51. Баллада жанрының табиғатына сипаттама беріңіз. Баллада (lang-la| ballo, прованс. balada — билеймін; нем. allade, фр. ballade, итал. ballata — би әні) — өнер жанры;
1) әдебиетте: поэзияның шағын сюжетті лирикалық жанры;
2) музыкада: аталған шағын лирикалық өлеңге негізделіп жазылған би әні. Баллада жанр ретінде орта ғасырда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты. Алғашында, роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтардың би әнін, кейінірек Батыс Еуропа халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі баллада 12 — 13 ғасырлардағы трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері мен әндеріне негізделген шығармалардан бастау алады. Ал, 13 — 15 ғасырларда Францияда полифониялық рефренді әндер (Гильом де Машо), Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды. “Робин Гуд және монах”, “Робин Гудтің Вилли мен Статлиді азат етуі”, т.б. балладалар осыны айғақтайды. Балладаның классикалық үлгісі Францияда қалыптасты. 28 жолдан тұратын француз классикалық Балладасы үш сегіз жолдық, бір төрт жолдық шумақтардан тұрады және сюжеті жеңіл не сюжетсіз лирикалық сазды өлең түрінде келеді. Франция балладаның ірі өкілдері: Э. Дешан, К. Маро, Ф. Вийон, П. Ронсар, К. Орманский, Х. Пизанский және т.б. Италия әдебиетіндегі баллада француз балладасынан құрылымы жағынан еркіндеу, стилі жағынан да өзгешерек болады, италиялық балладаның классикалық үлгілері Данте мен Петрарке шығармаларында көрініс тапты. Кейіннен, ағылшын және шотланд әдебиетінде баллада қарқынды дамыды. Және ол сюжетті лиро-эпикалық поэма түрінде жазылды. Англия балладасының ірі өкілдері: Р. Бернс, С. Коллидрж, У. Блейк, Р. Киплинг, Р. Соути, Р. Стивенсон. Германияда баллада алғашында хор әні түрінде қалыптасып, кейіннен антикалық миф пен аңыздарға негізделген лирикалық-эпикалық сюжетті өлең сипатындағы түрлері қалыптасты. Германияда балладаның өкілдері — И. Гете, Ф. Шиллер, Г. Гейне, Л. Уланд,А. Брентано және т.б. 18 — 19 ғасырларда орыс поэзиясында романтизм мен сентиментализм ағымдары айқын көріне бастаған кезеңде балладаның қалыптасуына В. Жуковский, А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Козлов, А.К. Толстой, В. Брюсов, т.б. ақындар ерекше ықпал етті. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын Ерубаев әкелсе, оның дамып, қалыптасуына Қ. Жармағамбетов ерекше үлес қосты.С. Ерубаевтың “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, т.б. балладалары болса, Жармағамбетовтың балладалары “Адам туралы аңыз” (1951), “Мұғалима туралы баллада” (1957), “Балладалар” (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Сәрсенбаев, Ж. Нәжімеденов, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, К. Мырзабеков, М. Шахановтың балладалары қазақ әдебиетінде оның жанр ретінде қалыптасып, орныға бастағанын көрсетеді. Музыкадағы баллада жанры 18 ғасырда Германияда пайда болды. Оның гүлденуі австр.-неміс музыкасындағы романтизм ағымымен үндес келді (Шуберттің “Орман патшасы”, К. Лев, Р. Шуман, Х.Фольф, т.б.). Неміс мәдениеті ықпалымен баллада жанры Ресейге тарады (А.Н. Верстовский, А.Е. Варламова, М.И. Глинка, П.И. Чайковский, т.б.). Музыкадағы баллада қазірде кең тараған жанр ретінде танылады. Верстовскийдің “Қара шәлісі”, Глинканың “Түнгі байқауы”, А.Г. Рубенштейннің “Балладасы”, Бородиннің “Теңізі”, Мусогорскийдің “Ұмытылғаны”, т.б. осыны айғақтайды. Музыкада Ф.Шопен фортепьянолық балладалар жанрын дүниеге әкелді, бұл жанр кейіннен Э. Григ, А.К. Лядов, т.б. шығармаларында жалғасын тапты. Романтикалық баллада (ария) опералық шығармада да кездеседі (Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б.). Қазақ музыкасында да баллада жанры туып, өріс ала бастады. Ж.Жабаевтың өлеңіне арнап М.Төлебаев “Туған елім”, Е. Брусиловский мен Қ.Қожамияров фортепьяно үшін, Ғ.Жұбанова баритон дауыс пен симфония үшін балладалар, Қ.Мусин “Сәкен Сейфуллин туралы поэма-баллада” жазды. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев ("Үш шахтер туралы баллада", "Меруерт алқа", т.б.) окелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды ("Бидай туралы баллада", "Мұғалима", "Күзетші", "Кекті бала", т.б.). Жармағамбетовтың балладалары "Адам туралы аңыз" (1951), "Мұғалима туралы баллада" (1957), "Балладалар" (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қадыр Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған.
Баллада, негізінен, итальян сөзі (ballare – билеу деген мағынаны береді. Зерттеуші З. Қабдолов: «Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет (мысалы, ағылшынның Робин Гуд жайлы халық балладалары) болып келеді» – деп көрсетеді.
Қазақ әдебиетінде баллада жайында жекелеген пікірлер айтылып, мақалалар жазылып жүргенімен, арнайы кандидаттық диссертация 2005 жылы қорғалды. Осы ретте Ж.С. Рамазанованың «Қазақ поэзиясындағы баллада жанры (қалыптасу, даму ерекшеліктері және көркемдік сипаты) деген тақырыптағы еңбегінің орны ерекше. Сондай-ақ, Ж. Толысбаева мен Ә.Қабыловтың авторлығымен 2008 ж. Семей қаласында жарық көрген «Поэзия жанрлары: тарих және жаңа заман тәжірибесі» еңбегіндегі «Баллада: даму тарихы мен қазіргі нұсқалары» атты арнайы тараушасын атауға болады. Ж.С. Рамазанова өзінің «Қасым поэзиясындағы балладалар» мақаласында «Баллада – өлеңмен жазылатын синтетикалық жанр. Оған тән сипаттар: оқиға, характер, драматизм мен лиризмнің қоса өріліп келуі (баяндау, ақынның бағасы).
Баллада дегенде есімі ерекше аталатын ақындардың бірі – Қ. Жармағамбетов. Ақын туралы Баламер Сахариев: «Қазақ поэзиясында баллада жанрын бастаушы болмаса да, түбегейлі қоныс тептіріп, орнықтырушы Қайнекей болды десек, артық айтқандық болмас» – деп өз ойын анық білдіреді.
Ақын Қ. Жармағамбетовтың «Шын махаббат», «Ар туралы аңыз», «Шал мен ажал», «Ана кегі», «Әке мен бала», «Мұғалима», «Бидай», «Большевик», «Соңғы түн», «Жидебайдың түндері мен күндері», «Фирдоуси туралы баллада», «Ақын мен ажал», «Бетпақдала аңызы» балладаларын атай аламыз. Баллада жазумен көп шұғылданған ақынның «Шын махаббат» атты балладасында Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинградты қорғаушы кеңес адамдарының төзімдігі, бір-біріне деген шексіз достық сезімі, жаумен шайқастағы асқан ерлігі суреттелген.
Ал, «Ар туралы аңыз» балладасын ақын кеңес адамы мен фашист басқыншыларының арасындағы мінез, характер ерекшелігін тосын, төтенше оқиғалар арқылы көрсеткен. Балладағы кеңес жауынгері жалын атқан ерліктің, ізгі адамгершіліктің, отаншылықтың, ар-намыстың туын биік ұстайтын тұлғада көрінеді. Ал, сол кеңес адамына қарама-қарсы алынған фашистік басқыншылары адамгершіліктен жұрдай, есуас, қоян жүрек қорқақ, қанпезер пенде ретінде нанымды жырланған. Ақын адамның жағымды, жағымсыз мінездерін тосын уақиға арқылы баллады жанрында көрсету тәсілдерін жақсы игерген[4.63].
Ақынның «Ақын мен ажал» балладасы Хамит Ерғалиевке арналған. Оқиғаның негізгі мазмұны ақын мен ажал арасындағы қақтығыстар. Жан алмақшы мен өлең жетегіндегі ақынның жан дүниесі туралы баяндалған. Өзінен басқаның бәрі ұйқыда, тек серігі аспанындаға ай мен қолына алған қаламын ширатып отырған ақынға ажал таңға жақын жетіп келеді. Баскесерін жылмаңдатып шаппаққа жүгінеді. Соңғы сөзін тыңдамаққа бекініп, келесі күні келуге ұйғарады. Ақын өсиеті – дастанын аяқтау еді. Келесі күні ажал тағы түн ортасында есік қағып, қара қанжарын суырды. Сонда ақын:
сөзбен өжет қайсар мінез көрсеткен жан сақтар жаның сөзін естіген ажал бұған қарай қолын сермеді, қолы қағылып тілерсегі тілініп өтті. Ақын сол мезетте ғайып болды. Оқиғаның шарықтауы ақын жанына көзделген оқты табиғат аясы қақпақтауында. «Зәресі ұшып қашады ажал, Белестерден асады ажал»-деп аяқталатын баллада өлең қиянатқа көнбейтінін, жорықтарда ер жаттап, ел жүрегінде сақталатынын, ақын жанының өлең-жырдан айырылмасын айқын көруге болады.