Сергітусәті.
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып, Бойымызды созайық. Белімізді жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр, Солға-солға түзу тұр. Жоғары, төмен қарайық, Қолымызды созайық, Бойымызға күш жинап, Бір шынығып алайық.
− Суқоймалары қандай болады?
Бұл сұраққа жұмбақтар жауап беруге көмектеседі.
Өте алмайсың, өтпейсің, Шетімен жүріп көргейсің. Суы ішуге жарамсыз,
Иісі оның жағымсыз.
(Батпақ)
Өзен туралы мағлұматтарымыз- ды толықтырамыз.
Қимылдарды бірге орындайды.
Жұмбақтарды шешеді.
Табиғат суреттері
Суреттер
12 мин
Қазаным буырқанып тасиды, Астында оты жоқ жанбайды.
(Теңіз) Келеді алыстан,
Ауыл сыртындағы сайдан Ашулы арыстан.
(Өзен)
Жатыр үлкен айна.
(Тоған,көл) Ақ боз атым арынды, Ақ көйлекке малынды. Таудан тасты атқылап, Таудан түсті шапқылап.
(Бұлақ)
Суқоймалары жасанды және табиғи болып бөлінеді. Мына суқоймаларының қайсысы табиғи?
Біз сендермен өзен, көл, теңіз туралы әңгімелестік. Бұл – табиғи суқоймалары. Табиғатта адам қолымен жасалған
жасанды суқоймалары да бар. Бұны адамдар не үшін жасайды?
Сендер теледидардан көрген боларсыңдар, өзен, теңіздермен кемелер жүк тасымалдайды. Өзен су жолымен жүк тасымалдау пойыз және тікұшаққа қарағанда әлдеқайда арзан. Өзендер бір- біріне жақын ағып жатады, бірақ бірінен екіншісіне түсу
мүмкін емес. Онда адам барлық жүкті пойыз немесе тікұшаққа салып екінші өзенге тасымалдау қажеттілігі туады. Бұл қиын әрі қымбатқа түседі. Адамдар бұл мәселені шешу жолын тапты. Өзендер арнасын қазып, оларды суға толтырды. Солай жасанды өзендер пайда болды. Біздің елімізде көптеген каналдар
салынды.
− Каналдардан басқа адам қолымен жасалған тағы қандай суқоймалары бар?
Адамдар терең шұңқырлар қазып, оларды суға толтырады.
− Тоғандар не үшін қажет?
Ауыл тоғандарында үй құстары, қаз-үйректер жүзіп жүреді, балық ауланады. Үйдің қасында суқоймасы болған жақсы,
Сурет арқылы есте сақтауды ұйымдастырады.
Оқулықпен жұмыс.
Сұрақтарға жауап береді.
Табиғатты адам қажетіне пайдалану керек екенін біледі. Бірақ ұқыпты пайдалану табиғатқа жанашырлықты
білдіреді.
Оқулық
Оқулық
оның жағасында демалуға болады. Тоған жағасында қыздырынып, суға шомыламыз.
− Неліктен адамдар өзен жағасына қоныстанады? Қала тұрғыза ма? Өзендердің адам өмірінде маңызы қандай?