«Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны.»
Қайта өрлеу дәуіріне белгілі бір дәрежеде классикалық анықтаманы өз кезінде Ф. Энгельс бере алды. Оның әділ айтуынша қайта өрлеу өткендегінің, ескінің, антиканың қайта жаңғыруы ғана емес, бұл дәуір сауда мен қолөнердің орталығы — қалалардың дамуы қала сословиелерінің пайда болуы, қоғам мен мәдениетттің өркендеуі, сонымен қатар, феодалдардан да және халықтың ішінен де зиялылыар қауымының бөлініп шығуы болып табылады. Бұдан әрі «…барлығы дерлік өз заманының мақсат-мүддесіне сай өмір сүреді, партияларға бөлініп, біреу сөзбен, қаламмен, біреу семсермен, ал енді біреу онымен де басқалармен де бірге болып, практикалық күреске белсене қатысады. Шынында да Европадағы классикалық ренессансты Шығыстың немесе мұсылман қайта өркендеуімен салыстыру және олардың ұқсастық жақтары туралы пікір таластырудың қазіргі ғылым дамуының дәрежесінде беретін пайдасы шамалы. Оны өз кезінде . шығыстанушы В.В. Бартольд те атап өткен. Өйткені Европа жағдайындағы ренессанс — классикалық антика заманындағы өнер, ғылым мен әдебиеттегі жетістіктерді бағаламаған «қараңғы орта ғасырдың» қайтадан бойына сіңіріп, пайдалану немесе жоғалтқан, айырылған нәрсені қалпына келтіру» тұрғысында болса, Шығыста қайталанбағандықтың, жаңашылдыктың көрінісі ретінде бой береді. Сондықтан да егер біз дүниенің екі жағындағы қайта өркендеуді салыстырсақ, олардың ұқсастығы жағынан гөрі ерекшеліктері мен айырмашьшықтарына басым көңіл аудару қажет. Ренессанс мәселесі туралы тарихнамада Шығыстағы «өркендеуге» батыстық немесе эллинистік көзқараспен қарастырушылар да, сонымен қатар, керісінше бұл бағытты сынаушылар да қездеседі. Батыстық тұрғыдағы көзқарастар мұсылман ренсессансындағы ежелгі Европа мәдениеті мен элленизмнің рөлін жоғары, басым етіп көрсетсе, бұл бағытты сынаушылар көне грек мәдениеті әсерін толық жоққа шығармастан бұның себептерін, негізінен Шығыстың өзінен іздестіреді. Бір қызығы, бұл көзқарастардың түйісетін жері — Шығыс ренессансын тек арабтармен ғана байланыс-тырмауында. Біздіңше акиқаты да осы жерден басталады. Мұсылман ренессансын зерттеушілердің осы өрлеуде арабтардың парсыларлың немесе эллинистік грек мәдениеті мен европалықтардың ықпал-әсерлері мен үлестері туралы тоқталып, атап өтуі жиі кездеседі. Осы орайда ортағасырлык түркілердің Шығыс ренессансындағы орны мен үлесінің көрсетілмеуі, ал аталған күнде түркілердің «мұсылман туы астында бүркемеленіп», арабтар болып шығатындығындығын айта кету орынды. Сондықтан, сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мәселелерге көңіл аударайық. Араб халифаты империясының соңғы әулеті аббасидтер X ғасырдың ортасында әлсіреп, өздерінің маңайындағы түркілерден құралған әскери қолбасшылардың ықпалына түсе бастады. 945 жылдан бастап Халифат тек Бағдадтағы сарайда тұрып, монғол шапқыншылығына дейін іс жүзінде мемлекет басқарудан қалды. Тарихта халиф Мансұр (726-766) тұсында-ақ түркілердің халифат маңайында көрнекті орын ала бастағанын көруге болады. Мысалы, тохаристандық түркілерден Бармакқұлы Халит пен Яхьяұлы екеуінің салдырған сарайлары мен ұйымдастырғаи кітапханалары парсы, грек және санскрипт тіліндегі ғылыми шығармалар мен философиялық кітаптар арабшаға көптеп аударылды(3,190б). Бағдад манайындағы Самарра мен Египеттегі Каир және Ел-Катай қалалары халифаттағы түркілер өркениетінің орталықтары десек қателеспейміз. Самарра IX ғасырдың соңына қарай 33 шақырымға созылған, түркілер тұратын калаға айналған болатын. Ондағы әсем архитектуралык кұрылыстарды (бұдан былай санат дейміз негізінен түркілер салды. Самарра санатындағы көптеген өрнектер мен құрылыс өңдеу техникаларының әдістері арабтар, гректер Византия калаларында болмаған, керісінше, біздің эрамызға дейінгі дәуірден келе жатқан азиялық скифтер меи алтайлық түркілердікі болып шығады(4,143б). 865-905 жылдары түркі командашысы Ахмед Тулун Мысырды билеген кезінде түркілер шоғырланған Ел-Катай мен Каир қалалары мәдениет өркениетін бастарынан кешірді. Ел-Катайдағы мешіт, сарай, мәдениет үйлерін салуда ағаш және гипс материалдарын қолдану жоғарыда аталған Самаррадағыдай түркілердің әдіс-тәсілдері аркылы жүргізілді. Ерекше атап өтетін нәрсе, ісләм мәдениетіне тән және оның ең бір «шұрайлысы» болып табылатын санаты – «Арабеск» осы Самаррада туындағаны белгілі(5,15б.). Халифаттың күші шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде түркі қолбасшыларының ер жүрек, батыл даңқтысы – Бежкем болды. Ол аз ғана, 300 шақты жасағымен халифаттың Вавилон аймағын билеп тұрды. Халиф исламның шиит бөлігіне қарсы күресте Бежкемге сүйенді. Ол Бағдадтан шииттерді қуып, халифтің сеніміне ие болды. Қабәлетті және ер жүрек қолбасшы екендігін Бежкем әсіресе Сирия мен Месопатамияны билеген Хамдинидтер әулетінің өкілдерімен күресте танытты. Мысалы, ол өзінің 290 түркілерден құралған жасағымен әл-Баридидің 10 мыңдық әскерін жеңіп шықты (6,35б.). Негізінен түркілер шоғырланған халифат құрамындағы аудандардың елдегі саяси маңызды күшті болды. Бағдадтың бас судьясы – «кади өзін орнынан аламын деген халифқа «егер ол Хорасанға шағымданса бүкіл халифаттың іргес шайқалатындығымен»(7.20б.) қорқытуы кездейсоқ емес еді. Сот, құқық істерін жүргізуде де Халифат аудандарын басқарған түркі тектес басқарушылар дінге негізделген «кадилік» жүйеден гөрі демократиялық құрылымнан тұратын азаматтык құқық органдарына сүйенді.
Өркениеттің қай саласында болмасын: басқару, сот, білім, ғылым және т.б. ортағасырлық түркілер белсене ат салысты, ал тіпті кейбірінде жетекші орын алғандықтары да байқалады. Оларды толық дәлелдеуге әлі де көлемді зерттеулер қажеттігі айтпаса да түсінікті. Басшылары түркі әулетінен шыққан халифат құрамындағы қала адамдарының демалу, көңіл көтеру орындары қазіргі өркениеттілік тұрғыда ұйымдастырылғаны байқалады.