Тұрмашева, С. С. Салиш, А



бет47/69
Дата11.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#191046
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
Дүниетану 2-сынып қмж (1)

Барлық оқушылар: әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы әңгімелейді.
Оқушылардың басым бөлігі: топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар: оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 2 мин

– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен барлығыңа сабақта алатын білімдеріңе сәттілік тілеймін және мынадай тілек айтқым келеді:
Сабақта бол ынталы, Байсалды бол, ұқыпты. Бәрін жаз, қалмай,
Тыңда, сөзді бөлмей.

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі.

«Бас бармақ» әдісі

Мұғалімге: интерактивті тақта, электрон- ды қосымша.
Оқушыға: оқулық, оқушы дәптері, суреттер




3 мин
10 мин

Сөйле анық, нақты, Болсын бәрі жақсы. Жауап берсе досың, Сөзді бөлме тосын.


Мұғалім: – Сабағымды бір аңыз-әңгімеден бастайын. Бір күні сұлтан өзінің уәзірлерін сынаққа алайын деді.

  • О, менің нөкерлерім! – деп сөз қатты. Менің сендерге бір күрделі мәселем бар. Кім оның шешімін табады, соны білгім келеді, – деп сұлтан уәзірлерін сарай бағына апарды. Бақтың бір бұрышында, аузында үлкен құлпы бар, тот басқан есікті

көрсетті. «Кім де кім осы есікті ашса, сол менің бірінші уәзірім болады», – деп сөзін қайырады. Бір нөкерлер бастарын шайқап жатса, екіншілері құлпына қарап жатты, үшіншілері сенімсіз- дікпен есікті итере бастады, бірақ олар оның ашылмайтынына сенімді болды. Бірінен кейін бірі артқа шегінді. Бірақ бір уәзір бәрін мұқият қарап, есікке иықпен сүйенді де, қаттырақ итерді. О, керемет! Ол ашыла бастады, алдымен тар саңылау болып, кейіннен есік айқара ашылды.
Соны көрген сұлтан: «Сен бірінші уәзірім боласың, өйткені көріп-естігенге ғана емес, сондай-ақ өзіңнің күшіңе де сенеді екенсің», – деген екен.
Мәтіннің негізгі мағынасын қалай түсінесіңдер? Сабақта бұл аңыз-әңгіме мағынасының көмегі қандай? («Басты ойды көрсет» тәсілі).

  • Балалар, өз күштеріңе сеніңдер және сендердің қолдарыңнан барлығы келеді. Өзіне және өзінің күшіне сенген адамдардың бірі оқымысты ғалым әл-Фараби болды. Ол мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген, бірақ оның аты ғасырлар бойы өшпей, халық есінде сақталып келеді. «Неліктен?» дейсіңдер ме? Себебі әл-Фараби ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан

ғалым.

Аңызды тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.



Смайликтер



СД дискі



Ортасы 20 мин

– Оқулықта берілген (80-бет.) Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған өлең жолдарын оқыңдар.
Өлең жолдарында келтірілген әл-Фараби меңгерген ғылымдарды атап, өз ойларыңды айтыңдар.
Оқулықты ашып, мәтінді кезекпен оқимыз. Оқи отырып, біздің

Оқушылар кезекпенен мәтінді оқиды. Мәтінді оқығаннан кейін сыныпқа
«Сұрағым бар...»
сөздерінен басталатын

Смайликтер

Суреттер
СД дискі







тақырыпқа қатысы бар сұрақтар ойластырыңдар. Оқығаннан кейін «Сұрағым бар...» сөздерінен тұратын сұрақты сыныпқа қойыңдар. Сендердің қойған сұрақтарың оқушыға қиын болса, мұғалім жауап береді. Алған жауапқа өздеріңнің эмоционалды жай-күйлеріңді хабарлайсыңдар:
«Мен қанағаттандым, ...» немесе «Мен қанағаттанбадым, өйткені ...» («Сұрағым бар» тәсілі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет