44. Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаттарындағы поэзия туралы байыптауларын пайымдаңыз.
«Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фараби көп жағдайда әрбір ғылым саласында өзіне дейінгі ғұламалардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, оларды таныстыру, еске салу, ондағы ой-тұжырымдарды тың идеялармен байытып, жетілдіруді жүзеге асырады. Біз қарастырып отырған трактатта да осы үрдіс бар. «Ой толғауды дәлелдеу және данагөй Аристотель «Поэзия өнерінде» бекіткен ойды, білуге (ниет білдіргендерді) онымен таныстыру үшін еске салу осы зерттеудегі біздің мақсатымыз болып табылады». Демек, бұл трактат – грек ойшылы, «Әлемнің бірінші ұстазы» Аристотельдің «Поэзия өнері» еңбегінде қарастырылған ойларды тәпсірлей отырып, өзіндік ой-тұжырымдарын үстеуге құрылған.
Әл-Фараби поэзиялық туынды жасаудағы басты материал тіл мен оның алуан түрлі құрылымы екендігін айта отырып, сөз және оның құрамына назар аудару жөн деген ойды нақтылайды. Ақынға поэтикалық пікір керек дейді. Поэтикалық пікір дегеніміз – бұл өлең құраудың кілті. Поэтикалық пікірлердегі ұғымдардың абсолютті шындыққа немесе қиялға қатысын сипаттай отырып, Әл-Фараби оларды қалай жіктеу мәселесіне көңіл бөле отырып, поэтикалық пікірлер көлемі немесе фабулалар негізінде жіктелуі мүмкіндігін атап көрсетеді.
Поэзия өнері жөніндегі трактатында Әл-Фараби араб пен парсы поэзиясында сатира, пэан, жарыстырма өлең, аллегориялық, комедиялық, сипаттамалық және т.б. поэзия түрлерін бар екендігін, әрі олардың біршама зерттеліп жүйеге түскендігін айтып өтеді.
Әл-Фараби грек поэзиясындағы трагедия, дифирамба, комедия, ямб, драма, айной, диаграмма, сатира, поэма, эпос, риторика, амфигенезис және акустика қатарлы поэтикалық жанрларды атап көрсете отырып, олардың әрқайсысына сипаттама береді. Мысалы: «Трагедия – ол өзінің арнайы көлемі бар поэтикалық жанр».
Аристотель мен Темистиядан бері қарай айтылып, зерттеліп келе жатқан ұғымдар екенін айта келе осы жанрлар бойынша поэзиялық туындылар жазушы ақындарды да үш санатқа бөлу керектігіне тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |