Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты педкеңесі
Күн тәртібінде:
1 . Баяндама: «Оқу үшін оқытудың жүзеге асыру жолдары» \ Тлеулиева Т. А
2. ІІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы. \ Тоқсанова Ш.К\
3. «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» үміткер оқушылардың дайындығы. Құжаттары. ББД деңгейі. \Сынып жетекшілер
4. Мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейі \ Жумашева Ж
5. “Mektep.edu” платформасындағы жоспарлардың толтырылуы, бағалардың қойылуы\ Ахмет Б. Ө
1. Тыңдалды: Баяндама: «Оқу үшін оқытудың жүзеге асыру жолдары»
Сөйледі: Тлеулиева Т. А
Өмірде үлкен биіктерге жетуді армандайтын адам үнемі өздігінен білім алады және өзін-өзі жетілдіреді. Бұл іс-әрекет тиімді жүргізілгенде ғана нәтиже болады.
Тиімді оқыту –бұл жаңа сапалы білім. Ал сапалы білім ел болашағы үшін маңызы зор. Жаһандану дәуірінде еліміздің келешегі –жас ұрпақтың көш соңында қалмауы бүгінгі ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. Білім, білік деген өздігінен келмейді. Іздену, жаңару жолындағы тынымсыз еңбекпен келері сөзсіз. Ізденіс болмаған жерде даму да болмайды.
Қазіргі ұстаз бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, терең біліммен қаруланған болуы керек. Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты, білім беру –мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Сабақта жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы дп терең білім беруге, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге, уақытты тиімді пайдалануға, сабақты қызықты өткізуге, өтетін тақырып мазмұнын аша білуге жан-жақты жұмыстану керек.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Мұғалім үшін ең маңызды нәрсе –қоғам үшін пайдасы зор тұлға тәрбиелеу үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің оқу мен оқыту тәжірибесінде үнемі өзгертулер енгізуі керек