Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Жазушы М.Әуезов.1943 ж., 25-ақпан»



бет106/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   271
Жазушы М.Әуезов.1943 ж., 25-ақпан».

Бұл өтініштен М.Әуезовтің қоғамда өзінің жоғары орыны бар екеніне сенімі анық аңғарылады. Сонымен қатар қаралатын іске жазушының өз қолымен жазылған «М.Әуезовтің өмірбаяны» да қоса тіркелген. Қаламгердің өз қолымен жазылған әр өмірбаяны құнды. Сондай-ақ мұнда кейбір соны өмірлік деректер де бар. Сондықтан да түгелдей келтіреміз.



«Мен 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысының Шыңғыс болысында (қазіргі Абай ауданы) көшпелі шаруа отбасында тудым. Менің атам Әуез (мен сол кісінің атын алып жүрмін) және әкем Омархан араб әліпбиі бойынша кітапшіл-сауатты адамдар еді. Әкем Омархан 1909 жылы қайтыс болған соң мен бүтіндей Қасымбек ағамның қамқорлығына көштім. Екеуміз де жер басқармасының стипендиясымен оқыдық. 1915 жылы қалалық училищені бітірген соң мен Семей мұғалімдер семинариясына оқуға түстім.

Алғашқы әдеби тәжірибем өлеңнен басталды. Бірақ олар сол кезде де, кейін де баспа бетінде жарияланған емес. 1917 жылы «Еңлік-Кебек» пьесасын жаздым. 1918-19 жылдары «Абай» журналында әдеби-сын мақалаларым жарияланды, сондай-ақ «Ел ағасы» («Попечитель народа»), «Бәйбіше-тоқал» (Жена-соперницы») пьесаларын жаздым. Екеуі де қолжазба күйінше ел арасында кең таралды, әсіресе соңғысы төңкерістің бастапқы жылдарында Қазақстан мен Түркістанның бірнеше қаласында, Семейде, Шымкентте жастардың драма үйірмесінде қойылды. Онда театр жоқ болатын, сондықтан да бұл үйірмелер өздерінің шығармашылық күшімен және репертуарымен қазақ драма театрының негізін қалады. Сөйтіп, 1926 жылы тұңғыш қазақ драма (кейіннен академиялық драма театры деп өзгертілген) театрының шымылдығы менің «Бәйбіше-тоқал» (нағында «Еңлік – Кебек» – Т.Ж.) пьесаммен ашылды.

1919 жылы Семей мұғалімдер семинариясын бітірісімен, сол жылдың аяғында Батыс Сібірде (Семей қаласында) кеңес өкіметі орнасымен мен өзімнің алғашқы қоғамдық-саяси қызметімді бастадым. Губаткомның қазақ бөлімін басқардым. 1922 жылға дейін мен Семей губаткомының президиум мүшесі және губаткомның төрағасы, Қазаткомның президиум мүшесі (Орынборда) сияқты жауапты қызметтер атқардым. Революцияның алғашқы жылдарындағы ұлттық республикаларда қызмет істеудің қиыншылықтары мен сол кездегі партия-кеңес аппараттарындағы әр түрлі ұлтшыл топтар маған кері ықпалын тигізді. Жауапты қызметкер ретінде қалыптаспай жатып ұлтшылдықтың ықпалына түстім, сөйтіп, 1922 жылы ұлтшылдық қателіктерім мен партиялық тәртіпті сақтамағаным үшін мені партиядан шығарды.

1922 жылы күзде мен өзімнің аяқталмаған білімімді жалғастырдым. 22/23 жылы қыста Ташкент университетінде оқыдым, сол жылы күзде Ленинград университетінің тарих-филология факультетіне (ол кезде этнолого-лингвистика, кейіннен Ямфак деп аталды) ауыстым. Ленинград университетін 1928 жылы бітірдім, Ташкентке ауысқаннан кейін Шығыстану факультетінің аспирантурасында білімімді одан әрі жалғастырдым, Таяу шығыс әдебиеті мамандығы бойынша мамандандым.

Университетте марксизм-ленинизмнің негізімен танысуым (1926-27 жылдардан бастап) менің бұрынғы ұлтшыл қателіктерімді жеңіп, одан арылуға ықпал жасады, 1932 жылы РАПП таратылғаннан соң өзімнің бұрынғы идеялық ұстанымдарымды батыл сынап, Қазақстан жазушыларының қатарына өттім. Содан бері «Октябрь үшін», «Тартыс», «Айман-Шолпан», «Түнгі сарын», «Тас түлек», «Алма бағында», «Шекарада», «Ақ қайың», «Абай» пьесаларын жаздым. «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан», «Шекарада», «Абай» және ертеректе жазылған «Еңлік-Кебек» пьесалары Қазақстанның барлық орталық және барлық облыстық театрларында үзбей қойылып келеді. 1932 жылдан бастап қазіргі кеңестік Қазақстан туралы әңгімелер мен повестер жаздым.

Сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысамын. Қазақ орта мектептеріне арналған бірнеше оқу құралдары жазылды. Қырғыз эпосы «Манас» туралы зерттеулерім бар. Соңғы жылдары аса ірі тұлға, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаев туралы көлемді роман жазудамын. Бұл романның алғашқы кітабі қазақ тілінде 1942 жылы жарық көрді.

Ұлы отан соғысы жылдары «Сын сағатта», Әбішевпен бірге «Намыс гвардиясы» атты пьесалар жаздым. Бұл пьесаларда өзінің социалистік отанын қорғаған Қазақстан жауынгерлерінің батырлық ерліктері көрсетіледі, олар да қазақ театрларының сахнасында жүріп жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет