Түркістан автономиясы және Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне талдау жасаңыз. Түркістан автономиясы - 1917 жылы қарашада Түркістан мұсылмандарының IV төтенше съезі шешімімен жарияланған, аймақ мұсылмандарының өзін-өзі басқаруын мақсат тұтқан «Ресейдің автономиялы өлкесі». Оған қазіргі Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан сияқты елдердің кей аймақтары кірген. Автономия үкіметінің алғашқы басшысы Мұхамеджан Тынышбаев 1918 жылы қаңтарда өз еркімен қызметтен кетіп, орнына Мұстафа Шоқай сайланған.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет.1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін