§18.Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
1.Анықтамасы:Сары топырақты балшықпен «ғаныш» қолданбалы өнердің құрылыс материалы болған.
2 .Қолданбалы өнер:
2.1.11ғ.оюлы және жылтыратылған кірпіштер
пайдаланылды.
11-12ғ.ғимараттарды өрнекетеп, сәндеу ісіне
оюланған кірпіштер пайдаланылды.
2.2.Керамиканы оюлап жануарлардың бейнесін
салу орын алған.
3.Деректер:Қызылөзен қаласынан арыстан бейнесі бедерлерген терракоталық тақталар табылған.
4 .Археологиялық ескерткіш:
4.1.Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс
моншалары табылған.
4.2.Отырар қаласының рабад өңірінен XI-XIIғ. екі
шығыс моншасы аршылған.
5 .Архитектуралық құрылыстар:
5.1.Мешіттер
5.2.Кесенелер
5.3.Мазарлар
5.4.Моншалар
6 .Мешіт: Мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат.
6.1.Боран мұнарасы – ол X-XIғ. Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастаған кезде салынған.
6.2.Құйрықтөбе қаласынан ең ертедегі мешіттің орны табылды.Күйдірілген және шикі кірпіштен тұрғызылған.
6.3.Тараз қаласынның маңындағы Өрнек қаласынан мешіт орны табылған.
7 .Кесене:Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабыр басына тұрғызылған.
7.1.Айша бибі:XI-XIIғ. Тараз қаласынан 18км жерде орналасқан ғимарат, қазіргі кезге дейін сақталған.
7.2.Арыстан баб:Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы болған.
Ел ішінде «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар.
7.3.Бабаджа-қатын кесенесі:X-XIғ. күйдірілген кірпіштен шаршыланып слынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат.
8 .Мошалар:
8.1.Отырар моншасы:
Отырар қаласының рабад өңірінен XI-XIIғ. екі шығыс моншасы аршылған.
Шешінетін және демалатын бөлмелері бөлек салынған.
Моншаның жылу ошағы шығыс жағынан салынып, одан жылу құбырлар арқылы берілген.
С арқынды су құбыр арқылы сыртқа ағызылып, арнайы жасалған су сіңіргіш ортаға жіберілетін болған.
Отырардың екінші моншасы қаладағы кіреберіс қақпадан 200метр жерде орналасқан, қапайым адамдар түсетін болған.
8.2.Тараз моншасы:
Біріншісі жеті бөлмелі монша.Табылған қалдықтар:сәкілер, су құятын астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер т.б.
Екіншісі біріншіден алыс емес, екі моншада да таудан келетін су қазандыққа қыш құбырлр арқылы жүргізілген.
8.3.Түркістан моншасы:
Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында XXғ. 60- жылдарында жұмыс істеген.Ол қазір мұражайға айналдырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |