Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
42
Түркі, кельт мифологиясындағы ортақ сипаттар бұл айтылғандармен
шектелмейді. Түбі бір туыс деген ғылыми гипотеза бұл екі халық
мифтерінің ұқсастықтарын кең түрде қарастыруды қажет етеді. Біз
«ғажайып мекен», «Жерұйық», сондай-ақ ерекше жаратылысты, тылсым
қасиетке ие қаһармандар – друид пен бақсы туралы қарастырдық.
Адамзаттың мәңгілік мұраты ғажайыпқа сене отырып, мәңгілік өмірге
қол жеткізу, елдік, елдік салт-сананы, жаратылыс құпиясын ерекше
жаратылысты адамдар әрекеті таныту осындай ұқсас мотивтер мен
кейіпкерлер арқылы айтылады. Мифті ежелгі дүниетаным деп қарасақ,
мұндай ұқсастықтар заңдылығын салыстырмалы-типологиялық тұрғыда
талдап, ілкі замандағы адамдардың ақиқатты тануға деген талпынысы
түрінде зерделеуімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: