66. Үмбетей жырау Тілеуұлының шығармашылығына талдау жасаңыз. Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында дүниеге келген. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды.Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді.
Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған.
Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.
Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.
«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», — деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда:
Қашақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп
Алтай тауға асырдың.
Ақ шәугімге қос тігіп
Ауыр қол желдіріп алдырдың
Қашаққа ойран салдырдың, — деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді.
Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген.
Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сипаттамасымен де құнды. Олар сөз өнерін аса қадірлеген, биік санаған. Мысалы: Асан қайғы «таза мінез, асыл сөз ой түбінде жатады. Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады», десе шаякиіз; «жақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейді», — дейді. Олардың поэзиясы терме, толғау түрінде келеді.
Үмбетей – ХVIII ғасырда жасаған, ерлікті жырлап, ел тыныштығын көксеп өткен жалынды ақын.
Оның жоңғарларға қарсы күресте көзге түскен даңқты батырлардың бірі Бөгембай батырды жоқтап айтқан өлеңі мәлім.
Ақын Бөгембайдың ерлік істерін ардақтап, оның өлуіне өкініш білдіреді. Жоқтауды ол Абылай алдына келіп, бір жағы естірту ретінде толғапты. Үмбетейдің Бөгембай туралы түсінігі тарихи шындыққа сай. Ақын батырдың рөлін дұрыс танытады. Жоңғардың бетін қайыруда қол бастаған жойқы батырдың қаһармандық істерін үлгі етеді.
Оның өліміне деген халық қайғысын әсерлі сөздермен термелейді.
Уай, Абылай, Абылай
Абылай ханым, бұл қалай?
Дұшпаныңды мұқатқан,,
Жауыңа қарсы оқ атқан,
Аруағың табысқан
Батырың өтті Бөгембай
Бөгембай өлімін «Естріту» ретіндегі толғауында ақын Абылайдың өткен өмірін, хан болғанға дейінгі жалшылық жайын Бұқар сияқты ашық айтады
Оның атын шығарған атышулы қазақ батырлары екенін, соның бірі Бөгембай батыр болғанын атап көрсетеді. Бұдан кейін Үмбетей қазақтың бас кестерер батырлары мен билерін санап өтеді. Олардың жоңғарға қарсы күресте атқарған ерлік істерін дәріптейді. Әрқайсысының кескін, келбеті, тұлға-тұрпатын, ерлік мінезін сипаттап, даралай бейнелейді. Ақын батыр өліміне деген ел қайғысын өз жеке басының қасіретін ретінде ауыр өкініш арқылы баяндайды.