68. Шал ақын Құлекеұлы туындылары жөнінде баяндаңыз. «Шал Ақын» атанып кеткен Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) – халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген.
Шал ақынның әкесi Құлеке Тәңiрбердiұлы – қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Абылай ханның ширек ғасырдай уақытта ең жақын қадiрлес досы, сенiмдi батыры, беделдi елшiсi болып, орта жүздiң iшiндегi ел бастаған, қолбасшы адамы еді.
Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Ресейдің қол астына қарау туралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған.
Анасы – үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады.
Ауызша жеткен әңгiме бойынша Шал ақын қоян жылы, 71 жасында дүниеден өткен, бұл есеппен алғанда ақын өмiрiн зерттеушiлер 1819 жылы қайтыс болды дейдi.
Ұлттық кодты тануда, сананы жаңартуда қоғамның әлеуметтік‑мәдени саласын зерттеген ойшылдардың орны ерекше. Мақаламыз, қазақ дүниетанымын таныған және қоғам бұзылуының алдын алу жолын іздеген Шал ақынның мұрасына арналады. Шал ақын, ұлттық философиямызда жыраулар дәуірі мен зар‑заман кезеңдерінің аралығында өмір сүрген. Шал ақынның шығармашылығы ұлттың тарихи шежіресін, адам мен дін туралы мәселелерді қамтиды. Аталмыш мақалада ақынның шығармасындағы адам мен дін ұғымдарын зерттеген ойларына тоқталамыз.
Қазақтың рухани дүниетанымына қатысты мақалалардың бірінде Шоқан Уалиханов: «Менің бабам Абылай ханның замандасы. Шал ақын қазақ халқының тегі, қазақ халқын құраған рулар жайлы аңыздарды жинақтап, тамаша эпос жасады»,– дейді.
Осы аз ғана сөздерден-ақ, Шал ақынның өз дәуірінің даналығын бойына сіңірген кең тынысты, қуатты ақын болғандығы аңғарылады. Шал ақын өз шығармаларында қазақ халқының ұлттық тарихи‑мәдени құндылықтарын жүйелеумен қатар, келер буынға мағыналы бағдар беретін даналықтың жолын да қалдырған.
Оның шығармашылығында адам мен діннің байланысы, адамның дінді тануы және қиянатқа апаратын мәселелердің төңірегінде көптеген құнды дүниелер қарастырылған.
Шал ақынның ақындық және шығармашылық әлемін, балалық шағын сипаттаған мына бір жыр шумақтарынан бастасақ: