В 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,59 Mb.
#32414
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК




ПОӘК

«Мәтін лингвистикасының өзекті мәселелері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені




№ басылым

«__» _____ 2013жыл


ПОӘК 042-0.1 00 /01-2013







5 В 020500 - « Филология: қазақ тілі » мамандығына арналған

«Морфемика негіздері» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





СЕМЕЙ

2013
Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыс

5 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі

1.2 Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі

1.3 Аффикс – тіл элементі

1.4 Грамматика – (грек. – әріп, жазу) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық категориялар мен тұлғалар

1.5 Грамматикалық категория – бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар қатарларының қарама-қарсы қойылатын жүйесі

1.6 Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау процесі

1.7 Етіс – етістікке тән грамматикалық категория

1.8 Қосымша морфема – морфеманың бір түрі

1.9 Морфема – (грек.) тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба

1.10 Морфология – (грек. форма және сөз, ілім) тілдегі сөз тұлғалардың құрылысы мен мағынасын айқындайтын тіл механизмдерінің жүйесі

1.11 Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік

2 ДӘРІСТЕР
1 модуль Морфемика туралы түсінік

№1 дәріс тақырыбы: Морфемика туралы түсінік.



Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері

  2. Морфемиканың басқа салалармен байланысы .

Морфемиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері. Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді морфемалар деп атайды. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және қосымша морфема деп екіге бөлінеді.

Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.

Мысалы: айт, тіл

Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.

Мысалы: тіл-і, тіл-сіз, айт-ыл, айт-ылар, айт-атын

Қосымша морфемалар сөз тудыратын және форма тудыратын қосымшалар (морфемалар) жұрнақтар деп, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшалар (морфемалар) жалғаулар деп аталады.

Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Ал жалғаулар сөйлем ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстыратын категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.

Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды жұрнақтар болып екіге бөлінеді.

Жалаң жұрнақ мағына, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақ. М/ы: -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік

Құранды жұрнақтар: -ымды, -імді, -малы, -мелі, -қылықты, -кілікті т.б.

Жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Төл және кірме жұрнақтар

  2. Көне және жаңа жұрнақтар

  3. Тірі және өлі жұрнақтар

  4. Жалаң және құранды жұрнақтар

  5. Дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар

  6. Синоним және омоним жұрнақтар

  7. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар


Морфемиканың басқа салалармен байланысы

Тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі-тілдің сөздік, екіншісі-тілдің грамматикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете алады.

Сөз дегеніміз – қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, даму тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы т.б. алуан түрлі жақтары бар.

Сөз – айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол мағына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол ұғымды білдіретін белгілі я сол ұғымның мазмұнының бейнесі ретінде қалыптасатындықтан, бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады.

Тілдің сөздігі осындай әр алуан мағыналары бар сөздерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық тұрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатынасын, сондай-ақ жеке сөздердің лексикалық мағыналарын, сөздердің шығу тарихы мен мағыналарының даму, қолданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.

Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр тобына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады.

Адам өзара сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бәрін де тек грамматикалық амал-тәсілдердің көиегі арқылы ғана түсінікті етіп айта алады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Морфемиканың зерттеу объектілері

  2. Морфемиканың Морфемиканың зерттеудің мақсат-мүдделері.

  3. Морфемиканың басқа салалармен байланысы


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.



2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991

  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.


№2 дәріс тақырыбы: Морфеманың фонемадан, синтагмадан айырмашылығы.

Дәріс сабағының мазмұны:

1. Морфемалардың мағынасы мен қызметі.

2. Орыс тілінің және өзге тілдердің морфемаларға әсері

Морфемалардың мағынасы мен қызметі.

Тілдің грамматикалық құрылысын тануда да, оның негізгі мәселелерін анықтауда да әрі таяныш, әрі нысана тұтатын негізгі грамматикалық ұғымдар бар. Грамматикалық құрылысқа қатысы бар негізгі ұғымдар мыналар: грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория.

Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын айтамыз. Грамматикалық мағына сздің түрленуі арқылы да, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынастары арқылы да айтылады.

Қазақ тілінде грамматикалық мағына тудыратын сөздердің бір тобы өте, тым, аса, нағыз, нақ, дәл сияқты күшейткіш сөздер. Мыалы: өте жақсы, тым жұпыны т.б. Грамматикалық мағына негігі сөзерге шылау сөздердің селбесуі арқылы да туады. Мыс: Құрымбайдың ол не үшін келгенін де сезді.

Грамматикалық құбылыстың өзіне тәнграмматикалық мағынасы мен сол мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілі үнемі бірлікте болады. Грамматикалық мағына - грамматикалық құрылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Сондай жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады.

Грамматикалық категория тікелей сөйлемдегі сөздерге және сөз тіркестеріне тән жалпы грамматикалық мағынамен байланысты болады. Жалпы грамматикалық категориялар ішінара морфрологиялық категориялар және синтаксистік категориялар болып екі салаға бөлінеді.

Грамматикалық категориялар туралы түсінік.

Өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.

Келіңіз, менде қызық кітаптар, газет-журналдар бар, бірге отырып оқиық (Б.Майлин); Мүсәпірге тиген ат ұшқыр, менің атым ұшқалақ (С.Мұқанов; Адамды бағындырудың асылы – еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек (С.Мұқанов); Міне енді сіз үйіңіздесіз (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі сөздер грамматика заңы бойынша құрылған. Бұл сөздердің кейбіреулеріне көптік жалғауы, кейбіреулеріне тәуелдік, кейбіреулеріне септік, кейбіреулеріне жіктік жалғауы жалғанып тұр да, солардың арқасында сөйлемдердегі айтылған ойлар да көріктеніп, жатық айтылып тұр. Бұл төрт түрлі жалғау тек осы сөйлемдерде ғана емес, өзге сөйлемдерде де үнемі қолданылып, әрқайсысы өз орнында белгілі мағыналар үстепғ сөздердің қызметтерін сараландырып отырады. Демек, төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдарына категория деп танылып, әрқайсысы бас-басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі. Сөздерге жалғаулардан өзге жұрнақтар да қосылып, өздерінің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі грамматикалық мағыналар үстеп, әрі олардың тұлғаларын өзгертіп, әр қилы басқа категориялар тудырып отырады.

Орыс тілінің және өзге тілдердің морфемаларға әсері

Осы кезге дейін қазақ тіліне орыс тілінің қаншалықты әсер еткенін маман ғана емес, қарапайым адамдар да біледі. Осындай қоғамдық жағдайдан болған тілдік өзгерістерден морфология да тыс қалмайды.

Орыс тілінің қазақ тіліне әсерін мына жағдайлар тұрғысынан қарауға болады:

1) Сөзжасам және оның түрлі тәсілдері тұрғысынан;

2) Сөз таптары, олардың орыс тілі әсерінен толығып, молаюы;

3) Сөздердің морфологиялық тұлғалары;

4) Орфографияланудағы ерекшеліктер;

5) Орфоэпиялық нормалануы.

Қазіргі таңда сөзжасам жүйесі грамматиканың құрамында қаралып жүр. Өйткені сөзжасамның қай тәсілі болса да сөз табына телінеді. Ал сөз табы – морфологияның өзекті мәселесі болып табылады. Осы себепті сөзжасам арқылы сөз құрамының өзгеруі морфемалар жүйесіне жатады.

Морфемалық калькілер тұрғысынан баяндалып отырған бұл тілдік фактілер сөзжасамның синтетикалық тәсілімен тікелей байланысады. Ондағы түпкі сөз орыс тілі болып, қосымшалары калькіге жатқанымен, олар қазақ тілінің заңдылықтарына бағына жалғанады.

Орыс тілі әсерінің қазақ тіліндегі нәтижелері лексикамен де тікелей байланысты. Сондықтан түбір морфеманы лексиканың базасы десек, негізгі және туынды нөлдік формадағы түбір морфемаларды ілкі (алғашқы, бастапқы) сөзформа деп атаймыз.

Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымды бөлшегі

Дәстүрлі зерттеулер мен грамматикаларда тіл бірліктері сөз бен сөйлем деп, сол екеуін қарсы қоя немесе бірімен бірін байланыстырып, өзге тілдік қасиеттерді осы екеуінің айналасына топтап және солардан шығарып, әрі қарай таратып, салалап әкету әлі күнге үзбей жүргізіліп келеді. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде морфологияның сөз тұлғалары былай сараланады:

1. белгілі тұтас мағына беруде сандарына қарай:

А) жалаң сөздер, б) күрделі сөздер деп бөлінсе,

2. солардың әрқайсысы іштей тағы да:

А) түбір сөз,

ә) туынды сөз,

б) қос сөз,

в) біріккен сөз,

г) қысқарған сөз,

3. ал қос сөздер болса:

А) қайталама қос сөздер,

ә) қосарлама қос сөздер т.т. тұлғаларда;

4. мағыналық дербес болу не дербес бола алмау жағынан:

А) мағыналы сөздер,

ә) жартылай мағыналы сөздер,

б) мағынасыз сөздер тәрізденіп, үнемі сөз, сөздер дегендердің айтылып, қолданылуымен жалғаса береді. Осының барлығы, айналып келгенде, тіл деңгейлерінің іштей бір-бірімен байланыстылығы ескеріліп зерттелу қажет болады. Осы міндет тұрғысынан келіп,лексика мен грамматиканы, фонетика мен морфологияны, морфология мен синтаксисті т.т. байланыстыратын морфема деген нақты грамматикалық бірлікті жүйе есепті зерттеу міндетін қазақ ғалымдары, профессорлар А.Қалыбаева мен Н.Оралбаева мойындарына алған.

Орыс тіл білімінде бұл мәселеге Р.А.Будагов назар аударып, мағыналық категория дегенді тек лексикалық категория демей, грамматикалық та категория (оның морфологиялық та, синтаксистік те аспектілерін, бәрін қосқанда) деп түсіну қажет дегенге мегзейді. Кейінірек бұл мәселемен Г.А.Климов, Н.Д.Арутюнова, А.С.Мельничук т.б. ғалымдар айналысты.

«Әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единица» есепті танылған морфеманың соңғы жылдар ішінде тағы да үңіле зерттеуден барып, одан да кіші единицаға бөліну ықтималдығы дәлелденді (Арутюнова Н.Д.). Соның нәтижесінде фонология мен грамматиканы, әсіресе оның морфология бөлімін тікелей байланыстыратын морфонология дейтін лингвистикалық ғылым саласы жарыққа келді.

Тілімізде мыңдаған алуан түрлі осындай сөйлемдер мен сөйлемшелер бар. Олардың бәрі де осындай морфемалардан тұратын сөзформалардың өзара тіркесінен құралады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Түбір морфема(негізгі), аффикстік морфема(қосымша).

  2. Олардың алуан түрлілігі.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі морфемалар жүйесі.

2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1991


  1. Ысқақов А. Грамматикалық мағына және граммаатикалық форма. //Қазақстан мектебі. 1961. №4. 60-66.

  2. Ысқақов А. Грамматикалық категория туралы.// Қазақстан мектебі. 1961. №8. 39-45.

  3. Ысқақов А. Сөздің грамматикалық жағынан даму мәселелері. //Қазақстан мектебі. 1962. №7.

  4. Оралбаева Н. Сөздерді қосымшасыз қолданудың сыры. Кітап: Сөз өнері. Алматы, 1978. 21-18.

2 модуль. Морфтардың түрлері мен қызметі.



№2 дәріс тақырыбы: Морфтар туралы түсінік

Дәріс сабағының мазмұны:

1.Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі.

2.Морфтардың түрлері. Қызметі.

Морфтар – сөзформаның ең кіші құрылымдық бөлігі.

Көп ғасырлар өз ықпалын сақтап келе жатқан дәстүрлі зерттеу үшін грамматикалық категориялар негізгі роль атқарады.

Тіл единицалары сөз бен сөйлем деп, сол екеуін қарсы қоя немесе бірімен бірін байланыстырып, өзге тілдік қасиеттерді осы екуінің айналасына топтап, сондай-ақ солардан шығарп,әрі қарай таратып, салалап әкету әлі күнге дейін үзбей жүргізіліп келеді. Бұл –қазақ тіл білімі, қазақ тілі грамматикасына, қысқасы бәріне ортақ. Сондықтан да «Лексика –сөздердің жиынтығы және соларды тіркесетін сала; Фонетика –сөздердің дыбыстық құрамы,соларды зерттейді, морфология –сөздердің тұлғалары мен сөз таптары жайлы бөлім»т.т. осы тәрізденіп, бәрі де сөзбен байланыса береді. Нақтылы дәлел есепті қазақ тілі морфологиясының сөз тұлғаларын алуға болады. Мұндағы саралауларда сөздер:

1.Белгілі тұтас мағына беруде сандарына қарай: а)жалаң сөздер

б)күрделі сөздер деп топтарға бөлінсе,

2.осылардың әр қайсысы іштей тағы да:

а) түбір сөз,

б) туынды сөз,

в) қос сөз,

г)бірккен сөз,

д) қысқарған сөз,

3. ал,қос сөздер тобы болса:

а) қайталамма қос сөздер,

б) қосарлама қос сөздер т.т. тұлғаларда;

4. мағыналық дербес болу, немесе дербес бола алмау жағынан:

а) мағыналы сөздер,

б) жартылай мағыналы сөздер,

в) мағынасы жоқ сөздер тәріздені,үнемі сөз,сөздер дегендердің айтылып,қолданылуымен жалғаса береді.

Р.А. Будагов грамматика теориялары жайлы арнайы жазған мақаласында «толық мәнді», «жартылай мәнді», немесе «мәні жоқ», «мәнсіз» деп,сөздерді топтастыруда осы күнге дейін лексикаға бой ұрып келген тенденцияның бір жақты екеніне баса көңіл бөледі. Осының бәрінде де,өзге де осылар тәрізді жағдайларда ол единицалардың грамматикадағы мағыналары ескерілмей келе жатқандығын аранай атап өтеді. Сөз біткендері топтастыруда бұл сияқты принцптер –қазақ тіл біліміне де тән.

1960 жылдардың 2 жартысынан бері қарай жүйелік әдіс басшылыққа алынып,тіл қасиеттерінің ішкі-сыртқы ерекшелігіне терең үңіле зерттеудің қарқынды жүргізілуімен байланысты: «тіл единицалары», «тіл деңгейлерінің едницалары», « тіл единицаларының деңгейаралық сипаты,өзара қарым-қатынасы» т.т. проблемалық мәселелер ғалымдар назарын аударады.

Академик А.Т.Қайдаров өзінің соңғы еңбегінде бір буынды түбірлердің өзін түбір-негіз деп қосалрлай атап, кү-л,кү+й, кү+н тәрізденіп,тарихи тұрғыда ол парды одан әрі де морфтарға болу мүмкіндігін дәлелдеді. Түбірлерді ғана емес,бір-ақ аффикс деп жүрген қосымшаларды да тарихи тұрғыда таратып беріп жүргенғалымдарымыз бар. Бұл бағытты негіздеп түркологияда қалыптастырған – академик А.Н Кононов.

Бала мектептен үйіне дейін жүгіріп отырып, тез жетті деген сөйлемде алып, орнындарын ауыстырып,мағынасын да, тілдің жаттықтығы мен көркемдігін де бұзбай, тағы да төмендегіше 3-4 рет қайталап айтып шығуға болады:Бала жүгіріп отырып,мектептен үйіне дейін тез жетті. Жүгіріп отырып бала мектептен үйіне дейін тез жетті. Мектептен бала үйіне дейін жүгіріп отырып тез жетті.

Осы тәріздендіріп сөйлемдегі сөздердің орындарын аустырып қолданғанда, мына нәрселер анықталады:

а) Қара сөзді сөйлемде бастауыш баяндауыштан бұрын айтылыды.

б) Бала,мектептен,тез,жетті дегендер – осы дара күйлерінде сөйлемнің дербес мүшелері;

в) үйіне дейін, жүгіріп отырып дегендер – екеу-екеуден жұбы жазылмайтын бүтіндер.

Сонда 8 сөзден құралған сөйлемде 6 дербес бүтін яғни 6 сөзформа бар.Осылардың төртеуі дара сөздерден, еке уі екі-екі сөздің аналитикалық тіркесінен жасалған.

Осы сөзформалардың;

а) бала,тез деген екуі түбір морфема да,

б) мектеп-тен, жет-ті деген екуі 2 морфемадан тұрады. Түбірлері – мектеп,жет; -тен –жалғау да, -ті өткен шақ жұрнақшасы. Сөйтіп бұлар да,екі морфемадан;

в) үй-і-н-е дейін – күрделі аналетикалық бүтін:бірі негізгі морфема,ол – үй,екіншісі – дейін – көмекші морфема. Осы екі морфема барыс жалғауы арқылы және негізгі сыңарының бұрын, көмекшісінің одан соң келуімен бір күрделі бүтін яғни бұл да сөзморфема болып тұр.

г) жүгір-іп отыр-ып – бұл да бүтін бір сөзформа,негізгі және көмекші етістік-терден тұрады, олардың екуі де көсемше тұлғалы. Сондықтан сыңарларының әрқайсысы түбір морфема + жұрнақша дегенердің аналитикалық жолмен бүтінделуі арқылы жасалған.

Морфема дегенмен қатарласып, морф терминін де қолданамыз. «Орыс грамматикасында» бір морфеманың бір, екі, көп морфтары болуын негіздеп, нақты обьекті сөз болғанда, оны морф деп атайды. Бұлай атау қазақ тілі үшін қосымшаларға әбден сайма-сай келеді. Түбірлерге де сай келетін жерлері аз емес,бірақ орыс тілі түбірлерімен бірдей деп айту қате болар еді.Үй-і-н-е дегенді нақтылай түскенде,үй – түбір морфема, ол осы сөзформа-ның лексика-грамматикалық тірегі, зат есім. Түбірден соңғы –і аффиксі морф,өйткені тәуелдік жалғауының 3- жағының морфемасы дегеннің өзінде оның : -і, -ы, -cі, -сы деген 4 түрлі морфы бар, бұлардың өзі екі түрлі морфонемалы құрылымды болып келеді.Үй-ім-е, аға-сы-на т.т. сөзформалар ең кіші мағыналы бөлшектерге морфтар тұрғысынан талданып, баяндалуы – қашан да тап сол обьектінің нақтылығынан келіп шығады. -ім мен –сы,сондай-ақ –е мен –на т.т. айтсақ та мрфема дегеннен көрі морфтар деп тану, қай морфеманың морфтары деп адекватты атауымызға да бірден-бір мүмкіндік береді.

Морфтардың түрлері. Қызметі.

Сөз дегеніміз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі болып табылады.

Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрпамындағы бөлшектерінің, синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан түрлерін айтамыз.

Қазақ тілінде сөз формалары морфологиялық, систаксистік тәсіл арқылы да жасалады.

Сөздің негізгі түрлері.Сөздер формалық нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.

Жалаң сөз деп құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбір бар сөзді айтамыз. Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөз ішінара біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.

Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп аталады.

М/ы: бас, бастық, басшы, басқар, юасқарма дегендердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, түбірлес сөздер.

Сонымен түбір деп, әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақтылы бір зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрамды айтамыз.

Туынды сөздер деп, жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Туынды түбір деп құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер аталады. Мысалы, үгітші, қаламгер, әсемпаз, сәнқой т.б.

Туынды түбірге сөзжасамның синтетикалық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер ғана жатады. Сонда туынды түбір мен туынды сөз деген екі терминнің арасында үлкен айырма бар. Сондықтан бұл екі термин кейде орынсыз бірінің орнына бірі қолданылатынына қарамастан, олардың әрқайсысының өз мәнінде қолдану керек.

Туынды түбір туынды сөздердің ішіндегі ең көп тараған түрі. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі сөзжасамдық жұрнақтар арқылы туынды түбір сөздер жасап, тілді байытып отырады.

Туынды түбірдің құрамы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұрады. Туынды түбірдің мағынасы негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтың мағынасынан жасалады. Негіз сөздің лексикалық мағынасы жұрнақ қосылғаннан кейін туатын лексикалық мағынаға негіз болады, сондықтан туынды түбірдің мағынасы мен негіз сөздің мағынасы үнемі байланысты болады.

Туынды түбірлердің мағынасы оған негіз болған сөздің мағынасымен байланыста бола тұра, ол негіз сөздің мағынасынан белгілі дәрежеде өзгешелігі болуы крек. Кейде туынды сөздің мағынасы үлкен өзгеріске түссе, кейде ол мағыналық ерекшелік аз болуы да мүмкін.

Таулы, ақылды, өнерлі сияқты туынды түбірлерге сөз табы өзгерді, бірақ мағынадағы өзгеріс өте үлкен емес. Туынды түбір құрамы жағынан алғанда, екі морфемадан тұрады. Олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Бұл екі морфема – туынды түбір үшін міндетті шарт. Негіз сөзден туынды түбірдің құрамы қашанда күрделі болады. Туынды түбірге негіз болған сөз қандай түбір болса да, одан жасалған туынды түбірдің бір морфемасы артық болады.

Туынды түбірлер белгілі сөз таптарының құрамында болады. Туынды түбірлердің сөз таптарына қатысты болатын себебіне, өзіне тән жұрнақтарына толық тоқталу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет