Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет109/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Апырым, ер Доспамбет!
Азаулы және Доспамбет жырау
Доспамбет жырау осы Азаулының не сол тараптағы көшпелі тайпаның түлегі. Жыраудың:
Айнала бұлақ, басы Тең,
Азаулының Ыстамбұлдан несі кем.
Азаулының Аймадет
Ер Доспамбет ағаның,
Хан ұлында несі жоқ,
Би ұлынан несі кем.
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем – деген жолдарында біраз деректік мәлімет бар (Бес ғасыр жырлайды. Алматы, 1989. 32-б.). Ол Азаулының ағасы. Қырым тарапында қала, ұлыс, ру басшыларын “аға” деп ұлықтаған. Доспамбет өзін хан нәсіліне де, би нәсіліне де жатқызбайды, Аймадет қауымынан екенін мақтанышпен атайды. Аймадет – Дешті Қыпшақ пен Ноғайлыда кездеспейтін ру. Толғаудың “Айнала бұлақ, басы Тең” деуі бекер емес. Тең, Тан, Тана, Дөң, Дон – бәрі бір өзен. Азау теңізіне құятын осы өзеннің бойында туып өскен жыраудың Азаулыны Ыстамбұлмен шеңдестіре сөйлеуінде мән жоқ емес.
Жыраудың 1591 жылғы Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520-1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады.

70. Жиембет жырау Біртоғашұлы шығармаларының революцияға дейінгі жинақтарда жариялануы, жырау туралы ғалымдар пікірін келтіріңіз.
Жиембет жас шағын бүгінгі Батыс Қазақстандағы Өзен, Жем, Арал елді мекендерінің аралында өткізген. Ол 16 жасынан бастап беделді тұлғалардың, хандардың, билер мен батырлардың қасында жүріп ел билеу ісіне араласқан. Уақыт өте батырлығымен қоса шешендігімен көптен дараланған Жиембет Есім ханның беделді биі және батыры болды. Шапқыншылық жылдарында ерлігімен көзге түсіп, ханның жауынгер жасаған басқарып, қолбасшы дәрежесіне дейін көтерілді.
Жиембет батыр 1620 жылы Есім ханның ойрат-қалмақтарға қарсы жүргізген соғысы кезінде асқан ерлігімен исі қазаққа танылды. Осы соғыста тапқырылық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, қазаққа төнген қауіпті сейілткен. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы келген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсеткен.

Жиембет жырау жайлы Х.Досмұхамедұлы "Аламан" атты еңбегінде былай әңгімелейді: "Қалмақтың ханы Есім ханға сыйлыққа бір қыз жібереді. Жиембеттің Жолымбет деген інісі қызды жолшыбай тартып алып, өзі әйел қылады. Жолымбет пен Жиембет көрместей болып араздасады. Жолымбет ағасының үйіне Жиембет жоқта ғана келіп, кетіп жүреді. Бір күні Жолымбет аттан түсіп жатып, Жиембеттің үйде екенін іргеден көреді де, атына қайта мініп кері бұрылады. Жиембеттің бәйбішесі Есенқыз батырдан: "Ініңіңіздің сізден қорқып, қайтып бара жатқанын көрдіңіз бе?",- деп сұрайды. "Ондай есер жаманның маған керегі жоқ. Кетсе жүре берсін",- деп Жиембет қырсыға жауап береді. Сонда бәйбіше:

"Арақ пенен бал қосса,

Ем болады жараға.


Екі жақсы бас қосса,
Жамандар кірер араға.
Жаманды жаман демеңіз,
Басыңа қиын іс түссе,
Жаман да шығар қараға",- деген бұрынғыдан қалған сөз бар емес пе?,- дейді.Осы сөз ойландырған Жиембет батыр сыртқа шығып, атына мініп кетіп бара жатқан Жолымбетке:
"Ей, қыңыр ер, қыңыр ер,

Қыңырайма біздің ер.


Қыналы бозға мінген ер,
Қыз қалмақты сүйген ер.
Хан жалғыз да біз үшеу
Қыңырайма, шіркін, бері кел!" - деп дауыстайды. Жолымбет келіп ағасының қолын алады. Екеуі татуласады.
Жиембеттің "Хан жалғыз да біз үшеу..." деп бата сөйлеуі тегін емес. Жолымбеттің қылығына қатты ашуланған Есім хан, енді Жиембетке де қырын қарай бастайды. Бірақ жырау Есімнің қатаң қабағынан қаймықпайды. Інісін жаладан қорғап:

"Атадан жалғыз мен емес,

Хан ие, ісің жол емес
Жолбарыстай Жолымбет
Құрбандыққа қол емес.
Жол тосып алып кетіпті
Қалмақтан алған сыйыңды
Қаһарыңды басқалы
Қалың елің жиылды.
Бастап келген өзге емес,
Жиембет сынды биің-ді.
Он екі ата Байұлы
Бір тәңірге сыйынды",- деп артында тұрған күшті руын, батырларын арқа тұта сөйлейді. Өзін, Жолымбетті және немере інісі Байбақты батырды хан басынан кем көрмей, "сен жалғыз, біз үшеуміз" дейді. Жиембет атақты қолбасшы, азулы жырау болғанда, Жолымбет қылығына қимылы сай ер болған. Жем мен Сыр аралығында көшіп-қонып жүрген елінің бір тобын қалмақтар ойрандап, қырып-жойып, қанға бөктіріп жатқанда ханнан жәрдем болмай, ол ханның бұйрығынсыз сарбаздарымен Жем бойының батырларымен бірлесіп, құлдықтағы ауылдастарын босатып алады. Оларды Жем бойына орналастырады, сөйтіп ешкімге тәуелсіз "Алты ауыл" ордасы пайда болады. Түрік жырларын зерттеуші В.М.Жирмунский "...алты ауылдықтар шамасы, кейін Жайық пен Жемнен бастап Ырғыз бен Арал аралығын, оған қоса бір кезде ноғай жайлаған жерлерді алған "кіші жүзге" сіңіп кеткен болуы керек" - дейді.
Жиембет бидің Есім ханмен достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Екеуінің арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы кезінде келіспеушілік өрістей береді. Жырау Есім ханның кейбір озбыр, жөн-жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға қоймайды. Сөйтіп хан мен бидің арасы суи бастайды. Жиембет ханнан іргені аулақтатып, қол астындағы елге өзінше билік жүргізе бастайды.
Көрнекті ғалым, профессор Х. Сүйіншəлиев өзінің белгілі оқулығында былай деп жазады:

«Жиембеттің өмір сүрген кезі — Есім ханның тұсы. Оның əкесінің аты əр деректе əр түрлі аталады: Біртоғаш, Бортоғаш, Мүфтоңаш. Біздіңше, дұрысы ел есінде сақталған — Мүфтоңаш болса керек...


Ол Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан. Мүфтоңаштан Жиембетпен бірге Жолымбет, Ахмет деген ұлдар туған. Туып-өскен жері — қазіргі Орал облысы, Тайпақ ауданы. Негізгі мекені — Байбарақ, Байшерек деген жерлер. Қыстауы — Жайық жағасындағы Есім төбесі. Жаз Жиембет ауылы Жем-Сағыз бойын жағалай жайлаған.
Ел аңызы бойынша, Жиембет Ителіне айдалады. Есім өлген соң ол еліне келіп, 1680 жж. шамасында, тоқсанның үстіне шығып өлген» [12; 290, 291].
Есім ханның қабырғалы билерінің бірі болған Жиембет қарапайым көшпенділер қатарынан емес. Халық аңыздарының жəне шежіренің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы — Ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр: Алау — ХVІ ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам [13; 68].

Жиембеттің жастық шағы Батыс Қазақстан аймағының Дендер, Өзен, Жем, Арал өңірінде өтеді. 16 жасынан бастап хандардың, билердің, батырлардың жанында жүреді. Шешендігінің арқасында ел билігіне араласады.


Жиембет Есім ханның беделді биі, батыры, қолбасшысы болып, талай шайқастарға қатысады. 1620, 1627, 1628, 1635 жж. қалмақтармен болған соғыстарда Жиембет батыр бастаған сарбаздар ірі жеңіске жетеді. Əсіресе 1620 ж. Есім ханның Ойрат қалмақтарымен шайқасы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетеді.

Қазақ энциклопедиясының 4-томында: «Ол Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620–1627 жж. жорықтарға қатысып, ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігімен көзге түскен», — деп жазылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет