Түркістан облысы жағдайында май бүршақ дақылының өнімділігі мен сапа көрсеткіштеріне тыңайтқыштардың әсері



бет2/2
Дата18.07.2020
өлшемі55,74 Kb.
#75367
түріДиплом
1   2
Байланысты:
Баяндама Анель

Зерттеу жұмысының мақсаты. Перспективалық, өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, жергілікті топырақ-климат жағдайына бейім, қауашақтары жарылмайтын, бәсекелестікке қабілеті жоғары өінмді майбұршақ сорттарын экологиялық сынақтан өткізу. 

Кәдімгі сұр топырақтың агрофизикалық, құнарлық көрсеткішіне, майбұршақ дақылының жаңа сорт үлгілерінің өнімділігіне минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратының әсерін анықтау және тәсілдерін жасақтау мақсатталған. 

Зерттеудің негізгі міндеттері. 

-  Оңтүстік Қазақстан өңіріне бейім, ауруларға, зиянкестерге төзімді жаңа сорт үлгілерін бөліп алып, сорттық агротехнологиялық жүйесін жасақтау; 

-  минералдық тыңайтқыштардың және адаптоген препаратының суармалы кәдімгі сұр топырақ құнарлығына әсері; 

-зерттелінетін минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратының майбұршақ дақылының жаңа сорт үлгілерінің өсуі мен дамуына және өнімділігіне әсерін анықтау; 

- майбұршақ дақылының жаңа сорт үлгілерінің қолданылған минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратына байланысты сапа көрсеткішінің өзгеруі

- қолданылған минералды тыңайтқыштармен адаптоген препаратының экономикалық тиімділігі. 

                   


Зерттеу жұмысы 2018-2019 жылдар аралығында Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Тассай тірек бекетіндегі егіншілік бөлімінің аудармалы егіс алқабында жүргізілді. Тәжірибе жүргізілген аймақ Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Түркістан облысының топырақ-климат жағдайы, жер бедері әртүрлі болуымен ерекшеленеді.

Түркістан облысының климат ерекшелігі күрт континенталды, күн радиациясының молдығы және жоғары жылуымен ерекшелінеді. Қарастырылып жатқан белдеудегі 8-10 ай аралықтағы кезеңінің орташа тәулік температурасы – 00С жоғары. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 185-205  күн аралығында.  

Зерттеу жүргізілген 2018-2019 жылдарда аймақ климатына қысқаша сипаттама беру үшін тәжірибе егісіне жақын маңда орналасқан «Шымкент-Агро» метеостанциясының мәліметтерін келтіріп отырмыз (1-кесте). 

Зерттеу жүргізілген 2018-2019 жылдардағы ауа райы ерекшеліктерін (температуралық режим, жауын-шашын көлемі және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) көп жылдық мөлшермен салыстырғанымызда айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Дегенмен де суармалы егіншіліктегі майбұршақ дақылының бірқалыпты өсіп-дамуы мен өнімнің ойдағыдай түзілуі, өсімдіктің өсу кезеңінде (наурыз-маусым айлары) ауа райының қалыптасуы едәуір ықпал етеді. 


1-кесте – Зерттеу жүргізілген 2017-2019 жылдарды көп жылдық орташа ауа райы мәліметтерімен салыстыру 

 


Жылдар 

Ауа температурасы, оС 

Жауын –шашын мөлшері, мм 

IV 



VI 

VII 

VIII 

IX 

IV 



VI 

VII 

VIII 

IX 

2017 

18,3 

20,3 

25,2 

27,4 

27,6 

17,8 

49,1 

20,8 

18,7 

8,7 

0,3 

0,3 

2018 

13,7 

19,6 

24,7 

26,2 

25,6 

22,3 

84,5 

43,6 

22,4 

6,7 

4,4 

0,4 

2019 

12,1 

21,9 

25,4 

25,5 

27,2 

20,1 

95,4 

43,2 

24,4 

0,0 

0,0 

10,7 

3жылдық орташа 

14, 7

20,6 

25,1 

26,4 

26,8 

20,1 

76,3 

35,8 

21,8 

5,2 

1,6 

3,8 

Көп жылдық 

13,3 

18,5 

23,6 

26,3 

24,9 

19,4 

78 

42 

17 







 

Тәжірибе жүргізілген 2018-2019 жылдары жалпы ауыл шаруашылығы бойынша көктемгі –жазғы кезеңнің ылғалдылығына да қарай жауын-шашын көлемі төмен деп құрғақшылық жылға жатқызғанымен майбұршақтың өсіп-даму кезеңінде түскен жауын мөлшері 162 мм болып, көп жылдық көрсеткіштерден  жоғары  болды. Бұл дақылдың суармалы жерде өсірілетін өсімдік екенін ескерсек, зерттеу жүргізілген жылдар майбұршақ дақылы үшін қолайлылығымен ерекшеленді. 

Тәжірибе қойылатын танаптың топырағы- кәдімгі оңтүстік сұр топырақ. Топырақ түзуші жыныстары көбіне лесс тәрізді саздақ болып келеді. Топырақ қабаттары әлсіз көрінеді. 

Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% жалпы азот 0.07-0.08 %, бұл көрсеткіштер топырақ қабаты төмендеген сайын азаятынын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты тереңдеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальцидің мөлшері көп болуымен сипатталады. 

Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықтан топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (pH -8.2-8.5) топырақ тұзданбаған. 

Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен –орташа,  фосформен –әлсіз, калиймен –жақсы. 

Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозаңды және сазды фракциядан тұрады. 
2-кесте-Тәжірибе жүргізетін кәдімгі оңтүстік сұр танап топырағының химиялық-физикалық  құрамы 

 


Топырақ қабаты, см 

Жалпы құрамы 

Сулы суспензиялық

РН 


Жылжымалы форма мөлшері, мг/100 г 

Қара шірік, 



Азот 



СО2



Са СО3



Гидролизді азот 

Р2О5 

К2О 

0-10 

1,36 

0,08 

4,8 

10,8 

8,2 

13,3 

2,7 

406 

10-20 

1,18 

0,07 

4,9 

11,0 

8,2 

10,8 

2,7 

439 

20-35 

0,5 

0,05 

6,9 

15,8 

8,3 

6,5 

1,6 

308 

35-50 

0,3 

0,05 

8,7 

19,7 

8,5 



1,4 

320 

50-100 





9,0 

20,5 

8,5 







 

Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ дәлірек майбұршақтан мол өнім алу үшін фосфор және калий тыңайтқыштарымен немесе органико-минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек, адаптаген препаратын қолдану аграрлық ғылымының басым бағытына ие. Бұл суармалы танаптарда өте маңызды. 



Зерттеу бағдарламасы және әдістемесі

 

Отандық және шетелдік селекциясының жаңа сорт үлгілерін Түркістан облысының топырақ климаттық ерекшелігіне байланысты өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, бұршақ қауашақтары жарылмайтын, бәсекелестікке қабілетті сапалы өнімді майбұршақ сорттарын экологиялық сынақтан өткізу үшін Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіншілік және өсімдік шаруашылығы бөлімінде ғылыми-зерттеулер жүргізілді. 



Түркістан облысының топырақ климаттық жағдайына бейім Надежда, Сабира және ГС-674 сорт үлгілерінің өнімділігіне минералды тыңайтқыштар мен адаптогенді қолданудың тәжірибе танабы төмендегі тізбеде салынды (кесте-3). 

 

3-кесте -Салынатын тәжірбие танабының нобайы 



 

Тыңайтқыштар қолданудың нұсқасы 

Майбұршақ дақылының сорт үлгілері 

1.Бақылау(тыңайтқышсыз) 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

2.Адаптоген ПА-2-1 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

3.Р60 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

4.Р60+ адаптоген 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

5. Р60К40+ адаптоген 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

6. Р60К40N35+ адаптоген 

1. Надежда(Қазақстан) 

2. Сабира(Қазақстан) 

3. ГС-674(Қазақстан) 

 

Майбұршақ дақылы ауыспалы егісте күздік бидайдан соң орналастырылып, тәжірбие танабын дәнді-дақылды жиып болысымен екі қабат көлденеңінен сыдра жыртып өңдеді (ЛДГ-10), соңынан ПН-4-35 соқасымен жерді аудара айдалды. Танапты айдар алдында тәжірбие нұсқасына сәйкес фосфор (Р) және калий (К) тыңайтқыштарын топырақ бетіне шашып соңынан тереңдете (27-28см) жер жыртылды. 

Ерте көктемде танапта ылғал сақтау мақсатында және топырақ бетіндегі қатқақты бұзу үшін ауыр тырмалармен БЗТС-1,0 топырақ беті өңделді. Екі аптадан соң арамшөптердің басым бөлігі өскін берген кезде КПС-4 агрегатымен танапты 10-12см тереңдікке қопсыта өңдедік. Сәуір айының үшінші он күндігінің басында екінші рет (КПС-4) топырақты қопсыта өңдеу (10-12см) мен қатар топырақ бетін тегістеу жұмыстарын атқардық. Майбұршақты егер алдында РВК-5,4 үшінші рет топырақ арамшөптерден тазаланып егілді, зерттеулер жүргізілген жылдары сәуір айының соңында (30.04.2018ж) және мамыр айының (03.05.2019ж) бас кезінде СО-4,2 дәнсепкішімен егілді.Қатар аралығы 6х15, яғни бір жүйекке екі қатарлы болып егілді. 

Барлық сорт үлгілерінің тұқымын себер алдында жергілікті түйін бактерияларының штаммасымен Нитрогин биопрепаратымен өңделіп егілді. Тұқым себу нормасы 110 кг/га, әр гектарға 500 мың майбұршақ өскінін қалыптастырдық. 

Зерттеудің зерзаты: 

-Отандық селекциясының 18 жаңа сорт үлгілері: Қазақстан 2309, Гибрид 670, Надежда, Гибрид сарғыш, 148-3, Риза, Сабира, ГС 674, Эврика, 2010, Вита, Нина, Тажан, Искра, Ласточка, Жансая, Радость, Мисула 1092; 

 

-шетелдік селекциясының 14 сорт үлгісі, соның ішінде: 



-Ресей селекциясының 4 сорт үлгісі: Лань, Астра, Руно, Заря; 

Сербия селекциясының 6 сорт үлгісі: Воеводжанка, Зен, Никко, Ана, Полтава, Галина; 

-Франция селекциясының 4 сорт үлгісі: Isidoz, Safrana, Santana, Sponsor. 

Осы аталмыш сорт үлгілері отандық сорт үлгілерімен салыстырмалы (стандарт) зерттелді: Қазақстан 2309, Эврика, Ласточка, және Жансая. 

Сортсынақ тәжірибе танабының көлемі 25,2м2, төрт қайталамалы. 

Майбұршаққа минералды тыңайтқыштар мен адаптогенді қолдануды зерттеу тәжірибе танабы күздік бидайдан соң орналастырылды. Тәжірибенің әрбір нұсқасы 1320 шаршы метр болып қайталану мөлдектерінің ауданы 120 шаршы метр болды. 

Тәжірибеде мынадай бақылаулар, есептеулер мен талдаулар жүргізілді: 


  • майбұршақтың өсуі мен дамуына сәйкес фенологиялық зерттеулер жүргізілуде; 

  • топырақ қабатының 0-30 см қалыңдығындағы қарашірік мөлшері мен химиялық құрамы, тәжірбие танабының әрбір нұсқасынан топырақтың аралас үлгілері алынып Тюрин, Мачигин және Грандваль- Ляжу әдісімен анықталды; 

  • топырақ қабатының тығыздығы майбұршақтың өскін берген кезінде және өнімді жинар алдында Качинский әдісін қолдану көмегімен анықталды; 

  • өсіп-даму кезеңдеріне байланысты топырақты 1 метр тереңдіктегі ылғалдылығы әрбір 10 см қабаты сайын дақылды себер алдында әр 10 күн сайын анықтап суару уақытын және нормасы анықталды;    

  • егістіктегі өсімдік сабағы және тамыр жүйесінің органикалық қалдықтарының құрамы Станков әдістері бойынша анықталды; 

  • жауын-шашын түсімін анықтау, гидрометерологиялық әдіс бойынша жүргізілді; 

  • майбұршақтың биологиялық өнімділігі әрбір нұсқадан төрт қайталама бір шаршы алаңнан бау орып алып есептеулер жүргізілді; 

  • зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу Б.А.Доспеховтың дисперсиялық талдау әдісімен анықталып, есептеулер жүргізілді; 

Зерттеу жүргізілген егіс танаптарында ауыспалы егіске және егу тәсіліне байланысты нәтижелер жылда күзде әрбір тәжірибе нұсқасының 0-30 см тереңдіктен топырақ үлгілері алынып, құрамындағы қарашірік, азот, фосфор, калий қоректік заттары зертханалық әдіспен анықталды. Егіс алқаптарының топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері мен қоректік химиялық элементтер төмендегі 5-кестеде келтірілген. 

 

4-кесте – Минералды тыңайтқыштармен адаптоген препаратын қолданудың күңгірт сұр топырақтың құнарлық көрсеткішіне әсері 



 

Тәжірибе нұсқасы 

Көрсеткіштер

қарашірік, % 

3, мг/кг 

P2O5, мг/кг 

K2O, мг/кг 

pH 

1.Тыңайтқышсыз 

(бақылау) 



1,27 

15,5 

9,60 

128 

7,86 

2. Адаптоген   

ПА-2-1 


1,36 

19,1 

13,14 

131 

7,99 

3. Р60 

1,36 

19,5 

19,47 

140 

7,79 

4.Р60К40 

1,37 

20,1 

20,47 

179 

7,98 

5. Р60К40 +адаптоген 

1,39 

22,9 

21,33 

188 

7,85 

6. Р60К40N50 + адаптоген  

1,40 

21,4 

20,0 

190 

7,92 

 

Зерттеу жүргізілген 2018-2019 жылдардағы орташа көрсеткіш бойынша топырақ қабаты кәдімгі сұр болып, сазды және құмдақ қалың қабатты құрылымды құрайды. Күңгірт сұр топырақтың ерекшелігі ол карбонатты көмір қышқылы 6-8% құраса, жеңіл тұздар мен натрий тұзы сұр топырақта болмайтындығы белгілі. Топырақ қабаттары біркелкі, жоғары қабатының құрылымы нашар.  

Осы жылдары тыңайтқыш қолданылмаған бақылау нұсқасында топырақтың аударыла өңделетін қабатындағы қарашірік 1,27% құрады, азот 15,5 мг/кг, Р2О5 -9,60мг/кг, К2О-128 мг/кг. Минералды тыңайтқыштар берілмей тек адаптоген препаратымен тұқымды өңдеген нұсқада екі жылдың аумағында қарашірік 1,36% құрап бақылау нұсқасымен салыстыоғанда 0,09% артқанын, ал нитратты азоттың 3,6 мг/кг, жылжымалы фосфордың 3,54 мг/кг, калий элементінің 3мг/кг артқанын анықтадық. Яғни, адаптоген препараты майбұршақтың алғашқы өскін беру кезеңінен бастап вегетация кезінде тамыр жүйесінің қарқынды шашақтанып дамуына, топырақ құрамындағы қоректік элменттердің өсімдікке сіңімтал етуіне оң ықпал етеді және тамырынадғы түйін бактерияларының көбеюімен қатар атмосфералық азотты жинақтау арқылы өсімдікке сіңіріп биомассаның ұлғаюы оң әсер етті.Нәтижесінде нитратты азот, жылжымалы фосфор және калий элементінің өсімдікке сезімталдығы артты. 

Минералды тыңайтқыштарды Р60К40кг/га және  адаптоген  препара-тымен майбұршақ тұқымын өңдеп өсірген нұсқада топырақ құрамындағы қарашірік 1,39%. Бұл нұсқада топырақ құнарлығын сипаттайтын ең басты көрсеткіш қарашірік бақылау нұсқасынан 0,12%, ал адаптоген қолданған нұсқада 0,03% жоғары болғанын анықтадық. Күңгірт сұр топырақ құрамындағы нитратты азоттың көрсеткіші 22,9%мг/кг, жылжымалы фосфор 21,33мг/кг, калий 188 мг/кг жоғарылап бақылау нұсқасымен салыстырғанда нитратты азот 7,4 мг/кг жылжымалы фосфор 11,73 мг/кг, калий 60мг/кг артты. Демек минералды тыңайтқыштармен адаптоген препаратын қолдану өнімділікті жоғарылатумен қатар топырақ құнарлығын арттыруға оң ықпал етеді. 

Алғы дақыл мен топыраққа тыңайтқыштарды ендіру тәсіліне байланысты зерттеу жүргізілген 2018-2019 жылдары егіс танаптарының қоректік элементтері азот және фосформен төменгі деңгейде, сондай-ақ калий мен орташа қамтамасыз етілгендігімен сипатталады. 

Зерттеулер нәтижесінде тәжірибе жүргізілген жылдары майбұршақ дақылының ең жоғарғы орташа өнім 40,5ц/га ГС-674 буданынан алынды, ең ірі 1000 дәннің массасы 140,4-171,2г Надежда сорт үлгісінен алынған өнім 38,7 ц/га құрады, ал Сабира сорт үлгісі 37,4 ц/га болып, 1000 дәннің массасы да 120,2-133,6 гр төңірегінде ауытқып деңгейлес өнім құрылымы болғанын анықтадық. Демек, минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын бірге қолданғанымызда (Р60 К40 –адаптоген) бақылаудағы өнімділікпен салыстырғанымызда майбұршақ өнімдігі екі есе артатыны айқындалады. 

Минералды, тыңайтқыштарды Р60 К40 N50кг-га нормасында беріліп тұқымды адаптоген препаратымен өңдегенімізді майбұршақ дақылының дән өнімділігі сорт үлгілерінің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес 37,8 ц/га (ГС-674), 37,3 (Надежда), 36,4 ц/га (Сабира) деңгейінде  болғанын анықтадық. Яғни, азот тыңайтқышын үстеп қоректендірілген алтыншы нұсқада өсімдіктердің бойы биіктеп, әр өсімдіктегі қауашақ саны көп болғанымен 1000 дәннің массасы төмендеуінің нәтижесінде бесінші нұсқамен салыстырғанда әр гектардан алынған өнім сәйкесінше 1,4-1,6 ц/га Сабира және Надежда сорт үлгілерінен төмен болғанын байқадық. 

Демек, Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр топырақты жерлерінде минералды фосфор-калий тыңайтқыштары мен адаптоген препаратын пайдалану ең тиімді агротехникалық шара ал вегетацияның бастапқы кезінде үстеп қоректендіру өсімдіктің өсуін жақсартқанымен дән өнімділігін жоғарылатпайтынын анықтадық. 

5-кесте- Минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын қолданудың майбұршақ сорт үлгілерінің өнімділігіне әсері 



Тәжірибе

нұсқасы



Сорт үлгілері

Орташа өнім ц/га

Бақылау

Надежда

20,6

Сабира

19,1

ГС-674

18,5

Адаптоген Па-2-1

Надежда

24,1

Сабира

22,3

ГС-674

24,1

Р60

Надежда

23,9

Сабира

22,1

ГС-674

23,7

Р60 К40

Надежда

33,4

Сабира

32,0

ГС-674

34,9

Р60 К40 + адаптоген

Надежда

38,9

Сабира

37,8

ГС-674

45,5

Р60 К40 50+ адаптоген

Надежда

37,3

Сабира

36,4

ГС-674

38,8

Зерттеулер жүргізілген жылдары бақылау нұсқасында тыңайтқыштар мен адаптоген берілмеген кезде Надежда сорт үлгісіндегі протеин 38,40 % жинақталса, бұршақ құрамындағы майы 20,28% құрады, ал крахмал көрсеткіші 41,67% болды. Сабира сорт үлгісінде сәйкесінше 38,00%;  21,85%; 42,72% деңгейінде қалыптасты. Гс-674 буданында бұл көрсеткіштер тиісінше 39,00%; 21,29% және 45,17% төңірегінде болды. 

Тәжірибе нұсқасының адаптоген ПА-2-1 препаратын қолданған кезде барлық зерттелінген сорт үлгілерінің протеиннің жинақталуы 39,60-40,55% деңгейіне көтерілсе, бұршақ құрамындағы майлылық көрсеткіші 21,35-22,84% төңірегінде жоғарылап дән сапасының артқанын анықтадық. Демек, майбұршақ тұқымын адаптоген препаратымен өңдеген нұсқада өсімдіктің тамыр жүйесінің қарқынды өсуімен қатар, өскіндері қалыпты дамып өнімін жоғарлата отырып және сапа көрсеткіштерінің артуына оң ықпал ететіні айқындалды.  

6-кесте- Минералды тыңайтқыштар мен  адаптоген препаратының майбұршақ сорт үлгілерінің дән сапасына әсері 

 

Тәжіриебе нұсқасы 

Сорт үлгілері 

Протеин, 



Ылғалдылығы, % 

Майлылығы, 



Клетчаткасы, 



Крахмал, 



Күл, 



1. Бақылау тыңайтқышсыз

Надежда 

38,40 

6,28 

20,28 

10,13 

41,67 

6,76 

Сабира 

38,00 

5,55 

21,85 

12,86 

42,72 

6,56 

Гс-674 

39,00 

6,29 

21,29 

9,84 

45,17 

6,58 

2.Адаптоген ПА-2-1

Надежда 

39,85 

6,33 

21,35 

10,00 

40,85 

7,01 

Сабира 

39,60 

5,87 

22,70 

11,75 

42,35 

6,83 

Гс-674 

40,55 

6,48 

22,84 

10,13 

44,10 

6,65 

3. Р60

Надежда 

38,95 

5,95 

22,00 

10,14 

42,10 

6,85 

Сабира 

39,15 

6,00 

22,90 

11,95 

43,25 

6,73 

Гс-674 

39,90 

6,39 

22,95 

10,04 

44,85 

6,38 

4. Р60 К40

Надежда 

39,87 

6,45 

22,15 

11,00 

43,35 

6,80 

Сабира 

39,56 

6,85 

22,70 

13,10 

44,25 

6,85 

Гс-674 

40,14 

6,75 

22,85 

10,15 

45,15 

6,93 

5. Р60 К40 + адаптоген

Надежда 

40,35 

6,11 

22,40 

10,95 

41,85 

6,35 

Сабира 

40,81 

6,05 

22,95 

12,65 

42,13 

6,48 

Гс-674 

41,75 

6,45 

22,85 

10,05 

44,95 

6,85 

6. Р60 К40N50

Надежда 

40,95 

6,80 

22,00 

9,85 

40,90 

6,90 

Сабира 

40,70 

6,91 

23,10 

12,14 

42,35 

6,98 

Гс-674 

41,00 

6,85 

22,05 

10,18 

45,15 

7,03 

Майбұршақ егісіне фосфор тыңайтқышын Р60кг/га берілген нұсқада Надежда сорт үлгісінен жинақталған протеин 38,95 %, Сабира – 39,15% және Гс-674 – 39,90% деңгейінде ауытқып бақылау нұсқасымен салыстырғанда біршама жоғары, ал адаптоген қолданған нұсқадан төмендеу мөлшерде протеин жинақталғанын байқадық. Дегенмен, бұршақ дәнінің майлылығы адаптоген қолданған нұсқамен шамалас болып аз ғана жоғарылады 22,00-22,95%. 

Тәжіриебенің фосфор Р60кг\га, калий К40кг\га тыңайтқыштарын және тұқымды адаптоген препаратымен өңдеген нұсқада Надежда сорт үлгісінен 40,35%, Сабира-40,81%, ГС-674 – 41,75% протеин жинақталып, сонымен қатар осы сорт үлгілерінің майлылығы сәйкесінше 22,40%; 22,95%; 22,85% деңгейінде қалыптасып ең жоғары көрсеткішке жеткенін анықтадық. Яғни, минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын үйлесімді мөлшерде қолданғанда майбұршақтың өнімділік деңгейімен қатар сапасы жоғарылап бәсекелестікке қабілетті өнім өндіруге болады деп тұжырымдаймыз.  

Қандай да ауыл шаруашылығы дақылын өсірудің агротехнологиясының, қолданылған минералды тыңайтқыштардың, жаңа препарат адаптогеннің өнімділік көрсеткіші оған экономикалық баға берумен анықталады.Осы мақсатпен біз бір гектарға егілген майбұршақ дақылын өсіруге қаржылай және тікелей шығын көлемі, сондай-ақ зерттелінген Надежда, Сабира, ГС-647 сорт үлгілерін тыңайтқышсыз өсірілген нұсқада, тек адаптоген препаратын қолданған кезде, фосфор тыңайтқышын Р60кг/га әсер етуші зат есебінде бергенде, фосфор Р60кг/га,  калий К40кг/га қолданғанымызда, Р60, К40 қосымша адаптогенмен тұқымды өндегенімізде, минералды тыңайтқыштардың толық Р60К40N30кг/га беріп тұқымды адаптоген препаратымен өндегенімізде, содан соң топырақты терең жыртуға 25-27 см, егер алдында екі рет өндеуге, СО-4,2 дәнсепкішімен дән егуге, арамшөптермен, зиянкестермен күресу, үстеп қоректендіру, суару, т.с.с шығындарды есептеп, жалпы кеткен шығын мөлшерін анықтадық. 

Зерттеулер жүргізілген 2018-2019 жылдары бір гектарға кеткен тікелей шығын тыңайтқыш қолданылмаған нұсқада 81,2 мың теңге болды, ал адаптоген ПА-2-1 препаратымен тұқымды өңдегенде жұмсалған шығын 1,3 мың теңгеге жоғарылап 82,5 мың теңгені құрады. 

Адаптоген  ПА-2-1 препаратымен тұқымды өңдегенімізде өнімділік көрсеткіші майбұршақтың сорттық ерекшеліктеріне сәйкес 3,2-5,6 ц/га артты, нәтижесінде бір гектардан алынған шартты таза пайда Надежда және ГС-647 буданынан 134,4 мың теңгеге жетті, ал Сабира сорт үлгісінен 118,2 мың теңге  

таза табыс алынды, яғни тыңайтқыш қолданылмаған бақылау нұсқасымен салыстырғанда әр гектардан алынған таза пайда Надежда және ГС-647 сорт  

үлгілерінен тиісінше 30,2-49,1 мың теңгеге артқанын байқадық, ал Сабира сорт үлгісінен небәрі 27,5 мың теңгеге таза табыстың жоғарылағаның анықтадық. 

Демек, адаптоген ПА-2-1 препараты топырақ құрамындағы бар қоректік минералды заттарды майбұршақ дақылының қолдануына оң ықпал етіп, өнімділікті арттырып әр гектардан алынатын таза табысты жоғарылатқанын байқаймыз. 
7-кесте – Майбұршақ сорт үлгілерінің экономикалық тиімділігі 

 

Тәжірібие 

нұсқасы 


 

Сорт үлгілер 



 

Өнім, ц/га 



1ц.өнімнің сатылу бағасы, 

мың/тенге 



1га-дан алынған өнімнің құны, мың/тенге 

1га кететін шығын, мың/тенге 

1га-дан алынған таза пайда, мың/тенге 

Тиімділігі,% 

1.Тыңайтқышсыз 

(ақылау) 



Надежда 

20.6 

9,0 

185,4 

81,2 

104,2 

128,3 

Сабира 

19.1 

9,0 

171,9 

81,2 

90,7 

111,7 

ГС674 

18.5 

9,0 

166,5 

81,2 

85,3 

105,0 

2.Адаптоген 

ПА-2-1 


Надежда 

24.1 

9,0 

216,9 

82,5 

134,4 

162,9 

Сабира 

22.3 

9,0 

200,7 

82,5 

118,2 

143,2 

ГС674 

24.1 

9,0 

216,9 

82,5 

134,4 

162,9 

3. Р60 

Надежда 

23.9 

9,0 

215,1 

93,2 

121,9 

130,7 

Сабира 

22.1 

9,0 

198,9 

93,2 

105,7 

113,4 

ГС674 

23.7 

9,0 

213,3 

93,2 

120,1 

128,8 

4. Р60К40 

Надежда 

33.4 

9,0 

300,6 

97,2 

203,4 

209,2 

Сабира 

32.0 

9,0 

288,0 

97,2 

190,8 

196,3 

ГС674 

34.9 

9,0 

314,1 

97,2 

216,9 

223,1 

5.  Р60К40 

адаптоген         + 



Надежда 

38.9 

9,0 

350,1 

98,5 

251,6 

255,4 

Сабира 

37.8 

9,0 

340,2 

98,5 

241,7 

245,3 

ГС674 

40.5 

9,0 

364,5 

98,5 

266,0 

270,0 

6. Р60К40N30 

адаптоген         + 



Надежда 

37.3 

9,0 

335,7 

103,9 

231,8 

223,1 

Сабира 

36.4 

9,0 

327,6 

103,9 

223,7 

215,3 

ГС674 

38.8 

9,0 

349,2 

103,9 

245,3 

236,1 

Зерттеулер жүргізілген жылдары ең жоғары таза табыс 266 мың теңге ГС-674 буданын өсірген нұсқада фосфор Р60кг/га және калий К40кг/га тыңайтқыштардың топырақты негізгі өндеу алдында, сонымен қатар майбұршақ тұқымын егер алдында адаптеген препаратымен өңдегенде алынды. Осы нұсқада өсірілген Надежда сорт үлгісінен таза табыс 251,6 мың теңге, ал Сабира сорт үлгісінен -241,7 құрап, аталмыш сорт үлгілерінің  биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс тиімділігі тиісінше 270,0; 255,4 және 245,3 % деңгейінде қалыптасқан ең жоғары көрсеткішке жетті. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.Зерттеулер нәтижесінде қауашағы жарылып бұршағы шашылмайтын отандық селекцияның 5 сорт үлгілері бөлініп алынды-Қазақстан 2309, Надежда, Сабира, ГС-670, Ласточка және 3 шет елдік селекциясының сорт үлгілері Воеводжанка және Галина (Сербия), Sponsor (Франция). 



3. Майбұршақ егісінде минералды тыңайтқыштар мен (Р60К40+адаптоген) адаптоген препаратын қолданғанымызда топырақтың өңделетін қабатында (0-30см) қарашірік көрсеткіші 1,39% болып, 0,04% бақылау нұсқасынан жоғарылаған, ал жылжымалы фосфор 21,33 мг/кг, калий 1,28 мг/кг және нитратты азот 22,9мг/кг болып бақылау нұсқасымен салыстырғанда жоғарылағанын анықталды. 

4. Майбұршақ дәнінің ең жоғарғы өнім ГС-674 буданынан алынды-40,5ц/га. Надежда сорүлгісінен алынған өнім 38,7 ц/га құраса осы нұсқада Сабира сорт үлгісінен 37,4ц/га бұршақ дәні жиналып, өнімділіктің бір деңгейде болғанын анықтадық. Тәжірибе танабындағы майбұршақтың ең жоғарғы өнімі минералды тыңайтқышты негізгі өңдеу алдында Р60К40кг/га әсер етуші зат есебінде ендіріп, тұқымды егер алдында адаптоген препаратымен өңделмеген бақылау нұсқасында зерттелген сорт үлгілерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты -18,5-20,6ц/га майбұршақ дәні жиналады немесе өніміділік екі есеге төмендегенін айқындадық. 

5. Адаптоген препаратын қолданғанда бақылау нұсқасымен салыстырғанда әр гектардан Надежда сорт үлгісі 3,5ц/га, Сабира-3,2ц/га, ал ГС-674 буданы 5,6 ц/га қосымша майбұршақ дәні жиналды. 

6. Фосфор (Р60) және Калий (К60) тыңайтқыштары мен көктемде азот тыңайтқыштарын үстеп (N50) қоректендірген нұсқада сорүлгіліренің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ГС-674 буданынан 37,8ц/га, Надежда сорт үлгісінен 37,3ц/га, ал Сабира -36,7ц/га өнім құрап, әр гектардан алынған өнім бесінші нұсқамен салыстырғанда 1,4-1,6ц/га төмен болды. Яғни, азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіру тиімсіз болды. 



7. Тәжірибе жүргізілген жылдары ең жоғарғы шартты таза табыс 266,0 мың теңге ГС-674 буданын өсірген нұсқада фосфор (Р60кг/га) және калий (К40кг/га) тыңайтқыштарын топырақты негізгі өңдеу алдында, сонымен қатар майбұршақ тұқымын егер алдында адаптоген препаратымен өңдегенде алынды. Осы нұсқада өсірілген Надежда сорт үлгісінен таза табыс 251,6 мың теңге, ал Сабира сорт үлгісінен 241,7 мың теңгені құрап, аталмыш сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты өндіріс тиімділігі тиісінше 270,0; 255,4 және 245,3% деңгейінде қалыптасты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет