Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған Маңғыстау облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 2020-2021 оқу жылын ІІІ тоқсанды – 572 оқушымен бастады, ІІІтоқсан ортасында 1 оқушы Республикалық спорт мектебіне ауысуына байланысты -571 оқушымен аяқтады. ІІ тоқсан-571 (354 қыз бала) оқушымен тәмәмдады. Барлығы 26-сынып ,қазақ сыныбы-21, орыс сыныбы-5. Үздіктер саны -71, екпінділер саны -419. Сапа – 86%, үлгерім - 100%. ІІ тоқсанмен салыстырғанда білім сапасы +7 пайызға жоғарылаған.
7-сыныптар-98 %
8-сыныптар-72 %
9-сыныптар-75 %
10-сыныптар -97%
11-сыныптар -92%
ІІІ тоқсан бойынша көптеген сыныптардың білім сапасы өскен. Атап айтқанда: 7 «И», 7 «Ә», 7 «Б», 8 «В», 8 «Г», 8 «Ә», 9 «А», 9 «И», 10 «А», 10 «Г», 10 «Б»
Білім сапасы аздап кеміген сыныптарда бар екен. Атап айтсақ: 8 «А»-17%, 8 «И»-29 %, 9 «Б»-10%, 9 «Ә»-4%, 11 «Г»-10%
Сыныптарыңызда 6-7 пәннен «3» ке шыққан оқушыларыңыз болса, оқу жағдайы туралы мәлімет берсеңіздер.
Мурзабекова А. Б (8 «Б» сынып жетекшісі) 5 оқушым сабаққа қатысуы төмен,(Нұрмұхан Д, Әбдіғали Ж, Нугуметулла Д, Чеден А, Махмуд М) І тоқсанда ескертулер болды , ІІ тоқсанда тағы қайталаулар болды. ІІІ тоқсанда бақылауға алынды. Тапсырмаларды орындамайды, ұстаздардан ескертулер түсті. 5-6 сабақтан «3» ке шықты. Ата-анасына телефон арқылы ескертілді.Педкеңесте қарауларыңызды сұраймын.
Нурбасинова Р.Ш ( мектеп директоры) Мәселесі бар оқушылар болса алдын ала ескертіп, әкімшілікке айтуларыңыз керек. Ата-анасына қызметтік хат жазып ескерту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: