Сатудан келген түсім: кіші наубайхананың дәм келтіретін ингредиенті бар нанның сату бағасы 100 теңге (аймаққа байланысты) болады. Орташа күніне ең аз дегенде 400 дана нан (аймаққа байланысты) сатуға болады, ол күніне 40 000 теңге құрайды, ал жылына 14 400 000 теңге (100×400×360= 14 400 000 теңге) болады.
Тікелей шығындар: егер бір күнде 400 дана нан сатылады десек, онда бір жылда жалпы нан сату көлемі 144 000 дана болады.
SWOT-талдау Күшті жақтары: Қол жетімді баға; наубайхананың өнім түрлерінің көптігі, ережелерді қатаң сақтау, бақылау; жұмыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру; тұтынушылардың сұранысына сай өнім түрлерін ұсыну;
Әлсіз жақтары: Электр энергиясына тәуелділік
Мүмкіндіктер: Өндіріс орнын ұлғайту, имидж қалыптастыру;
Қауіпті жақтары: Өрт қауіпі, бәсекелестерден төнетін қауіптер;
Бір жылға шикізат пен материалдарды алу үшін кететін шығындар теңге
Атауы
Шығыс мөлшері, кг
Баға, теңге/кг
Жиынтығы, теңге
Шикізат пен материалдардыңалғашқы қорының көлемі
Нан пісіретін бидай ұны жоғары, бірінші және екінші сұрыпты