Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет89/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”).
Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
(Абай Құнанбайұлы )
Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Сұрай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды?
(Ә.Есмамбетов)
Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Зарлай арнау үлгісі:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба?
(Жамбыл Жабаев)
антитеза — шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі. Мыс., “Қан мен тер” (Ә.Нұрпейісов), “Соғыс және бейбітшілік” (Л.Толстой), “Қызыл мен қара” (Стендаль”) т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп тұр. Қазақ ауыз әдебиетінің А. әдісі шеберлікпен қолданылған. “Қатыны семіз, ері арық, Иесі семіз, аты арық, Тұз жұтынан сақтасын (Мақал). Мұнда А. арқылы адам бойындағы кемшілік әсерлі бейнеленген. “Қара жерге қар жауар, Қарды көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, Қанды көр де, бетім көр” (Ер Тарғын). Бұл сұлулықты эстетикалық талғаммен қарама-қарсы айқын, ашық түстерді салыстыра көрсеткен шендестірудің ұздік үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет