Түрі ретінде талдау Қабылдаған: Садуова Ж. Орындаған: Әбдіcәмет Д. Тобы: жхб-912



бет1/15
Дата22.04.2022
өлшемі69,74 Kb.
#140519
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
бож диана




Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы



Тақырып : Педагогикалық менеджментті кәсіптік қызметтің айрықша
түрі ретінде талдау

Қабылдаған: Садуова Ж.
Орындаған: Әбдіcәмет Д.
Тобы: ЖХБ-912
Түркістан - 2022 ж
Жоспар:


I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық менеджмент мақсаты, міндеттері. Педагогикалық менеджменттің құрылымдары. Педагогикалық менеджмент жүйе ретінде. Оқыту үдерісін басқарудағы педменеджмент
2.2. Педагогикалық менеджмент ұстанымдары, басқару əдістері
III Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе
Менеджмент туралы түсінік. Менеджмент ұғымы ғылымда «іс əрекет түрі» жəне «білім саласы» ретінде қарастырылып, қоғамдағы басқару салаларында қолданылады. «Ғылыми менеджменттің» негізін салушы Ф.Тейлор менеджмент жəне менеджер терминін алғаш рет қолданды, ол өзінің визит карточкасында бірінші болып «менеджмент мəселелері бойынша кеңесші» деп көрсеткен болатын. Менеджмент бойынша бірнеше кітаптардың авторы, кеңесші Т. А. Гибсон: «Менеджмент – шектеулі ресурстар жағдайында мақсаттарға қол жеткізудің өнері» десе, ХХ ғ. менеджмент теоретиктерінің ішіндегі танымалы, американдық ғалым П.
Друкер Өзінің «Энциклопедия менеджмента» (2001) еңбегінде: менеджмент - тиімділік нəтижесі қол жеткізілген нəтижелермен өлшенетін қолданбалы пəн, қазіргі менеджмент - басқару қызметінің арнайы түрі, ол адамдарға бағытталады жəне негізгі мақсаты адамдарды ортақ мақсатқа бірігіп əрекет етуге бағыттау, осы жолда олардың тиімді қызмет жасауына жағдай жасау, əлсіздіктерінің «тігісін жатқызу», сонда ғана адам қабілетінің қоғамға қосар үлесі, берері көп болатынын, бұның барлығы тиімді басқаруға байланысты екендігін айтады.
Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда, to manage, management – басқару, manager- басқарушы, басшы,латын тілінен аударғанда manus-қол).
Менеджментке байланысты пікірлердің негізінде ұғымға анықтама беруге болады. Менеджмент ұғымын ғылыми тұрғыдан тұжырымдайтын болсақ: басқару туралы ғылым; адамдардың қызметіне кəсіби басшылық жасау түрі;басқару еңбегімен айналысатын адамдар тобы; зияткерлік, материалдық, қаржылық ресурстар жүзеге асыратын ғылым, өнер, іс əрекет; басқаруды жүзеге асыратын білім саласы; қазіргі қоғамың саясатына, өмір сүру салтына, кəсіпкерлікке ықпал ететін əлеуметтік- экономикалық институт; басқару саласының ұйымдастыру, əлеуметтік-техникалық аспектілерін оқытатын ғылыми пəн; адамдардың еңбегін, зияткерлік дағдыларын, ынталарын қолдана отырып, белгіленген мақсатқа жету іскерлігі; ұйымды əлеуметтік басқару; ұйым деңгейінде басшылықтың қызметкерлерді басқаруынан тұратын қызмет түрі мен функциялары; адамдармен қарым-қатынасқа түсу тəсілдері мен өнерін меңгеру, ерекше əкімшілік дағды мен іскерліктер жүйесі; адамдар еңбегін жеделдету; адамдармен қызметте нəзік (филигранды жұмыс) басқару; басқарудың адамға бағытталуы;басқарудағы көшбасшылық.
Менеджменттік басқару – ұйымның даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған еңбек өнімділігіне ықпал ететін, ұйымды тұрақты басқару жүйесін құруды қамтамасыз ететін жəне басшылықтың, қызметкерлердің қызмет етуіне қолайлы ортаны құру арқылы өзара ынтымақтасуы жəне алға қойған мақсатқа бірігіп əрекет ету арқылы тиімді жету негізіндегі басқару. Ю.А. Конаржевский менеджментті басқарудың жаңа философиясы ретінде қарастырып, əкімшілік-бұйрықтық жүйе емес, басқарудың жұмсақ жүйесі, жетістік формуласы тұрғысында анықтама береді. Психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Педагогикалық менеджментбасқару өнері, яғни басқарудың принциптерінің, əдістерінің, құралдарының жəне формаларының жиынтығы; оқу-тəрбие жəне оқу-танымдық
процестердің пəрменділігін арттыруға бағытталған, оны басқарудың принциптерінің, əдістерінің, ұйымдастырушылық формаларының жəне
техникалық тəсілдерінің комплексі»- деп анықтама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет