Түрі: ашық сабақ Әдісі: Блум жүйесі, пирамида,таразы (стр) Көрнекілігі



Дата22.04.2022
өлшемі43,5 Kb.
#140284
түріСабақ
Байланысты:
Қамбар батыр


Тақырыбы: «Қамбар батыр» жырының тілдік ерекшелігі
Мақсаты:
1.Жыр тіліне талдау жасау арқылы әдеби-теориялық ұғымдар қолданысын ажырату.
2.Оқу, талдау, рөлдік орындау, ойлау дағдыларын дамыту.
3.Жыр мазмұнын түсініп, кейіпкерлер бейнесін салыстырмалы талдау.
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: Блум жүйесі, пирамида,таразы (стр)
Көрнекілігі: Үлестірме тапсырмалар,
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Пирамида» әдісі

  1. Жыр тақырыбы 1.Жыр кейіпкерлері

  2. Жыр мазмұны 2.Қамбар батыр-------

  3. Жыр идеясы 3.Назым сұлу-------

  4. Жыр мақсаты 4.Керейұлы Келмембет-------

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Білу. (Өзіндік жеке жұмыс)

Есіңде сақта! Теориялық сөздік.

  1. Түсіну. (Өзіндік жеке жұмыс)

Үлестірме тапсырма. Мәтіннен тілдің көріктеуіш құралдарын табу.
1-топ

  1. Жолбарыстай алты ұлдың

Айбатынан сескеніп,
Келе алмады еш бенде
Әзімбайдың қасына.

  1. Ашылған гүлдей нұрланып

Қылығымен сүйгізді,
Өз теңінің ішінде
Асырып дәурен сүргізді,
Уызында жарыған
Ерте туған бағландай
Толықсытып жүргізді.
2-топ

  1. Қанатты туған пырағым,

Аға-іні сен едің,
Тар жерде жолдас шырағым,
Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың;
Төрт аяғың қазықтай.
Төңкерген кесе тұяғың.
Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес жануар
Сымбатың менен сияғың.
Ажалым жетіп осыдан
Өліп кетсем арман жоқ,
Өзіңе мәлім бұл жағым.
Қара қасқа ат, қалтырап,
Осынша неге қорқасың?
3-топ

  1. Саусағы алтын сұңқарға

Ілдірейін деп келдім,
Көлдегі үйрек,қазыңды-ай
Алтайы қызыл түлкіңе
Қосайын деп ойлап ем,
Құмай жүйрік тазымды-ай.
Тікпекке ақ үй сұраймын
Ел қонбаған сазыңды-ай.
Бұйырып патшам жіберген,
Қайта алмаймын бұл жерден
Іздеген жоғым табылмай.
4-топ

  1. Сіз шақырды деген соң,

Шыдай алмай шығып ем,
Сұңқардың ілген қазына
Бір қара құс таласып,
Жатыр екен өшігіп,
Ажыратып екеуін
Онан бері жүріп ем,
Құмай тазы қуалап
Алған екен бір қуды.
Бір төбет ит айқасып
Қылыпты зорлық есіріп.
Ажыратып соларды
Жолымнан қалдым кешігіп.



  1. Қолдану. (Топтық жұмыс)

«Жыр тілінде сөйлеу...» (Жыр мазмұны бойынша үзінді қойылымдар көрсету)
1. «Қыз Назымның өрмегі»
2. «Әзімбайдың алты ұлы»
3. «Керейұлы Келмембет»
4. «Қараман дәу мен Қамбар бек»
4) Талдау.Жинақтау. (Жұптық жұмыс) «Таразы» стр.
1. «Ақылды туған қыз Назым және ХХІ ғасырдағы қазақ қызы»
2. «Қара қасқа атты Қамбар бек және ХХІ ғасырдағы қазақ жігіті»
3. «Қалмақтың ханы Қараман шапқыншылығы және жаһандану дәуіріндегі қазақ елі»
4. «Ғасырларды көктей өткен көркем жыр»


Бағалау. (Өзін-өзі бағалау)

Тапсырма №

Критерий

Дескрипторлар

Ұпай

1

2

3

1



Жыр туралы нақты мәлімет













2

Көріктеуіш құралдарға мысал келтіру,дәлелдеу













3

Мәтіннен үзіндіні рөлдік орындауда образға ену, ұмытпай айту, дауыс мәнері













4

Өзіндік пікірі болу, жаңа идея, нақты,ықшам















Рефлексия. «Бүгінгі сабақ туралы бір ауыз сөз...»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет