Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ



бет1/3
Дата02.03.2023
өлшемі23,16 Kb.
#170757
  1   2   3
Байланысты:
Фактчек Турция


Түркиядағы жер сілкінісінде Ататүрік портреттеріне ештеңе болған жоқ
Түркиядағы жер сілкінісінен бірнеше күн өткен соң түркиялық және қазақстандық баспасөз құралдары Түрік республикасының бірінші президенті, танымал саяси қайраткер Мұстафа Кемел (Ататүріктің) дін аман қалған портреттерінің фотосы мен видеосын таратты. Әлеуметтік желідегі кейбір қолданушы Ататүріктің портреттері, бюсттері мен муралдары жер сілкінісі кезінде қирамағанын айтып, мұны саясаткердің тірі кезіндегі қызметі мен жетістіктерімен байланыстырды.
«Мұстафа Кемел Ататүріктің суреттері расымен аман қалған ба?» деген сұраққа жауап бере кетсек
Үкім: Дәлелденбеген
Ашық дереккөздерде Мұстафа Кемелдің жер сілкінісінен қираған ғимараттардағы портреттері мен бюсттерінің жалпы саны туралы баспасөз құралдарында жарияланған суреттерден басқа мәлімет жоқ. Апат аумағында басқа картиналар мен мүсіндермен салыстырғанда Ататүріктің қанша ескерткіші аман қалғанын есептеу де мүмкін емес. Сәйкесінше, тек Мұстафа Кемелдің портреттері мен бюсттері ерекше жағдайларға төтеп бере алады деп мәлімдеуге болмайды. 
Заттардың аман қалуына әсер ететін факторларды да ескеру керек: мысалы, портреттер көтергіш қабырғаларда және жақтауда, ал кітаптар ішіндегіні қорғап қалған шкаф, үстел немесе сөрелерде тұруы мүмкін; жоғарыдағы суреттегі бюст ғимараттың ортасында, қабырғадан алыс орналасуы мүмкін; муралдардың бірі қабырғаның төменгі жағында конструкцияны қорғап тұрған арқалықта салынған; ал басқасы ғимарат қабырғасының ұсақ плиткасынан тұрады, суретке қарағанда жер сілкінісінен аз ғана зардап шеккен (терезелер де, балкон да аман қалған).
Ататүрік жетістіктері мен оның суреттерінің аман қалуы арасында ерекше байланыс барын айту иллюзорлы корреляция көрінісі болуы мүмкін. Иллюзорлы корреляция — оқиғалар арасында айтарлықтай байланыс барын асыра сілтеп көрсетуден байқалатын табиғи когнитивті бұзылыс. Зерттеулер адамда күйзеліс деңгейі жоғары, оқиғаны бақылауы төмен болған сайын олардың иллюзорлы корреляцияға көбірек бейім болатынын көрсетті. Десе де, Мұстафа Кемел — өте танымал адам, «ұлт атасы» («Ататүрік» сөзінің өзі «түріктердің атасы немесе «ұлы түрік» деген мағына білдіреді) және Түркияда оны қатты құрмет тұтады. Сондықтан мемлекет үшін қиын кезеңде адамдардың ерекше адамға байланысты заттарға назар аударып, оған ерекше қасиет беріп жатқаны таң қалдырмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет