Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Бернияз Күлеевтің қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы туралы баяндаңыз



бет40/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

20. Бернияз Күлеевтің қазақ поэзиясына қосқан жаңалығы туралы баяндаңыз.
Б.Күлеев XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, жалынды жырлар жазып, кезінде қоғам ісіне де араласып, өмірден жастай өткен ақын. Бернияздың өмірбаянына қатысты деректер өте мардымсыз, тапшы. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ газеттеріне шыққан замандастарының бірлі-жарым естеліктері мен бірді-екілі монографиялық еңбектердегі ақын өміріне қатысты айтылған деректер ғана.
«Ақын өмірбаянының алғашқы, негізгі биографы — ақынның замандасы жақын жолдасы Мерғали Ешмухамедұлы. М.Ешмухамедұлының ақын өмірбаянына қатысты алғашқы дерегі оның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты жазылған «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 30 наурыз күні шыққан №72 санында жарияланған «Күлейұлы Бернияз» деген мақаласында берілген.
«Б.Күлеевтің негізгі шығармашылық өрісі — лирика жанры. Ол махаббат көңіл-күй лирикаларын көп жырлаған ақын. Тіпті ақынның екі-үш поэмасының өзі оқиғалы сюжетке құрмай, бірыңғай лирикалық толғаныстарға құрған. Сондықтан да Бернияздың ақындық қуаты мен шығармашылығының қайнар көздері лирика жанрының төңірегінен табылмақ».
«Тақырып жағынан алғанда ақынның төл шығармаларын шартты түрде үш салаға бөлуге болар еді. Бірі — әлеуметтік жырлар, екіншісі жеке басының сезіністерін білдіретін толғаулар, үшіншісі — махаббат сырын шертетін немесе табиғат көріністерін бейнелейтін әсем лирика», деп ақын өлеңдерін өз тұрғысынан осылай бөледі.
Ысқақ Дүйсенбаев өзінің «Эпос және ақындар мұрасы» деген еңбегінде.1914-1916 жылдар — Бернияздың аулында өскен шағы. Балғын жастың толғаныстары мен ойлары, айналадағы дүниені танып-білуі, арман-тілегі тіпті ерте есейген әрі терең. Адамның дәл осы шағында өзінің болмысына жан дүниесіне терең үңіліп, оны жалпы өмірмен байланыстыра толғануы, зерделі ойлар түю жиі кездесе бермейтін құбылыс. Ал Бернияз Күлеевтің өлең иірімдерінен осы күбылыс көрініс тапқан. «Ойдағым» өлеңінде ақын:
Жатсам-тұрсам бір минут ойдан кетпей,
Ішімді өртеп бойды алып аяу етпей,
Ойға, қырға жүгіріп сандалсам да,
Көзім көріп ұстауға қолым жетпей.
Өзі қызық, қымбатты, өзі тәтті,
(Әттең қылған қылығы жанға батты).
Кейде жүзі жып-жылы, мейірімшіл-ақ
Болса-дағы кей шақта көңілі қатты.
Ұшқындай боп талпынып тұла бойым
Соған жетпек — тек қана жалғыз ойым.
Сол күндерде сау басым сырқат болып,
Қызықтырмас көңілімді күлкі ойын…
Жеткізбейді ойдағым ойласам да,
Соңына еріп қуалап қоймасам да.
Ашулансам, ол қайта алыстайды,
Алданбайды күлген боп ойнасам да…
Әлі жүріп келемін әуре болып,
Әлім бітіп, бір қызып, бірде тоңып,
Жетсем, жаным көрсін деп рахатын,
Жете алмасам, қалуға жолда солып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет