30-жылдардағы Түркия Республикасының халық аралық беделінің тұрақтануы
1930 жылдарда Түркия Республикасының экономикалық жағдайының тұрақ- тануына байланысты оның халықаралық жағдайы да 62 жақсара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы экономика- лық қатынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында кеңес мамандарының көмегімен ірі тоқыма кәсіпорындары са- лынды. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 1936 жылы Түркия Республикасының өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында халықаралық конференция шақырылды. Босфор мен Дар- данелл бұғаздарын бақылайтын халықаралық комиссия таратылып, бұғаздар Түркия Республикасының толық иелігіне қайтарылды. Түркия өз қалауы бойынша бұғаздар жағалауына әскери бекіністер салып, қарулануға еркіндік алды. 1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті.