет терді жазған парақтарды жыртып тастайық.

 Имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?

Балалар пікірі тыңдалады.

Жаңа ақпарат.

Иман – араб тілінде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне,ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға,яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі,ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі,иман жүзділігі жарқын,биязы,парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайы мдылық,сыпайылық,тіл алғыштық,адалдық,әділдік,жауапкершілік.

 Ойланайық,пікірлесейік.

 А) Ұлдарға сұрақ:


  1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?

  2. Қыздарды неге өмірдіңгүлі дейді?

  3. Қыздарға қандай қылықтар жараспайды?

  4. Сұлу қыздарға арнап мақал айт

 Ә) Қыздарға сұрақ:

  1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

  2. Ұлдарға арнап мақал айт

  3. «Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

 

Проблемалық жағдаяттар



  • Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кі

сі шықты. Сен не істер едің?

  • Автобуста,қоғамдық орында егде адамдарды көргенде не істейсің?

  • Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

 Қорытынды. Адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала бо лып өссең, есейе келе ата –анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың.

 

 



Бекітемін:.................

Тақырыбы:Білгірлер отауы

Мақсаты:Білімділік: Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өздік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілеттерін қалыптастыру,  теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Студенттердің  байқағыштық, тапқырлық, жылдамдық, ұтқырлық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Достыққа, бірлікке, бірін - бірі сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: цитаталар, слайдтар

Түрі:  сайыс сабағы


Мерзімі:1.03.2017ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:Әдебиет,қазақ тілі, «Тарихи тұлғалар»
Жүрісі:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:


ІІ. Топтармен таныстыру
ІІІ. Білгірлер сайысы
- Қайырлы күн, құрметті көрермендер,  сайысқа қатысушылар!

Өздеріңізге белгілі, қазір бізде қазақ тілі онкүндігі жүріп жатыр. Міне, бүгін осы онкүндікке  байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.



(мақсатымен таныстырылады)
Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер.
Біздің дана халқымызда «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір», «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақыл сөздер бар. Олай болса, сайысқа қатысушыларды  қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық. Олай болса сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар. Бүгінгі «Білгірлер отауы» атты білгірлер сайысында  11а,б сынып оқушыларынан құралған

Осы сайысты бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,- дегендей, сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы айналымын бастаймыз.

Алғашқы айналым – «Деректер»


(әр топ белгілі бір деректер бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақтардың үш нұсқасы оқылады. Егер сұрақтың жауабын білсе, бірінші боп телефон  тетігін басқан  топ жауап береді.) Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан.
1. «Еңлік –Кебек» дастанында Кебек кездесетін балгердің атын атаңыз?
а)Сабалақ  в)Хасан  с) Нысан
2. «Жетім қыз» поэмасының авторы кім?
а) Айша  в)Алмажан  с) Хадиша
3. Көркем шығармадағы кейіпкердің сөзі, өзімен өзі сырласуы, толғанысы қалай аталады?
а) диалог в) монолог с) эпилог
4. Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген шешен?
а) Бөлтірік шешен в) Қанай шешен с) Жиренше шешен
5. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады
а) 2 в)4 с) 6
6. Сөздердің дұрыс жазылуы жайлы ережелердің жиынтығы
а) орфоэпия в) орфография с) пунктуация
7. Қазақтың «Үш бәйтерегі» биыл неше жасқа толып отыр.
а) 100 в) 110 с) 120
8. Арасынан қыл өтпеу тіркесінің мағынасы
а) өте тату в) жақын с) бірге туған
9. Мақалды толықтырыңыз: Ат сүрінбей ... танымас.
а) көк  в) жер с) ел
10. «Батыр Баян» поэмасындағы хан бейнесі
а) Жәңгір в) Абылай с) Уәли
11. Қобыланды батырдың атын атаңыз?
а) Байшұбар  в) Тайбурыл с) Құлагер
12. Қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған білімпаз, тілші ғалым
а) М. Қашқари в) Әбу Насыр әл - Фараби с) Ж. Баласағұни
13. Қызды ұзатқанда киетін бас киім қалай атайды?
а) тақия в) қызыл орамал с) сәукеле
14. Ноян қай шығарма кейіпкері?
а) «Батыр Баян» в) «Қалқаман - Мамыр» с) «Еңлік - Кебек»

(ұпайлар есептеледі, әділқазылар ұпай сандарын жариялайды)


- Оқу - білім - әр болашақ шуағы
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік
Білім, ғылым көкте биік тұрады,- дегендей енді «Дәлелдер» деп аталатын келесі сайысымызға кезек берейік.

 Бұл сайыста берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, өз дәлелдерін айтады. (Мұнда да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон  тетігін басқан  топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)


1. Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар. (иә)
2. Етістіктің 4 шағы бар. (жоқ 3)
3. «Бақытсыз Жамал» романын М.Дулатов жазған. (иә)
4. Алғабас - Жамбылдың Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ұлының аты ма? (жоқ, Алғадай)
5. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 5 - ке бөлінеді (жоқ, 4 - ке)
6. «Диуани хикмет» Ахмет Йассауйдің еңбегі (иә)
7. Ұзатылар қызға беретін мүлік байғазы деп аталады (жоқ, жасау)
8. Кереге басы мен шаңырақты ұштастыратын ағаш бақан деп аталады (жоқ, уық)
9. Айтыс халық ауыз әдебиетіне жатады (иә)
10. Ш. Құдайбердіұлы Меккеге барды (иә)
11. Ұлдар атқа мінер кезде, нағашылары арнайы ер-тұрман сыйлаған (иә)
12. Абайдың жеңгелері қойған есімі Телқозы деп аталады (жоқ, Телғара)
13. Тіліміздегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер - неологизмдер (иә)
14. Абылайдың шын аты - Әбілқайыр (жоқ, Әбілмансұр)
(ұпайлар есептеледі, ұпайлар  жарияланады)
- Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен,
Ал біздің сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден,- дей келе, ендігі кезекті «Бедерлер» айналымына береміз.

(Мұнда да кім жауапты білсе, бірінші боп телефон  тетігін басқан  топ жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан) Суретте қазақ ақын-жазушылары, сал-серілері суреттері бейнеленген, сіздер кім екендігін және мансабын айтуларыңыз қажет)

(ұпайлар есептеледі, ұпайлар  жарияланады)
Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп төгілсін.

Ендеше сайысымыздың келесі бөліміне де кезек берейік.


Келесі айналым – «Зымыран сұрақтар»
(бұл айналымда әр топқа жеке - жеке 10 сұрақтан қойылады. Әуелі жауап беру кезегі ұпайы көп топқа беріледі) . Әр жауап үшін 5 ұпай. Уақыт шектеулі 1 минут ішінде 10 сұраққа  жауап беріп үлгеру керек.
I-топқа:
1. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
2. Түркістан қаласының ескі атауы. (Яссы)
3. Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын жай сөйлем түрі. (хабарлы сөйлем)
4. «Мұнар күн» өлеңінің авторы кім?. (Махамбет)
5. «Бармағын тістеді» тіркесінің мағынасы. (алданды)
6. Н.Орманбетұлы қай облыста дүниеге келген?. (Қарағанды облысы)
7. Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер. (антонимдер)
8. Біржан сал кімнің тәрбиесінде болды? (атасы)
9. Ш.Уәлиханов қай жылы қайтыс болды? (1865)
10. Даңғара, ұран, үскірік бұл ненің атаулары (музыкалық аспаптар)
II-топқа:
1. А.Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді? (1873 18 қаңтар)
2. Түркі елі киелі жер, екінші Мекке деп түсінген қала (Түркістан)
3. «Қамар сұлу» романының авторы кім? (С.Торайғыров)
4. «Еңлік-Кебек» трагедиясы  қай жылы сахналанды? ( 1917, мамыр )
5. Ж. Аймауытов қай жерде дүниеге келді? (  Павлодар обл, Баянауыл ауд)
6. Жамбыл пір тұтқан ақын (Сүйінбай)
7. Айтылуы бірдей, мағыналары басқа - басқа сөздер (омонимдер)
8. Аңыз бойынша Асанқайғы қайда дүние салған? (Ұлытауда)
9. «Мырқымбай» өлеңінің авторын ата? (Б.Майлин)
10. Жігіттің «үш жұртын» ата? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

(қазылар алқасы ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды)
Қорытындылау
- Сонымен бүгінгі білім сайысы да өз мәресіне жетті.
Білім - гаухар, бағасы жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып, бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық.

Бекітемін:.....................

Тақырыбы: Тарихи мұраны сақтау- біздің борышымыз

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстыру, болашаққа аманат екенін түсіндіру;

Дамытушылық: Тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Сәулет ескеркіштері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Кітап көрмесі, Электронды слайдтар, даналық сөздер, Қожа Ахмет Йасауи ескеркіштердің суреттері, ескеркіштер туралы бейнеролик.

Түрі: Тәрбие сағаты

Мерзімі:1.02.2017ж.



Пайдаланылған әдебиеттер: «Тарихи тұлғалар»,инциклопедия

Жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі біздің өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз» деп аталады. Яғни бүгін сендермен біз тарихи ескерткіштердің түр-түрлерімен таныса отырып, толық мағлұмат аламыз.

- Балалар сендер қандай ескерткіщтерді білесіңдер?

- Ескеркіш дегеніміз не? (Ескерткіш–кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды). 

- Егер білмесек қазір мен сендерді ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстырып өтемін.

- Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз. Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, 125 жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі –Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Йасауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Йасауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады.

  • 1-слайд: Міне, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бейнесі.

-2 слайд: Бұл Алтын адам ескерткіші.«Алтын адам» ескерткіші - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзені жағалауындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін  хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам»  – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.

Бейнеролик: Ескеркіштер туралы бейнероликке назар аударып, көрелік.

VІІ. Ой ашар

- Ерлік туралы,батыр  туралы мақал-мәтелдер айту.                                                                    

1. Жаңбыр жауса-жер ырысы,

Батыр туса-ел ырысы.

2. Елдің атын-ер шығарар.

3. Ерді намыс өлтіреді.

4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

5. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер көтерер.

6. Ер – елдің қорғаны.

ІХ. Ой толғау . Мағынасын ашу

«Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі 

мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін 

қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.»

Н.Ә.Назарбаев

- Бәсекеге қабілетті дамып келе жатқан Қазақстанда әдебиет пен мәдениеттің жетістіктерінің әкелер пайдасы мен үлесі қандай деп ойлайсыңдар? (Ой бөлісеміз.талқылаймыз).

Х. Қорытынды- Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.Сондықтан да ескерткіштерді, мәдени мұра ретінде сақтау біздің борышымыз болып табылады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!



Бекітемін:.............

Тақырыбы: Өмір теңіз жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз
Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: өмір туралы өлең шумақтары.(слайд беттерінде)

Түрі: тәрбие сағаты

Мерзімі:22.02.2017ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:ақпараттар құралдары

Жүрісі:
1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді»
Оқушылар өздерінің атына сын есім немесе зат есім қосып таныстыруы керек.
Мысалы: «Мен жаңашыл Жамилямын»... Мен суретші Сайынмын... т. б
2. Оқушыларға түрлі - түсті қағаздардан жасалған фигура беріледі.
Сол берілген фигуралар бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
1. қызыл (үшбұрыш)
2. жасыл (төрт бұрыш)
3. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейнебаянды тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
4. Сұрақтарға өз пікіріңді білдір.
Өмір дегеніміз не?
Өмір қаншалықты қызық?
Өмір мәні неде?
Өмір несімен қымбат?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді күтемін.
Әр топта отырған оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын ашады.
5. Топтас, ойлан, талқыла.
Постер қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.
6. Қорытынды:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
мына өмір сендер үшін қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.
Сол жолдан адаспай өтіп арман – мақсаттарыңыздың орындалуын тілей отырып бүгінгі тәрбиелік шарамызды «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнімен аяқтайық.
Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?
Стиктерге жазып тілек білдіріп, тақтадағы смайликтерге жабыстырайық.

Құрметті мектеп бітіруші! Өзіңнің көңіліңнен шығатын сауалды белгілеуіңді сұраймыз.
1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым» деген сөз жеткілікті ме?
Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға қойып шығыңыз.  
1- қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға «иә» жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға «жоқ» жауаптарының жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала бойынша оқушылардың мамандық таңдауға дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай- дайын емес;
7-12 ұпай – төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай – жоғары дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен пайыздық қатынаста жалпы берілгендер енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар санын енгізу қажет.

Сағыз селосы

№ 9 орта мектеп


Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет