58. Фигура (айшықтау) және оның түрлерін таратып айтыңыз. Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.
Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады:
“Сарқырайды мұз бұлақтар.
Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады:
“Ұйқыдан соң – Жапырақпын,
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң – Құспын,
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.