Түрксіб ауданы «Д. Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектеп» кмм-нің Шығармашыл ұстаз



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#83730
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Абайтану.бағд.толық.2016ж



Түрксіб ауданы
«Д.Бабаев атындағы №115 жалпы
білім беретін мектеп» КММ-нің
Шығармашыл ұстаз

Қоғамдық -гуманитарлық бағыты,


әдебиет пәні бойынша
9-10-11сыныпқа арналған «Абайтану»
элективті курсының бейімделген
бағдарламасы
Құрастырушы:
Чакакова Бақыт Турсунмаметқызы


Бағдарлама
Абайтану
9-11 сынып оқушыларына арналған

Чакакова Б.Т
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
№115 жалпы білім беретін мектеп
Пікір жазған:
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты,
абайтанушы-Шойынбет Жабал
Түсініктеме хат мазмұны
«Абайтану» 10-11 сыныпты бейінді оқыту курсы болып табылды.
Бағдарлама мемлекеттік білім стандартына негізделіп,қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.
Бағдарлама қазақ халқының ұлы ақыны ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен ақындық жолына жан-жақты шолу жасап, әдеби мұрасын жас абайтанушылар ғылыми тұрғыда зерттеп, талдауларына негізделіп жасалынды.Осы тұрғыдан ақынға қатысты деректер мол.
Абайтану мәселелерімен айналысып жүрген белгілі ғалымдардың,зерттеушілердің пікірлері де еңгізілді.
Абай өмір сүрген дәуір,тарихи ортасы,сол күндегі қоғамдық қарым-қатынас,қазақ сахарасының өзіндік ерекше жағдайлар толығымен қамтылды.
Ұсынылып отырған бағдарлама әдебиетті жалпы және мамандық бойынша оқытуды есепке ала отырып,талданып жасалған.Оқушының қызығушылығын,шығармашылық қабілетін дамыта отырып,Абай тұлғасын кең көлемде әлем әдебиетімен салыстыру мақсатында жасалған.


Мақсаты:
Абай мұрасымен танысу арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына жол ашылуына мүмкіндік тудыру әрі болашақ тіл мамандарына теориялық дайындықты қалыптастыру. Абайды бүгінгі дәуір ұрпағының көзқарасымен таныту.


Міндеті:
1.Шығармашылықпен жұмыс жасауға, әр түрлі материалдарды пайдалана отырып, Абай мұраларын жетік білуге үйрету.
2.Бәсекеге қабілетті, болашақ еңбек қызметіне мақсат қоя білетін, қоғамның қажеттілігін қанағаттындыратын әдебиетшілер мен журналист мамандарын тәрбиелеу.
3.Абай мұраларын жан – жақты талдай отырып, бүгінгі жас абайтанушылардың өз ой – пікірлерін зерделей білуге үйрету.
4.Өз елінің мәдениетін, әдебиетін сүйетін азамат тәрбиелеу.
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі.

Кіріспе
Бейімделген курс пәні,мазмұны,мақсаты мен міндеті.Негізгі кезеңдері.


Жас абайтанушылардың ізденіс жұмыстарына бағыт-бағдар беру.(1 сағат)
«Абайтану» ғылымы.
Абайтанудың қазіргі дәуір талап етіп отырған негізгі міндеттері:Ақын өміріне қатысты деректер.Абайтану мәселелерімен айналысып жүрген белгілі ғалымдар,зерттеушілер,жазушылар,журналистер.(2 сағат)
Абай мұрасының негізін салушылар.
Абайтану ғылымының тарихы.Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген М.Әуезовтің Абай туралы ой-тұжырымдары.( 1 сағат)
Абай өмір сурген дәуірдің ерекшеліктері
Абай заманы,сол дәуірдегі қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәні,халық тағдыры.Абай өмір сүрген дәуірдің шындығы мен ерекшеліктері.Абайдың қоғамдық-әлеуметтік өмірге араласуы,ел басқару қызметі,жер дауы,жесір дауына билік айтуы.(1 сағат)
Абайдың өскен ортасы.
Абайдың балалық,жастық шағы ,айналасы,оның ата-анасы,туған-туыстары.Құнанбай-халық қамқоршысы.Дәркембай мен Базаралының әлеуметтік ортасы.(2 сағат)
Абай және ауыз әдебиеті
Абайдың ауыз әдебиеті мен шешендік өнерден өнеге алуы.Бұхар,Дулат,Шортанбай ақындардың Абайға әсері.(1 сағат)
Абай және шығыс әдебиеті.
Шығыс елдерінің аңыз,тарих,мифтерін танып білуі. «Масғұт», «Әзім әңгімесі», «Ескендір» поэмалары,олардың көркемдік,идеялық ерекшеліктері,философиялық көзқарастары.Шығыс мұрасын игергендегі табыстары және оны қазақ сахарасына лайықты жазуы.(1 сағат)
Абай және әлем әдебиеті.
Орсытың революционер демократы Е.П.Мехаэлиспен танысуы.Орыс классиктерімен ой жалғастығы.Орсыша аудармалар арқылы Гете мен Бойронды білуі.Еуропаның ежелгі заман даналарының туындыларымен танысуы(Сократ,Платон,Аристотель,Спенсер,Дарвин) шығармалары.(2 сағат)
Абайдың мінез-машықтары.
Абайдың балалық шақ,жігіттік кезі,ер ортасы шағындағы мінездері.(1 сағат)
Абайдың ақын-шәкірттері. Абайдың ақындық мектебі.Көкбай мен Абайдың достығы.Абай өлеңдерінің Көкбай атынан таралуы.Ақылбай мен Мағауияның өмір деректері, шығармалары.(2 сағат)
Шәкәрім- Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы.
Шәкәрімнің ақындық,азаматтық қалыптасу ортасы.Лирикасы.Шәкәрім лирикасында Абай дәстүрінің ізі.(2 сағат)
Абай өлеңдеріндегі афоризмдер.
Абайдың адамгершілікке үндейтін,нақылға айналған қанатты сөздері.Ойшыл-ақынның эстетикалық,этикалық,педагогикалық,психологиялық,философиялық ойлары.(2 сағат)
Абай-сазгер.
Абайдың ән әлемі.Сазгерлік,күйшілік өнері.Абай әндерінің мазмұны,түрлері. «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Сегіз Аяқ», «Бойы бұлғаң», Желсіз түнде жаоық ай» т.б
.(1 сағат)
Абай-аудармашы.
Абайдың орыс классиктерінен аударған аудармалары.Абай және Пушкин.Абай және Салтыков-Щедрин.Абай мен Лермонтов үндестігі.Аударма саласындағы Абайдың өзіндік табысы мен жетістігі.(3 сағат)
Абайдың қара сөздері.
Абай қара сөздері-ақын мұраларына қосалған асыл мұра.Қара сөздерін жазудағы мақсаты,олрадың тәрбиелік мәні.Қара сөздердегі білім,еңбек,ғылым,адамгершілік жөніндегі пікірлері.Ақынның гуманистік идеясы.(3 сағат)
Абай –қазақтың бас ақыны. (2 сағат)
Сатира саңлағы.Абай-өз заманының қатал сыншысы.Арнау өлеңдеріндегі тұрмыстық эпиграммалары. «Көжекбайға» , «Күйісбайға», «Қайранбайға», «Көкбайға» өлеңдері.Сықақ өлеңдері.Мысалдары.(1 сағат)
Абай шығармалары ұрпақ аузында.
Жас Абайтанушылардың іздену жұмыстарын,арнау өлеңдерін,сөзжұмбақтарын қорғау. «Өлең-сөздің патшасы сөз сарасы», «Абай және Шәкәрім» шығармаларын жатқа оқу.(2 сағат)
Абай оқуы.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» атты өнер сайысына қатыстыру алдындағы дайындық,Абай оқуларына кандидатура ұсыну.(1 сағат)
Шығарма «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» (2 сағат)
Қорытынды сабақ.Абай еліне саяхат.(1 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет