«Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деп, Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, еліміздің бесігі ол - мектеп. Ал мектеп білім ордасы. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - білім. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман» - деп, М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын бәсекеге қабілетті қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазір біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру. Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды (ЖАТ) информатика пәнін оқытуда келесі шығармашылық тақырып ретінде таңдап алдық: «Мектеп информатика негіздерін оқытудың мақсаты мен міндеті».
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары мен міндеттері - информатиканың ғылымдар жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ескере отырып анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.
Информатиканы оқытудың білім беру және дамыту мақсаты мен міндеті бұл әрбір оқушыларға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы орнықты білім беру, сонымен бірге түрлендіру үрдістері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану және осы негізде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы рөлін ашу.
Мектеп информатика курсының тәрбиелік мақсаты мен міндеті ең алдымен оқушыға есептеуіш техника мен ақпараттық технология құралдарының қоғам мен өркениеттің тұтастай дамуындағы рөлі мен мүмкіндіктеріне түсінік беретін қуатты дүниетанымдық ықпалмен қамтамасыз етіледі. Мектеп информатика курсының оқушылардың ғылыми танымына қосатын үлесі ақпарат туралы түсінікті ғылымның негізгі үш ұғымы, яғни қазіргі дүниенің ғылыми көрінісін құрудың негізінде жататын зат, энергия және ақпарат ұғымдары арқылы қалыптастырумен анықталады.
Жалпы орта білім беретін оқу орындарындағы информатика курсының практикалық мақсаты бұл оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, яғни мектеп бітіргеннен кейін еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру. Бұл мектептегі информатиканың курсы баланың ішкі жан дүниесін байытатын және ақылын дамытатын информатиканың негізгі ұғымдарымен таныстырып қана қоймай, оқушыны компьютерде жұмыс істеуге және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін үйретуге, яғни практикалық бағытталғандығын көрсетеді [1].
Мақсат түсінігінің жалпы философиялық түсіндірмесіне көңіл аударайық: «Мақсат - іс-әрекет нәтижесінің ойша, саналы болжамы. Мақсат тікелей себепші ретінде адамның іс-әрекетінің бағытын реттеп отырады. Мақсаттың мазмұны іс-әрекеттің объективті заңдарынан, субъектінің және қолданылатын құралдардың нақты мүмкіндіктерінен тәуелді болады» [2].
Мектепте информатика саласынан білім берудің жалпы мақсаттары өзінің жалпы дидактикалық мәнісінде көмескі болып қалатын үш негізгі мақсаттар сияқты оқу үдерісіне қойылғанда оқытудың нақты мақсаттарына айналады. Осы жерде информатика пәнін оқытудың нақты мақсаттарын тұжырымдаудың оңай мәселе еместігіне көз жеткіземіз. Мұндай жағдай тек мектеп информатикасына қатысты емес, сондықтан оған дәлелді түсіндіру бар. Мақсат түсінігінің жалпы философиялық түсіндірмесіне көңіл аударайық: «Мақсат - іс-әрекет нәтижесінің ойша, саналы болжамы. Мақсат тікелей себепші ретінде адамның іс-әрекетінің бағытын реттеп отырады. Мақсаттың мазмұны іс-әрекеттің объективті заңдарынан, субъектінің және қолданылатын құралдардың нақты мүмкіндіктерінен тәуелді болады» [3].
Сонымен информатика саласынан мектепте білім берудің мақсаттары мен міндеттері неден басталады және олардың қалыптасуына не әсер етеді? Мектептегі информатика пәнінің нақты мақсаттары мен міндеттері, ең алдымен информатика ғылымы қоғамның осы даму кезеңіндегі іргелі негізін талдауға, оның басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөліне сүйенуі қажет болады. Бұл жерде ең алдымен информатика ғылымының іргелі негіздері қалыптасу және даму күйінде болады, бұл осы күнге дейін жалғасып отырған пікірталастар негізінде оларды бірмәнді емес бағалауға алып келеді. Мектеп пәндерін оқытудың нақты мақсаттары мен міндеттерінің қалыптасуы, сонымен бірге білім беру парадигмасының дамуына әсер етеді, атап айтқанда жалпы орта білім беру стандартына ыңғайларды қалыптастыру және нақтылау, бұдан өз кезегінде әртүрлі ашық субъективті көзқарастар мен пікірлердің қарама-қайшылығы туындайды [4,5].
Сонымен қатар, тек қана саналы, ғылыми негізделген мақсатты таңдау, информатиканы оқытудың алдында тұрған міндеттердің орындалуын жүзеге асыру және оқытудың тиімді тәсілдерін пайдалану негізінде оқу материалын (оқыту мазмұнын) құрастыру мүмкіндігін береді. Информатика саласынан жалпы мектептік білім беру мақсатының дәуірі мен біртіндеп жетілуін мектеп пәнінің алғашқы нұсқасы ЕТН-нен бастап ретпен қарастыру мақсаты мен міндетіне сай келеді.