Түрі ретінде талдау Қабылдаған: Садуова Ж. Орындаған: Әбдіcәмет Д. Тобы: жхб-912


Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері



бет5/15
Дата22.04.2022
өлшемі69,74 Kb.
#140519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
бож диана
макала аудару керек, сапа ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ. , бож диана
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері: адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру; адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару.
Бұл міндеттер əр циклде қайталанып отырады. Келесі циклдарда өткен циклда орын алған келеңсіздіктер шешіліп, келесіде ескерілетін болады. Педагогикалық менеджмент міндеттерін жүзеге асыруда келесі шаралар жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, əдістемелік, дидактикалық, тəрбиелік, жоспарлық, қаржылық кадрлық, қамтамасыз ету, ақпараттық, имидждік, бақылау- мониторингтік т.б.
Осы іс шаралар кешені білім беру үрдісінің мазмұнын құрайды, оның нəтижелі орындалып, жүзеге асуы дұрыс ұйымдастырылатын басшылыққа, педагогикалық менеджментке байланысты.Басқарудың негізгі обьектісі: педагогтардың іс əрекетін бағдарлау; іс əрекетін белсендіру арқылы ынталандыру ортасын құру.
Педагогикалық менеджменттің құрылымдық деңгейлеріне педагогикалық ұжымның қызметін басқару; педагогтың қызметін басқару; оқушылардың қызметін басқару жатады.
Педагогикалық менеджменттің негізгі құрылымдары: білім беру компоненті, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оның оқыту үрдісін басқарудың əдістері, тəсілдері, формалары, құралдары, ұстанымдарымен байланысын ұсынады; мотивациялық компонент, біріккен еңбек үрдісіне жекелеме қатысушыларға мақсат қоюды ұсынады; когнитивті компонент, корпоротивті ойлауды дамыту əдісі ретінде педагогикалық білімді танытып, түсіндіруді ұсынады; əрекеттік компонент, ғылыми педагогикалық тəсілдерді білім беру концепциялары мен адамдық фактор аясында қолдануды ұсынады; шығармашылық компонент, педагогикалық əрекет мақсат қойып, оған жету тəсілдерін таңдап, қолдануда шығармашылық сипатқа негізделетінін ұсынады; ақпараттық (конативті) компонент, ақпаратты педагогикалық əрекеттің пəні ретіндегі сипатта анықтауды ұсынады; интегративті компонент, оның көмегімен оқыту үрдісін басқару функциясы мақсат қою, оған қол жеткізу білім беру үрдісі субьектілерімен бірге жасалады.
Сонымен, педагогикалық менеджмент еңбекті жаңаша ұйымдастыра отырып, білім беру үрдісінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған басқару ісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет