Түрі ретінде талдау Қабылдаған: Садуова Ж. Орындаған: Әбдіcәмет Д. Тобы: жхб-912



бет14/15
Дата22.04.2022
өлшемі69,74 Kb.
#140519
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
бож диана
макала аудару керек, сапа ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ. , бож диана
Экономикалық əдіс- ұйымның қызмет етуі мен дамуына жағымды
жағдайды құруға мақсатты түрде ықпал ететін құралдар мен тəсілдердің
жиынтығы.
Бұл топқа жататын əдістер: экономикалық есеп, жоспарлау, болжау, экономикалық талдау, экономикалық негіздеме, қаржыландыру, экономикалық ынталандыру:сыйақы, еңбекақы, марапаттау, материалды көмек. Ал міндеттемелерді бұзушыларға айыппұл əдістері (қызмет лауазымын төмендету, жұмыстан босату т.б.) қолданылады. Қорытынды нəтиже үшін марапаттау əдісі топтың мүдделерін ынталандырады, ұжымдастыруды көтермелейді жəне жекелеген құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір нəтижелерге қол жеткізу үшін жалақы қорынан төленеді: еңбек өнімділігін арттыру; өнімдердің, жұмыстардың жəне қызметтердің сапасын арттыру; ресурстарды үнемдеу жəне т.б. Басқару əдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, қызметкердің лауазымы өсетін болса, соған сай оның еңбекақысы да өседі.Басқарудың барлық əдістері бір-бірінен оқшауланбайды, өйткені олар белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару жүйесіне ықпал ету жолдарын білдіреді. Белгілі мақсаттарды, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыру үшін жоғарыда аталған басқару əдістері қолданылады.
Педагогтардың шығармашылық əрекеттеріне байланысты педагогикалық менеджменттің өзіне тəн ерекшеліктері бар. Əр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тəрбие үдерісінің менеджері.Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тəн заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пəні, өнімі, құрамы жəне нəтижесінің ерекшелігі. Білім беру үдерісінде менеджердің еңбегінің пəні - басқарылатын нысанның (субъекттің) іс-əрекеті, еңбек өнімі-ақпарат, еңбек құралы - тіл, сөз, сөйлеу, еңбек нəтижесі - білім алушылардың білім, тəрбие, даму деңгейлері. Оқу орнының педагогикалық жүйесі бірнеше жүйенің
жиынтығынан тұратын күрделі құрылым: оқу, тəрбие, материалдықтехникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, əкімшілік басқару. Оқу орны жүйесінің тиімділігі жүйенің құрамды бөліктерінің бір бағытта жұмыс істеуіне, бір бағыттағы іс-əрекеттеріне байланысты. Осыған орай менеджментте ұйымның ішкі ортасы деген түсінік бар. Ұйымның ішкі ортасы – мақсаттарға тиімді жету үшін құрылған бөлімдер. Білім беру ұйымының ішкі ортасын əкімшілік, оқытушылар, білім алушылар, қаржылық бөлім, техникалық қызметкерлер, кітапхана, т.б. құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет