«Жаратқан Мұхамедтің нұрын құдай, Ғаламнан он сегіз мың бұрын құдай. Өз қандасын өзіне досты қылып, Мұндай артық сүйер ме, құлын құдай? Әуел құдай пайғамбар нұрын қылған, Ғаламнан он сегіз мың бұрын қылған», – деген өлеңіндегі Мұхамед пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен беркеті болсын) құдайдың ерекше махабатына ие болған, он сегіз мың ғаламнан бұрын Алла құдай оның (сүйікті пайғамбарымыздың) нұрын жаратқаны туралы жолдарды жеткізуі, ақынның діни білімнен хабары болғанын айғақтайды.
Ақынның келесі өлең жолдарында діннің асыл қасиеттері айтылған:
«Жаратты Мекке менен Мединаны, Жаратты иман, дұға, шын дүниені. Мұхаммед үшбу жүрген үмметіне, Жаратты сынамаққа бүл дүниені. Жаратып он сегіз мың ғалам етті, Бірісін ғалым, бірісін надан етті. Жаратып жын-періні от пен судан, Жаратып топырақтан адам етті». Бұл өлең жолдарында, он сегіз мың ғаламның ішіндегі жын-перінің от пен судан жаратылғанын, сондай‑ақ, топырақтан жаратылған адамға, дүниенің өткінші сынақ екенін айта келе, мына үш ұғымға зейін қою керектігіне тоқаталған, олар: иман, дұға, шын дүние.
Алланың бірлігіне иман келтірген пенденің қаруы дұға екенін еске салып, сол арқылы – ақиқаттың жолында шынайы адами келбетінен айырылып, адаспау жолында, Жаратушыдан дұға сұрау керек екенін айтқан. Яғни, дұға дегеніміз – адамның Жаратушымен байланыс орнатуы және екі дүниенің игілігіне жетуге көмектесетін қасиетті тылсым күш.
Ал, Шал ақынның дұғасына келсек:
«Құдая, мұсылмандық дінінде қыл, Әдәбият тұғрылық жолында қыл, Шарабын өлімнің ішкен шақта, Сапарымды айт, жұма күнінде қыл. Тәнімнен ғазиз жаным айырғанда, Иманымды ұмыттырмай тілімде қыл,