Ахмет шығармашылығындағы дәстүр мен жаңашылдық бір-бірімен астасып, қапсарлас жатыр. Олай дейтін себебіміз, өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлыныңұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Мәселен, ол – ең бірінші,қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуынакөп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе»оқулығының авторы, екіншіден, қазақтыңәлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуының халықты тез әрі жаппай сауаттандыру жолында бірқатар кедергілері мен қиындықтары болды және араб әліпбиін пайдаланған күллі түркі халқы ортақ орфографиялық заңдылыққа бағынған болатын. Ал бұндай жазуды ұлттық деңгейге көтерудің ең басты тәсілі ретінде А.Байтұрсынұлы араб әліпбиінқазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес реформалау деп білді, осылайша ұзақ ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан араб графикасына өзгеріс енгізу идеясын алғаш көтеріп, оны іс жүзінде реформалады. Араб жазуын реформалауға түрткі болған ең басты себептер мыналар еді: бір дыбыс бірнеше әріптермен жазыла беретін, дауысты дыбыстар көп жағдайда таңбаланбай, араб тілінің заңдылығына сәйкес харакаттар арқылы берілетін, қазақ тіліндегі тоғыз дауыстыға үш таңба (а, у, и) ғана арналған болатын. Міне осымен байланысты жазылған сөздің мағынасын ажыратуда қиындықтар мен кедергілер көп еді және дауыстыларды таңбалайтын әріптер жеткіліксіз болатын. Араб әліпбиіндегі осындай кемшіліктер халықты сауаттандыру ісін тежеді. Бұл қиындықтарды шешудің жолын тауып, ұлттық әліпбиді құрастырған және ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралын жасап шыққан А.Байтұрсынұлы болды. Ахмет Байтұрсынұлы оқу жүйесіне де түбегейлі реформа жасады. Өйткені соған дейінгі оқыту жүйесі таза араб тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, құран сүрелерін жаттауға бағытталатын жәнежазба тіл араб, парсы, түркі тілдерінің грамматикалық ерекшеліктеріне сүйенетін. Қарапайым халықтың ұғынуына қиын тиетін бұл оқыту жүйесін ұлттық, жалпыхалықтық деңгейге көтеріп, «жаңа (жәдид) бағытта» дамытқан А.Байтұрсынұлы болды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиі, яғни төте жазу 1912 жылдардан бастап қолданысқа енгені белгілі. Төте жазудыңең басты ерекшелігі мыналар еді:
- қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді әліпби құрамынан алып тастады;
- араб жазу заңдылығына тән диакритикалық белгілер қолданылмады;
-дауыстылар жүйесі қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес таңбаланды.
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп, 1 дәйекше белгісі болды. Дәйекше қойылмаған сөз жуан, дәйекше қойылған сөз жіңішке болып оқылатын. Яғни үш ақ дауыстысы бар араб әліпбиін, қазақ тілінің үндестік заңына сүйене отырып, еш қиындықсыз қазақ жазуына ыңғайлады.
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазу жүйесі негізінен үш түрлі сатыда қызмет етті: қадим, жәдид, төте жазу. Осылардың ішінде төте жазу, яғни А.Байтұрсынұлының әліпбиі ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралы болды. Ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Сонымен бірге А. Байтұрсынұлының ел арасына кеңнен тараған бірнеше әндері де бар: «Аққұм», «Қаракөз», «»Екі жирен», «Қараторғай»т.б. «Қырық мысал» ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны М.АКрыловтан аударылған:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де түгелімен тіпті аударма секілді емес.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. «Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты ұйқыдағы халқын оятуға жұмсайды. Осы секілді еңбектері арқылы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын толықтай дәстүр мен жаңашылдықтың астасқан көрінісі деп тани аламыз.
Дереккөз: З.Ахметов «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы мен дәстүрлері» (1978 монография)
Алаш зиялылары: дәстүр және жаңашылдық
Алашорда қайраткерлері философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық-Ә.Құранбек/Ақиқат,-2013
Достарыңызбен бөлісу: |