Алтын пропорция кесіндісінің құрылу шкаласы
Кейінгі ғасырларда алтын пропорция ережесі академиялық
қағидаға айналды. 19 ғ-дың ортасын жаңа алтын қиманы зерттейтін неміс профессоры Цейзинг «Эстетические иследования» атты еңбегін жариялады. Ол алтын қима пропорциясы табиғаттың барлық құбылыстарына және өнерге әмбебап арнап, оны абсолюттеген. Цейзингтің көптеген ізбасарлары және қарсыластары болды. Ол пропорция туралы ғылымын «Математикалық эстетика» деп жариялаған.
12
Пропорцияның құрылымы
Кесіндіні алтын қима қатынасында бөлу.
ВС = 1/2АВ; СД=ВС
|
Кесіндіні алтын қима пропорциясымен бөлетін Е нүктесі жүргізіледі. В нүктесінен АВ кесіндісінің қақ ортасынан бөлінетін перпендикуляр жүргізіледі. Алынған С нүктесі А сызығымен қосылады. Алынған кесіндіден Д нүктесінен аяқталатын ВС кесіндісі кейінге қалады. АД кесіндісі тікелей АВ кесіндісіне теңгеріледі. Осыдан алынған Е нүктесі АВ кесіндісін алтын пропорция арақатынасында бөледі.
Дәл осы кесінділерді Евклид өзінің дұрыс бесбұрыш жасауында қолданылды.
Осыған байланысты жұлдызды бесбұрышта сонымен қатар «алтын қима» қолданылады. Бір қызықтысы бесбұрыштың ішінен бесбұрыш жасап жалғастырсаң, оның қатынастары сақтала береді.Сайып келгенде, жұлдызды бесбұрышта сонымен қатар «алтын қима» қолданылған.
Жұлдызды бесбұрыш пентаграмма деп аталады. Пифагорлықтар өздерінің талисмандары ретінде бесбұрышты жұлдызды таңдады. Ол денсаулықтың символы мен танымдылықтың белгісі ретінде қызмет еттді.
13
Қазіргі уақытта гипотеза бар, оның ең бірінші мағынасы пентаграмма, ал екінші мағынасы «алтын қима». Пентаграмманы ешкім ойлап тапқан жоқ, оны тек көшіріп алды. Бесбұрышты жұлдыздың жеміс ағаштарындағы гүлдердегі бес жапырақ, теңіз жұлдызы тәрізді түрлері бар. Және құбылыстарды табиғат жаратылымдарын адамдар қанша мың жыл бақылап келеді.
Сол себепті, объектілердің геометриялық бейнелеулері – пентаграмма – ертеректен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |