Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет19/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің “Поэзия өнері туралы” трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының” да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің “Әдебит теориясы” (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. “Әдебиет танытқыш” — қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясы” (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың “Әдебиет тееориясының мәселелері” (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың “Әдебиет теориясының негіздері” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып “Сөз өнері” деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың “Қазақ өлеңінің құрылысы” (1970), “Өлең сөздің теориясы” (1973) атты еңбектері — осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген “Әдебиеттану. Терминдер сөздігі” (1997, 1998) жарық көрді.




        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет