25
Türk Dünyası 43. Sayı
*
Prof. Dr., L. Gumilev Avrasya Millî Üniversitesi Kazak Edebiyatı Bölümü, Astana, Kazakistan, a_zhanat@mail.ru.
ТҮРКІ МИФОЛОГИЯСЫ:
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ, ОРТАҚ МОТИВТЕР ЖӘНЕ
КЕЙІПКЕРЛЕР
Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
*
Түйіндеме:
Бұл мақалада түркі мифологиясының сипаты мен ерекшеліктері
қарастырылады. Түркілік дүниетанымның негізгі өзегі, әлем халықтарындағы
мифтік таныммен ұқсастығы мен айырмашылығы талданады. Түркі
мифтеріндегі адам мен табиғат байланысы, аспан мен жер туралы ежелгі
түсініктер жүйесі мысалға алынып, тұжырымдар жасалады. Аруақ культінің
көшпенділердің рухани кеңістігіндегі мәні белгілі ғалымдар пікірлеріне сүйене
отырып түсіндіріледі. Көне түркі мифологиясының мәдени танымдағы орны
туралы ой қорытылады
Сондай-ақ түркі және кельт мифологиясындағы ұқсастықтар миф
типологиясы және дүниетаным бірлігі тұрғысынан қарастырылдады.
Гиперборейліктер атанған бұл халықтардың «варварлар» ретінде тарихқа кіріп,
күллі құрылықтағы мәдениеттің бастауында тұрғанын тарих жоққа шығара
алмайды. Бірсыпыра Еуропа халықтарының мәдени тарихында айрықша орны
бар кельттер мен түркілік рухани кеңістік арасындағы байланыстың арналары
тарихтың терең қатпарында жатыр. Түркі мифологиясының әлемдік
мифологиямен сабақтастығы, туыстастығы, әсіресе, кельт мифтерімен
ұқсастықтар бұл халықтар мәдениетінің тамырластығын аңғартады.
Салыстырмалы талдаулар жасалып, тиісті қорытындылар жасалады.
TÜRK DÜNYASI
, Dil ve Edebiyat Dergisi/
TURKISH WORLD
, Journal of Language and Literature
Issue: 43 (Bahar-Spring 2017) - ISSSN: 1301-0077 Ankara,
TURKEY