«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді



бет4/5
Дата12.10.2023
өлшемі20,14 Kb.
#185035
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 семинар (1)

Арабтардың жаулап алу жорықтары
VII ғасырдың басында Арабия түбегінде Араб мемлекеті құрылады. Бұл мемлекет ислам дінін басты қағида етіп ұстайды. Араб феодалдары «дін үшін соғыс» жиһад ұранымен басқа халықтарға, елдерге басқыншылық жорықты бастайды.
Арабтар жорығының басталуы. 633 жылы арабтардың «дін үшін соғыс» ұранымен жаулап алу жорықтары басталады. Олар Сирия, Иран, Египет жерлерін басып алады.
Арабтардың Орта Азияға, Қазақстанға шабуылы. Арабтар ең алдымен Мәуереннахрға, 706 жылы Бұхараға шабуыл жасайды. Арабтарды Орта Азияға Қорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим бастап келеді. 709 жылы арабтар екінші рет Мәуереннахрға шабуыл жасап, Бұхара қаласын, 714 жылы Шашты басып алады. 753 жылы қарлұқтар мен түріктер арабтарды Самарқанға дейін қуады. 724 жылы арабтар Ферғананың орталығы Қасанның маңында түркештер мен ферғаналықтардан жеңіледі. 737–748 жылдары арабтар Қазақстан жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасайды. 451 жылы Тараз қаласының маңында арабтар осы өңірді басып алған қытайларды жеңеді.
Арабтарға қарсы күрестер. 766 жылы қарлұқтардың, содан кейін Ферғана халықтарының арабтарға қарсы күресі басталды. 806 жылы Орта Азияда арабтарға қарсы Мұқанна қозғалысы болды. IX ғасырда Араб халифатының саяси жағдайы күрт нашарлады. Осының салдарынан Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда арабтардың билігі әлсіреді.
Араб басқыншылығының салдары мен маңызы. Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңірлеріндегі халықтар малынан, жерінен айырылды. Арабтардың басқыншылығы Қазақстанның саяси-экономикалық, мәдени өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Ең алдымен Қазақстан аумағында ислам діні, араб мәдениеті, жазуы тарады. Тараз, Отырар, Бұхара т. б. қалаларда араб мәдениетінің, ислам дінінің ірі орталықтары пайда болды.


Мақсаты:студенттердің берілген тақырып бойынша араб, парсы авторларының деректеріне талдау жасап, терең мағлұмат алуын қамтамасыз ете отырып, тұжырымды ойларын қалыптастыру.


Практикалық сабақ мазмұны: 1. «Мунтахаб ат-таварих –и Му» еңбегінің деректемелік құндылығы. 2. Хафиз-и Абру дың 4 томдық еңбегінің Қазақстан тарихына қатыстылығы. 3. Мұхамед хавенд-шах Мирхондтың (1433-1498) еңбегінің мазмұнының деректемелік мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет